487
The World as Will and Idea
(«Қалау мен идея сипатындағы әлем») кітабы
жарық көрген 1819 жылы Берлинде дәрістерін Гегельдің дәрістерімен бір
уақытқа қойған Артур Шопенгауэр Гегельдің философиясын оптимистік
деп тапты. Шопенгауэр әлемнің функциясында Жаратушының да, ақылдың
да, Құдай мен рухтың да үлесі жоқ деп сенетін. Инстинктіге сүйенген
хайуани тіршілік қалауынан басқа ешнәрсе жоқ. Бұл керітартпа көзқарас
романтизм қозғалысының ең қараңғы рухтарына қатысты айтылды. Бүкіл
діни түсініктерден сонда да теріс айналмайды. Шопенгауэр Үнді діні мен
Буддизм (және әр нәрсенің бос екенін тілге тиек еткен христиандардың)
әлемдегі әр нәрсе бір иллюзия екенін алға тартқан кезде тұтас ақиқатқа
ұласқанына сенді. Бізді құтқаратын Құдай болмағандықтан, тек қана өнер,
музыка, бас тарту қағидасы мен махаббат бізге тыныштық сезімін дарытады.
Шопенгауэрдің яхудилік пен исламды сынайтын уақыты болмады. Өйткені
ол бұл діндерді қарабайыр және бір мақсатқа негізделген тарих көзқарасы
деп санады. Осы арқылы өзінің жорамалын дәлелдеді.
Осы ғасырда
яхудилер мен мұсылмандар Құдайдың көрінісі ретінде қалыптастырған
ескі тарихи көзқарастарын енді қорғаудың мүмкін емес екенін аңғарды.
Көпшілік тарихтың иесі болған Құдайды енді мақұлдай алмайды. Бірақ
Шопенгауэрдің құтылу көзқарасы яхуди мен мұсылмандардың адамдардың
өздері үшін абсолютті бір мән сезімі тудырды деген түсінікке жақын еді.
Адамдардың өз құтылуы жолында үлес қоспаған,
бірақ өздерінен тыс
бір Құдайға толығымен тәуелді деген мәнге келетін Құдайдың абсолютті
үстемдігіне сүйенген протестанттық идеясымен де ешқандай ортақ тұсы
жоқ еді.
Мұндай ескі Құдай қағидалары қате және кемшін деп бірте-бірте
жойылды. Даниялық философ Серен Кьеркегор (1813-1855)
ескі наным-
сенімдер пұтқа айналғандығын алға тартты. Олар өздері үшін мақсат
болып, Құдайдың киелі ақиқатының орнын алды. Шынайы христиан
сенімін беймәлім бір әлемге, қаусаған сенімдер мен күні
өткен мінез-
құлықтан жыраққа, әлемнің бір түкпіріне лақтырып тастаған. Сонымен
қатар басқалары осы ғаламда адамзатты көгерту мен үлкен таңдау идеясын
бітіруді қалады. Неміс философы Людвиг Фейербах (1804-72) танымал