Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет185/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Lyrical Ballads 
(«Лирикалық балладалар») жариялағаннан бір жыл 
өткеннен кейін Фридрих Шлейермахер (1768-1834) өзінің романтикалық 
мақаласын 
On Religion, Speeches to its Cultural Despirers 
(«Дін туралы мәдени 
атеистермен сұхбаттар») деген атпен Германияда жарыққа шығарды. 
Догмалар иләһи фактілер емес, бірақ «христиан діни әсерлерін тілмен 
айтып түсіндіру»
540
. Діни сенім ақидамен шектелмейді. Ол сезімдік түсінік 
пен іштей мойынсұнуды да қамтиды. Ой мен ақылдың орнын ешкім жоққа 
шығармайды, бірақ бұлар бізді тек алысқа самғатады. Ақылдың шегіне 
келген кезде сезім Жаратушыға сапарымызды жалғастырады. Шлейермахер 
«сезім» туралы сөз қозғағанда үстірт бір сезімталдық жайлы емес, адамдарды 
тылсымға тартқан қасиет туралы толғайды. Сезім – адам ақылына қайшы 
бір құбылыс емес, бізді болмыстың ар жағына әкететін бір серпіліс. Құдай 
сезімі осылайша объективті фактіге шырмалмай, адамның жан дүниесінде 
бой көрсете бастады. 
Батыс теологиясы Фома (Томас) Аквинскийден бері рационализмнің 
маңызына көп мән берді. Бұл үрдіс Реформация дәуірінен кейін бірте-бірте 
арта бастады. Шлейермахердің романтикалық теологиясы тепе-теңдікті 
түзетуге талпынды. Сезім өз-өзінен бір мақсат бола алмайды және дінді толық 
539
Бұл
да
сонда
, 96: 23-28. 
540
Ф
.
Д
.
Е

Шлейермахер
, The Christian Faith, 
ауд

Х
.
Р

Макинтош
пен
Ж
.
С

Стюард
(
Эдинбург
, 1928). 


484
түсіндіре алмайды деген түсінік қанат жайды. Ақыл мен сезім екеуі де бір 
Ақиқатты меңзеп тұрады. Яғни ақиқатты ақыл мен сезімнен тыс тану мүмкін 
емес. Шлейермахер діннің өзегін «нақты сенім сезімі» ретінде танытты
541

Бұл ой он тоғызыншы ғасырда айтылса, діншілдер озық ойшылдардың бәрін 
шіркеуден аластайтын еді. Бірақ Шлейермахер мұнымен адамның Құдай 
алдындағы абыройсыз хәлін меңземейтін. Бұл сөйлем сөзбе-сөз тіршіліктің 
сырына бойлаған кезде іште оянатын құрмет сезімін білдіреді. Мұндай 
шабытқа толы мінез әлемдік адам тәжірибесінің тіл жетпейтін Құдайға 
қатысты ұстамынан бастау алады. Израил пайғамбарларының өзі кие туралы 
ойға бойлағанда осы идеяның ұштығына шыға алмай, теңселіп кететін. 
Уордсуорт сияқты романтиктер осындай құрмет пен рухқа мойынсұну 
сезімін бастан өткерді. Шлейермахердің мақтаулы шәкірті Рудольф Отто 
The 
Idea of the Holy 
(«Қасиеттілік идеясы») атты маңызды кітабында тіршіліктің 
басы мен соңы бар деп сезінбегенін айтып, бұл тәжірибені егжей-тегжейлі 
зерделеді. 
Шлейермахер өмірінің соңында сезім мен адамның дара қасиеттерінің 
маңызы турасында табандап тұруы мүмкін екенін сезінді. Христиан дінінің 
күні өтіп бара жатқан сенімге ұқсай бастағанын аңғарды. Кейбір христиан 
қағидалары жаңсақ тәпсірленді және күмәншілдердің алдында айыбы 
ашыла бастады. Мәселен, Үштік сенім, әне-міне дегенше, үш Құдай бар деп 
жар салатындай жағдайға келді. Шлейермахердің шәкірті Альбрехт Ричль 
(1822 - 1889) бұл қағиданы мифтегі Еленаға айналдырудың нашар бір үлгісі 
деп тапты. Мұны христиан тәжірибесіне ешқандай қатысы жоқ, христиан 
дінінің үндеуін бұзған, шетелдік «гректердің табиғат философиясынан 
шыққан, метафизикалық ұғымдар шоғыры» екенін алға тартты
542
. Сонымен 
бірге Шлейермахер мен Ричль әрбір романтик ақын іштей дұрыс тәжірибе 
иесімін деп сезінгеніндей, әр ұрпақ өкілінің өзіне тән Құдай ұғымын тудыруы 
тиіс екенін ұғына алмады. Грек Әкелер Семит Құдайы ұғымын өздері үшін 
маңызды болсын деп өз мәдениеттеріне сүйеніп танытуға тырысқан еді. 
541
Бұл
да
сонда
, 12 
б

542
Альбрехт
Ритшль
, Theology and Metaphysics, 2. 
басылым
(
Бонн
, 1929), 29 
б



485
Батыс модернистік техника дәуіріне аяқ басқанда ескі Құдай ұғымдары 
жеткіліксіз күйде қалды. Шлейермахер сонда да соңына дейін діни сезім 
ақылдың қарсыласы емес екенін дәлелдеуге тырысып бақты. Ажал төсегінде 
жатқанда былай деді: «Ең терең, қияли ойларды ойлауым керек. Мен үшін 
бұлар ең шынайы діни сезіммен бірдей»
543
. Құдайға қатысты ұғымдар жеке 
діни тәжірибе және сезім мен символға сүйеніп ауыстырылмаса жарамсыз. 
Он тоғызыншы ғасырда ұлы философтар бірінің артынан бірі дәстүрлі 
Құдай көзқарасына, Батыста ықпалды Құдайды сынай бастады. Әсіресе 
«сыртта» объективті болмысқа ие, таңғажайып Құдай көзқарасы олардың 
шамына тиді. Ұлық болмыс ретінде Құдай идеясы Батыста үстемдік етіп 
жатса да, басқа бірқұдайлық дәстүрлердің мұндай теологиядан бөлінгенін 
көреміз. Яхудилер мұсылмандар мен православ христиандар біздің адами 
Құдай идеямыздың тек бір символ ретінде тіл жетпейтін шындығын өтей 
алмаған кезде өздерінің әртүрлі жолдарында табандап тұрды. Барлығы бір 
заманда оның барлығына ақылымыздың жетпегеніне қарағанда, Құдайды 
Ұлы Болмыстың орнына «Ешнәрсе» ретінде танытудың дұрыс екенін алға 
тартты. Ғасырлар бойы Батыс Құдай түсінігінің осы жаратушы көзқарасын 
бірте-бірте жоғалтып алды. Католиктер мен протестанттар «оны» көктегі бір 
диктатор сияқты әрекеттерімізді бақылайтын, біз білетін әлемге қосылған 
басқа бір шындық болған болмыс ретінде қабылдай бастады. Төңкерістен 
кейін әлемдегі көптеген адамдар адам үшін бұл Құдай тұжырымының сәйкес 
емес болып шығуы таңғаларлық емес; өйткені адамдарды абыройсыз құлдық 
пен адам атына қайшы тәуелділікке байлайтын сияқты еді. Он тоғызыншы 
ғасырдың атеист философтары бұл Құдайға қарсы бас көтерсе, оның да 
жарамды себептері бар еді. Олардың сындары замандастарының көбісі 
үшін солай істеуде шабыт берді; «Құдай» туралы өз-өздерінен сұрағанда 
толығымен жаңа бір нәрсе айтып тұрғандай еді, бірақ көбінесе мән бермей 
тарихтағы өткен бірқұдайшылдардың түсініктерін жаңартып жатты. 
Осылайша Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) бір қарағанда 
Каббалаға ұқсайтын философия жетілдірді. Гегель үлкен қателікке ұрынды. 
543
Джон
Маккуайриден
үзінді
, Thinking About God (
Лондон
, 1978), 162 
б



486
Яхудилікті бастапқы Құдай ұғымына жауапты кемел дін ретінде қабыл етті. 
Сондықтан бұл ирониялық сипат алды. Гегельге қарағанда, яхуди Құдайы 
– жан төзгісіз бір Заңға мойынсұнуды қалайтын бір тиран. Иса адамдарды 
мұндай масқара құлдықтан құтқаруға тырысты, бірақ яхудилер сияқты 
христиандар да тұзаққа түсті. Олар иләһи деспот идеясын дәріптеді. Қазір 
бұл варвар Құдайды бір жаққа лақтырып, адамның хәліне зиялы көзқарас 
ұсынудың уақыты келді. Гегельдің Жаңа Өсиетке қатысты көзқарасына 
сүйенген барынша бұрыс яхудилік көзқарасы метафизикалық яхудилік 
қайшылығының жаңа бір түрі еді. Кант сияқты Гегель де яхудилікті дінге 
қатысты бүкіл ағаттықтардың үлгісі деп санады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет