Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет194/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The 
Religion of Reason Drawn from the Sources of Judaism 
(«Яхудилік бастаулардан 
шыққан ақыл діні») (өлгеннен кейін 1919 жылы жарияланды) Коген Құдай 
тек адамдық идея деген ойға бекіді. Сол сияқты «Құдай» сияқты жалаң 
ахлақи идея бізге жұбаныш бола алмайды деген тұжырымға келді. Бізге 
дін көршімізді сүюді үйретеді. Осылайша мұндай сезімдік махаббаттың 
философиялық Құдайына қарсы болуды дін Құдайы деп айтуға болады. 


508
Бұл ойларды Франц Розенцвейг (1886-1929) қолдаған жоқ. Ол 
замандастарынан мүлдем өзгеше яхудилік түсінікті дамытты. Розенцвейг 
тек алғашқы экзистенциалистердің бірі болып қана қоймай, Шығыс 
діндеріндегі жабық идеяларды ашық жеткізді. Жас кезінде яхудилікті 
тәрк етіп, агностик болды. Соңында православ яхудилігіне оралмай тұрып, 
христиан дінін қабылдауды ойлады. Сондықтан тәуелсіз ойларымен 
танылды. Розенцвейг қатал Құдайға құлдық ұрып, тәуелді хәлде бас ұрған 
Тәурат дәстүрін үзілді-кесілді терістеді. Дін тек ахлаққа сүйенбейді, иләһи 
тылсымға иек артады. Қарапайым адамдар үшін трансцендентті Құдаймен 
жолығуға жол бар ма? Розенцвейг бізге бұл кездесудің неге ұқсайтындығын 
түсіндірмейді. Бұл оның философиясының кемшін тұсы. Ол Гегельдің рухты 
адам мен табиғатпен біріктірген еңбегіне сенген жоқ. Адам санасы әлем 
рухының бір көрінісі ғана десек, кемел тұлға бола алмасымыз хақ. Шынайы 
экзистенциалист Розенцвейг әр адамның дара болмыс екенін айрықша 
атады. Адамдар шоғырында бәріміз де үрейлі, жоғалған және жалғыз болып 
қаламыз. Бұл бұлыңғыр қорқыныштан тек Құдай назар салса ғана құтыла 
аламыз. Құдай біздің даралығымызды жоймайды. Кемел санаға жетуге жол 
ашады. 
Қандай да бір антропологиялық жолмен Құдаймен жолығу мүмкін емес. 
Құдай – болмыстың тірегі. Біз табиғатымызға тәуелді болғасын, оны басқа 
бір кісі сияқты өзімсініп, сөйлесіп кете алмаймыз. Құдайды сөз де, ой да 
сипаттай алмайды. Құдай мен адам арасындағы шыңырауды Тәураттың 
ережелері бітеді. Бұлар 
гойимнің 
ойлағанындай, тек тыйым салушы заңдар 
емес. Өз ішіне үңілуге үндейтін, әркімнің болмысындағы иләһи сипатты 
яхудилерге танытқан киелі жоралғы, символикалық әрекеттер. Хахамдар 
сияқты Розенцвейг те «өсиеттердің өз ішінде мәні жоқ, демек, олар - бізді 
киелі Болмыс үшін шектеулі сөздер мен ұғымдардың ар жағына әкеткен 
ашық символдар» деген ойды қуаттады. Бұлар үгіт-насихат арқылы 
мінез-құлықты көркейтуге көмектеседі. Осылайша тіршілігіміздің тірегіне 
жөнелгенде мығым әрі мұқият боламыз. Сондықтан 
мицвот 
автоматты түрде 
істемейді. Оны біреу ыңғайлы күйге келтіру керек, сонда ғана әр 
мицвот
тың
 
сырттан келген бұйрық болуы бітеді. Алайда 
менің 
ішкі мінезімді жария 


509
қылады. Менің ішкі мәжбүрлігімді білдіреді. Тәурат айрықша яхуди діни заңы 
болумен қатар, уахи Израил халқымен шектелмеді. Ол Розенцвейг дәстүрлі 
түрде яхудилерге тиесілі символикалық әрекеттер арқылы Құдаймен 
жолығады, алайда христиан басқаша символдар қолданады. Құдай жайлы 
ілімдер негізінде күнәдан арылтатын сөздер емес, ішкі хәлінің символы. 
Мәселен, жаратылыс пен уахи қағидалары Құдай мен әлем тіршілігіндегі 
шынайы оқиғаларды қаз-қалпында баяндап бере алмайды. Уахи мифтері 
дербес Құдай тәжірибесін тәпсірлейді. Жаратылыс мифтері - тіршілікке 
жан берген Болмыстың Тірегіне тәуелді хәліміз жайлы мағлұматтар. Олар 
адам тіршілігінің мүмкіндігін ишаралайды. Жаратушы ретінде Құдайды 
әрбір жаратылыстың Өзін тануы қызықтырмайды. Алайда Жаратушы, яғни 
бүкіл Болмыстың Тірегі болмаса, адам үшін діни тәжірибенің бір мысқал 
да мәні қалмас еді. Олар тек оғаш оқиғалар легі болып қана көрінер еді. 
Розенцвейгтің әлемдік дін көзқарасы жаңа антисемитизмге жауап ретінде 
туған саяси иудаизмге күмәнмен қарауына жол ашты. Оған сәйкес, Израил 
Уәделі мекенді емес, Мысырды жайлаған халық болған. Тек күнделікті 
өмірмен байланысын үзіп, саяси қатынасқа түспесе, ажалсыз ел ретінде 
тағдырын жазар еді. 
Алайда өршіген антисемитизмнің құрбаны болған яхудилер саяси азаттық 
алуға күштері жетпейтінін айқын аңғарды. Оларды құтқаратын Мессия 
немесе Құдайды күте алмайды. Өз жұртын өздері ғана құтқара алады. 1882 
жылы Ресейдегі алғашқы яхуди сойқырғынынан (геноцидінен) кейін бір 
топ яхуди Палестинаға орналасу үшін Шығыс Еуропадан көшіп кетті. Өз елі 
болғанға дейін яхудилердің кемшін және жат адамдар болып қалатынына 
сенді. Тарихтағы оқиғалар сионистерді өз діндері мен Құдайларының іске 
аспағанына сендіргендіктен, Сионға (Иерусалимнің көне аты) сағыныш 
батыл қозғалысқа айналды. Ресей мен Шығыс Еуропада сионизм Карл 
Маркстың теорияларын қолданысқа енгізген төңкерісші социализмнің 
қосымша бағыты ретінде таралды. Яхуди төңкерісшілер жолдастарының 
патша сияқты антисемит екенін аңғарды. Коммунистік режимде «тағдырымыз 
түзелмейді» деп уайымдады. Олар қателеспеген еді. Давид Бен-Гурион 
(1886-1973) бастаған жалынды жас социалистер шабадандарын жинап, 


510
Палестинаға сапар шекті. Олар мәжусилер үшін үлгілі бір қоғам жасауға, 
социалистік бақыт кезеңінің жаршысы болуға тас түйін бекінді. Басқалары 
мұндай марксистік қиялмен бас ауыртпады. Көрнекті австриялық ойшыл 
Теодор Герцль (1860-1904) жаңа яхуди қозғалысын отаршыл әрекетке 
балады. Еуропа империалистік күштерінің қанатының астынан орын алған 
яхуди мемлекеті ислам шөліндегі дамудың жетекшісіне айналады. 
Дінсіз сипатына қарамастан, сионизм өзін іштей дәстүрлі діни 
терминология ішінде түсіндірді. Ол негізінде Құдайдан ада дін еді. Көне 
құтылу, қажылық пен қайтадан туу сарынынан шабыт алды. Келешекке деген 
құлшыныс пен мистикалық үмітке толы еді. Сионистер өздеріне жаңа ат қою 
дәстүрін де жолға қойды. Ол жанның құтылуы мен жаңаруын білдіретін. 
Осының нәтижесінде алғашқы насихатшылардың бірі Ашер Гинзберг 
өзінің есімін Ахад-га’aм (Халықтың бірі) деп қойды. Енді өзіне өзі билігін 
жүргізе алады. Өйткені Палестинада бір яхуди мемлекетін құру мүмкін 
емес деп ойласа да, өзін ұлттық рухпен үйлестірді. Ол тек Израил халқының 
мәйегі болған Құдайдың орнын алатын «рухани орталықты» қалады. Бұл 
жер «күллі әлем істері үшін жолбасшы» болады, «жүректің түкпіріне» 
жетеді және «әркімнің сезімдерімен байланыс» құрады. Сионистер көне 
діни қағидаларын түрлендірді. Трансцендентті Құдайға бағдар ұстанудың 
орнына яхудилер өздерін жер бетінде кемелдендіру ізденісіне түсті. 
Еврейше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет