22
Дәл осындай руханилық Көне Месопотамияда да болды. Тигр мен Евфрат
алқабында (қазіргі Ирак) б.д.д. төрт мың жыл
бұрын өркениетті әлемнің
алғашқы ұлы мәдениеттерінің бірінің негізін салған шумерлер өмір сүрген.
Ур, Урук және Киш қалаларында сына жазу жетілдірілген, алып зиккураттар
(қамал-ғибадатханалар) тұрғызылған, заңдардың, әдебиет пен мифология
-
ның ғажап үлгілері жасалған. Көп кешікпей осы өлкеге семит-аккадтықтар
баса көктеп кіріп, Шумердің тілі мен әдебиетін алады. Біраз кейінірек, ша
-
мамен б.д.д. екі мың жыл бұрын шумер-аккад өркениетін астанасы бертін
-
де Бабыл болған аморейлер бағындырады. Ақырында, араға тағы бес жүз
жыл салып ассириялықтар
көршілес Ашшурды басып алады; олар б.д.д.
сегізінші ғасырда Бабылдың өзін жаулайды. Бірақ бабылдық дәстүр кейін
көне израилдықтар үшін «Уәде Етілген Жер» болған Ханаанның мифологи
-
ясы мен дініне ықпал етіп үлгереді. Көне әлемнің басқа халықтары сияқты,
бабылдықтар да мәдени жетістіктерін өздерінің тіршілік салтын адамның
мифтік арғы бабаларына ашып көрсеткен делінетін құдайларға тиесілі етті.
Сол себептен Бабыл – құдайлар патшалығының үлгісі, ал оның әрбір ғиба
-
датханасы аспан сарайының көшірмесі саналды. Жоғары әлеммен үзілмей
-
тін байланыс жаңажылдық салтанаттар арқылы
ғасырлардан ғасырларға
жетті, олар б.д.д он жетінші ғасырдан бастап әр жылы аталып өтетін болған.
Мереке нисан (сәуір) айында қасиетті Бабыл қаласында тойланатын еді:
патша тағына салтанатты түрде жайғасатын, ал абыздар оның билігін тағы
бір жылға созуға рұқсатын беретін. Алайда саяси тыныштық осы әлемді жа
-
ратып, ондағы бастапқы бейберекетсіздікті
(хаос)
тәртіпке келтірген құдай
-
лардың ұзақ та салиқалы билігінің бір бөлігі
болғандықтан ғана сақтала
алатын. Осылайша, ғұрыптық әрекеттер жаңа жылдық мейрамның қасиетті
он бір күнінде қатысушыларды әдепкі уақыттан құдайлардың қастерлі де
мәңгі әлеміне алып баратын. Өлім аузындағы
Қарт Жылға арналып құр
-
бандыққа теке (символикалық түрде бүкіл күнә мойнына артылып, далаға
жіберілетін «күнәһар текенің» нақ өзі) сойылатын. Әуелгі бейберекетсіздік
көрінісі ретінде халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына
маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын; содан кейін құдайлар
-
дың қаскөй күштермен шайқасын бейнелейтін
театрландырылған көрініс
23
қойылатын.
Бұл рәміздік әрекеттердің ғұрыптық мәні бар еді: олар Бабыл халқына
өздерінің ұлы өркениетінің негізі болған қасиетті күш –
Достарыңызбен бөлісу: