Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет5/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Homo sapiens 
дегеніміз 
Homo 
religiosus 
екендігіне күмән болмасқа керек деп ойлаймын
.
Адамдар адами 
бітімге ие болған сәттен бастап Құдайға сенумен келеді. Діни наным-
сенімдер де алғашқы өнер туындыларымен бірге пайда болды. Бұл – 
адамдардың құдіреті зор күштерді тыныштандыруы үшін ғана жасалған 
амалы ғана емес. Ең көне наным-сенімдердің өзінде біздің қызықты та 
қорқынышты әлеміміздің ажырағысыз бөлігі болып келе жатқан ғажайып
пен ғайыпты сезіну белгі береді. Тәннің тартатын азабына қарамастан, 
өнер тәрізді, дін де өмірдің мәнін ашуға, құндылықтарын айқындауға деген 
талпынысқа иек артады. Адамдар әрекет ететін басқа салалар секілді, діни 
ортада да қиянатты жағдайлар орын алып отырады; шамасы, біз ондай 
жағдайлардан бостан бола алмайтын сияқтымыз. Қиянат жасау – жалпы 
адам баласының табиғатымен бірге біткен қасиет, сондықтан ол қаһарлы 
патшалар мен қара ниетті абыздардың қаскөйлігімен ғана шектелмейді. 
Расында, қазіргі зайырлы қоғам – адамзат тарихында баламасы жоқ 
сынақ алаңы. Бізді оның соңы немен аяқталарын білу күтіп тұр. Батыстың 
либералды гуманизмі өздігінен туындамайтыны да шындық - бейнелеу 
өнері мен поэзияның сырын ұғуды қалай үйрету керек болса, оған да солай 
бейімдемесе болмайды. Гуманизм – бұл да дін іспеттес, бірақ ол Құдайсыз 
дін, өйткені Жаратушы діндердің барлығында бірдей бола бермейді 
ғой. Біздің дүниедегі адамгершілік мұратымыз да әлдебір ақыл мен жан 
тұжырымдамасына негізделген және дәстүрлі діндердегі сияқты, адам 
өмірінің жоғары мәніне деген сенімге арқау болады.
Бірқұдайшылдыққа негізделген өзара тығыз байланысты үш дін - иудаизм, 
христиандық пен исламдағы Құдай туралы санадағы және тәжірибедегі 
түсініктер тарихын зерттеуге кірісер алдында, мен Құдайды адам 
мұқтаждықтары мен тілектерінің жәй кескінделген нобайы ғана болады деп 
жобаладым. Мен Оны қоғамның түрлі өсу кезеңдеріндегі қорқыныштары 
мен арман-аңсарларының көрінісі деп санадым. Бұл болжамдар түгелімен 


12
теріске шықты деп айтуға болмас, бірақ кейбір жаңалықтар мен үшін мүлде 
тосын жайтқа айналды; әрі мен мұның бәрін осыдан отыз жыл бұрын, діни 
өмірім басталған шақта білмегеніме өкіндім. Мен сол кезде үш діннің 
көрнекті өкілдерінен «Құдайдың өзіңе келуін күтпе, керісінше, Оның 
жаныңда ұдайы бар болуын саналы түрде түйсін» дегенді естігенде, өзімді 
ұзақ тар жол, тайғақ кешулерден құтқарған болар едім. Сол кезде данышпан 
раввиндермен, монахтармен немесе сопылармен таныс болғанымда, олар 
мені Құдайды әлдебір «сыртқы» болмыс деп жорамалдағаным үшін сөгер 
еді. Олар маған Құдайды әдеттегі салқын ақылмен тануға ыңғай беретін 
объективті құбылыс деп үміт артуға болмайтындығын ескертер еді. Олар 
қайсыбір аса маңызды тұрғыдан мұқият мән беріп қарағанда, Құдайдың – 
шындығында да, өзімді соншалықты шабыттандыратын музыка мен поэзия 
секілді шығармашылық қиялдың жемісі екендігін маған міндетті түрде 
айтар еді. Ал қадірменді монотеистердің бәзбірі менің құлағыма іс жүзінде 
Құдайдың жоқ екендігін, алайда, сонымен қатар, «Ол» әлемдегі ең маңызды 
болмыс екендігін сыбырлаған болар еді.
Бұл кітап уақытқа да, өзгерістерге де бағынбайтын Құдайдың нақ Өзінің 
сөзбен жеткізуге келмейтін тарихына арналмаған; бұл – Ибраһимнан 
(Авраамнан) бастап қазіргі күнге дейінгі адам баласының Құдайды тану 
туралы ұғым-түсініктерінің баяны. Құдай туралы адамзат ойының өз тарихы 
бар, өйткені түрлі кезеңдерде түрлі халықтар Оны түрлі елестетіп отырған. 
Құдай туралы бір ұрпақтың ұстанған түсінігі басқасына мәнсіз болып 
көрінуі мүмкін. «Мен Құдайға сенемін» сөздері объективті мазмұннан ада. 
Кез келген басқа сөз тіркесі сияқты, белгілі бір қоғам мүшелері айтқанда 
ғана ол нақты мәнге ие болады. Осылайша, Құдай түсінігінің астарында 
әлдебір өзгермейтін идея жасырулы емес. Керісінше, оның өне бойына 
шалқар мағыналар сыйып тұр, бұл ретте олардың кейбіреулері бір-бірін 
мүлде терістеуі мүмкін, тіпті іштей қарама-қайшылықты болып шығуы да 
ықтимал.
Мұндай құбылмалы сипатсыз Құдай идеясы адамзаттың ой тарихында 
маңызды орындардың бірін иеленбес еді. Құдай туралы түсініктердің бірі 
мәнін жоғалтып немесе ескіріп жатқанда, олар елеусіз ұмытылатын және


13
орнын басқа бір діни ілім басатын. Фундаменталистер, әрине, мұнымен 
келіспейді, себебі фундаментализмнің өзегі тарихқа қарсы және де ол 
Ибраһим, Мұса мен ежелгі пайғамбарлардың Құдайды қазіргі адамдар 
сияқты қабылдағанына сенімді. Дегенмен, біз айтып отырған үш дінге тұтас 
назар аударсақ, оларда Құдай туралы объективті пікірдің жоғы анықталады: 
Оның бейнесін әрбір ұрпақ өзінің тарихи міндеттеріне сай етіп жасап алады. 
Айта кетерлігі, бұл атеизмге де тән, өйткені «Мен Құдайға сенбеймін» сөз 
тіркесі әр тарихи дәуірде өзіндік ерекшелігі бар әрқилы мәнге ие болды. 
«Құдайсыздар» деп аталатындар құдайшылдыққа қатысты әлдебір нақты 
түсінік барын үнемі терістейді. Сонда бүгінгі атеистер сенбейтін Құдай 
кім? Патриархтардың, пайғамбарлардың, философтардың, мистиктердің 
немесе он сегізінші ғасыр деистерінің құдайы ма? Яхудилер, христиандар 
мен мұсылмандар түрлі тарихи дәуірлерде осы құдайлардың барлығына 
табынып келді, әрқайсысын нақты – Інжіл не Құран Құдайы деп атады. 
Шындығында, бұл құдайлардың бір-біріне мүлде ұқсамайтындығына әлі 
көзіміз жететін болады. Оның үстіне, атеизм талай рет өзінше бір өтпелі 
кезең қызметін атқарды. Пұтқа табынушылар Құдай мен Трансценденттілік 
(Тысқары әлем) туралы түбегейлі төңкерістік идеяларға маңдай тіреген 
яхудилер, христиандар мен мұсылмандардың өзін «құдайсыздар» деп 
атаған заман болған. Қазіргі атеизм де заманымыздың талаптарына сай 
болудан қалып бара жатқан «Құдай»-ды терістеу болуы мүмкін ғой?
Дін о дүниемен байланысты болса да мейлінше прагматикалық 
сипатта. Біз әрі қарай Құдай туралы кез келген нақты идея, ең алдымен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет