бодхисаттваға
мойынсұнуды (
бкахти
) туғызған кезде буддистердің өзін үлкен өзгеріс
жасауға мәжбүрледі. Пайғамбарлар бүкіл қоғамға мейірімді қауым сипатын
дарытпайынша, культ пен табыну жарамсыз деген ойға нық бекіді. Иса,
Павел мен раввиндер көне яхуди идеалдарын бөлісті. Бұларды орындау
үшін иудаизмде үлкен өзгеріс жасауды насихаттады. Құран әділ қоғам мен
мейірімді әлемді Алланың жаңартылған дінінің өзегіне балады. Мейірім
576
Рафаэль
Мергуи
жəне
Филиппа
Симмоноттан
үзінді
, Israel’s Ayatollahs; Meir Kahane and the Far Right in Israel (
Лондон
, 1987
), 43
б
.
534
айрықша бір қасиет. Менмендігіміздің, сенімсіздігіміздің және атадан
қалған соқыр сенімнің шегінен асуды қажетсінеді. Үш Құдай дінінің осы ұлы
стандарттарға қол жеткізу үшін үсті-үстіне сәтсіздікке ұшырауы таңғаларлық
емес. Он сегізінші ғасыр бойынша теистер дәстүрлі Батыс христиандығын
толайым жоққа шығарды. Өйткені ол ашықтан-ашық зұлым және төзімсіз
хәлге жетті. Бүгінгі күн үшін де осыны айтуға болады. Фундаменталист
емес дәстүрлі діндарлардың өзі олардың жауыққан мінезін құптайды. Өз
махаббаты мен жеккөрінішін «Құдайдың» атымен жаба тоқуға құштар. Киелі
жоралғыларға талғаммен қатысқан яхуди, христиан және мұсылмандар
алуан этникалық және идеологиялық қауымдастықтарға жала жауып,
діндерінің іргетасын жоққа шығарып жатыр. Өздерін яхуди, христиан және
мұсылман деп атайтын адамдар әділетсіз қоғамдық жүйені бірдей ақтап
алады. Тарихи таухид Құдай құрбан етуге емес, мейірімге, діни салттарға
емес, сүйіспеншілікке сүйенеді.
Дінді жоралғы деп түсінетін адамдар мен Құдайды мейірім қайнары
деп білетін жандар арасында ерекшелік бар. Пайғамбарлар «ғибадатхана
болса болды» дейтін серіктерін аяусыз сөгетін. Иса мен Әулие Павел
жәрдемсүйгіштігі білініп тұрмаса, саяз салттар құр далбаса деген. Құрғақ
құлшылық бос кернейден немесе шырылдаған қоңыраудан артық емес.
Мұхаммед Құдай бүкіл шынайы діндердің бір шарты ретінде талап еткен
мейірімді мінезді көркейтпей тұрып, Алламен бірге пұтқа табынушылық
құдайларына сыйынуды қалаған арабтармен ат құйрығын кесісті. Римнің
мәжуси қоғамында да осындай бөліну болды. Философтар әлемді өзгертеді
деп сенген үндеуін насихаттап жатқанда, көне салтқа сүйенген діннің
кежегесі кері тартты. Бұл, бәлкім, бір Құдайдың мейірім дініне жүгінген
адамның аз екендігінен болар. Құдай тәжірибесінің бұлжымас этикалық
талабының жүгін көпшілігі арқалай алмайды. Мұса Синай тауынан өсиет
тақталарын әкелгеннен кейін, қауымы дәстүрлі, үрей екпейтін Құдайға,
жұбаныш сыйлайтын аталарының дәстүрімен алтын бұзауға табынуды
жөн көрді. Алтын мүсінді жасауға бас діндар Аарон басшылық етті. Діни
мекемелердің өзі бір Құдайды хабар әкелген пайғамбар мен мистиктердің
уахиларын естімегендей сыңай танытты.
535
Құдайды әр дерттің дауасы, қарапайым өмірдің таңдауы және төзімді
қиял нысаны ретінде қолдануға болады. Құдай идеясын жиі-жиі халықтың
апиыны деп те қолданды. Құдайды әдеттегі болмыс, ажалды пендеден сәл
ғана ілгері жаратылыс деп ойлаған кезде ол қатерлі түсінікке айналады.
Мұндай «Құдай» жеке жәннатында өмір сүреді, бірақ көктегі ұжмақты
жердегі ләззатпен безендіріп тастайды. Сонымен бірге «Құдай» адамдардың
осы дүниеде шоғырлануына және ащы шындықпен жүздесуіне жәрдем
беру үшін қолданылды. Яхвенің мәжуси культінің өзі салт пен мифтегі
киелі уақытқа керісінше, киесіз уақыттағы оқиғаларға араласты деп жаңсақ
танытылды.
Израилдың пайғамбарлары қауымын бұл тарихи оқиғаларда өзін
көрсеткен Құдай атымен жақын саяси бүлік пен өз қоғамдық кемшіліктерімен
жүздесуге мәжбүрледі. Христиан қайта тірілу қағидасы әлемдегі киелі
жерлерде ет пен қанның болатынын алға тартты. Қазір және дереу болған
нәрсеге деген қызығушылық Исламда айтылған: ешкім рухани әрі саяси
кемеңгер Мұхаммед сияқты шыншыл бола алмайды. Алдында көргеніміздей,
мұсылмандардың келешек ұрпағы оның әділетті және таза қоғам құру
арқылы адамзат тарихында иләһи қалаудың көрінетіні жайлы идеяны
құптаған. Ең басынан бері Құдай әрекетке көшуге мәжбүрлеуші ретінде
зерделенді. Алла немесе Яхве болсын, Құдайдың Ибраһимді Харраннан
отбасынан кетуге шақырған сәттен бері дін бұл әлемдегі нақты әрекет пен
көне киелерден қайғылы болса да айырылуды қамтыды.
Бұл айырылу үшін үлкен қайрат қажет болды. Мүлдем бөлек киелі Құдай
сезімі пайғамбарлардың өзін теңселтіп жіберді. Олар қауымнан да осындай
кие мен айырылуды талап етті. Мұсамен Синай тауында сөйлескен кезде
Израил қауымының тауға жақындауына рұқсат етілген еді. Мәжусиліктің
кие көзқарасын бұзып, адам мен Құдай арасына аяқ астынан жаңа бір
сызат түсті. Сол себептен даралықтың айырылмайтын еркіндік санасының
көрінуінің бір нәтижесі ретінде әлемді жатсынудың жасырын күші пайда
болды. Әрі иудаизмде, әрі исламда маңызға ие таухид израилдықтардың
кісілік жауапкершілігін дамытқан Бабылға қуғын-сүргін сәтінде тамыр
536
жайғаны кездейсоқ емес
577
. Раввиндердің әр жердегі әзір бір Құдай
идеясын адамдықтың қол сұғылмас құқысы түсінігін дамытуда яхудилерге
жәрдем беруі үшін қолданғанын көрдік. Сонда да жатсыну үш дінде де қауіп
төндіре берді. Батыста күнәһарлық пен пессимистік антропология әрдайым
Құдай тәжірибесінің жанынан табылды. Иудаизм мен исламда Тәурат пен
шариғат дәстүрінің еш нәрсенің осы заңдарға мойынсұнған адамдары бұл
мақсаттан кері қайтармағандығын көрсек те, сырттан келген заңға сай түрде
гетерономис ретінде көрінген нәрселерге күмән жоқ.
Осылай құлша мойынсұнуды қалаған Құдайдан құтылуды үндеген
атеистер Құдайдың кемшін, бірақ өкінішке қарай, мәлім символына
қарсы шықты. Бұл артығымен кісі сипатты Құдай ұғымына сүйенді. Бұл
Киелі Кітап символындағы Құдай үкімінің сөздік мәніне сүйенген тәпсір
еді және Құдайдың көктегі ұлы қожайын екені туралы жорамал айтылды.
Бұл киелі тиран бейнесі адам құлдарын еріксіз түрде жат заңға бас июге
мәжбүрлейді. 1989 жылдың күзінде өте драмалық сипатта коммунистік
режимдер құлаған кездегідей, халықты қорқынышпен ұстаудың мүмкін
еместігіне көз жетті. Заң шығарушы және билеуші кейпіндегі кісі сипатты
Құдай идеясы постмодернизмге сай келмейді. Сонымен қатар Құдай идеясы
жасанды деп өзеуреген атеистер де әділ емес еді. Яхудилердің, христиандар
мен мұсылмандардың басқа Абсолют ұғымдарын да еске түсіретін, назар
аударуға тұрарлық дәрежедегі Құдай идеясын жетілдіргенін көрдік. Адамдар
адам өмірінде ұлы мән мен құндылық табуға тырысқан кезде санасы бір
бағытқа меңзеп тұрған сияқты көрінеді. Олар бұлай етуге мәжбүр емес. Бұл
адам табиғатына жат.
Сезімдер елеусіз, агрессивті немесе босаң құмарлыққа жол ашатындай
түрде қазірге дейін бұзылмаса, сыни сана тарапынан кейіптеуге мұқтаж.
Құдай сезімі ақылды да қамтыған басқа тебіреніспен бірге тұруы қажет.
Философия тәжірибесі - мұсылмандар, яхудилер, сосын батыс христиандары
арасындағы рационализмнің жаңа культі мен Құдай сенімі арасында
577
Адамның
жауапкершілігі
,
əрине
,
христиан
дінінде
де
маңызды
,
алайда
яхудилік
пен
ислам
,
протестант
реформистері
ашқан
бұл
көзқарас
өздерінде
рұхбан
делдалдың
болмауын
көрсетеді
.
537
байланыс құруға деген талпыныс. Соңында мұсылмандар мен яхудилер
философиядан жырақтап қалды. Олар рационализм әсіресе ғылым,
медицина және математика сияқты эмпирикалық салаларда жарамды, бірақ
ұғымдардан тыс Құдайға қатысты қолдануға болмайды деп шешті. Гректер
мұны түсініп қойған. Олар табиғи метафизикаларына қатысты күмән сезімін
жетілдірді. Құдай таласында философиялық тәсілінің кері кеткен жерлерінің
бірі толығымен өзгеше бір жүйеге тиесілі шындықтың орнына Ұлы болмысты
қарапайым өзге болмыс сияқты түсіндіру жолында еңбек етуі болатын. Сонда
да Құдайдың басқа сезімдермен байланысы болуы тиіс деген тұжырым, тек
мұның болу дәрежесін танытса да, философияның батылдығы маңызды еді.
Құдайды өз киелі аймағында интеллектуалдық оқшаулау осал әрі жасанды.
Бұл адамдар «Құдайдан» шабыт алады деп саналғанындай әрекет ету үшін
байсалдылық пен рационализмнің әдеттегі өлшемдеріне бағынудың қажет
еместігін ойлау мәселесінде батылдандырады.
Әуел бастан философия ғылыммен тонның ішкі бауындай еді. Алғашқы
мұсылман файласуфтарды метафизикалық терминдермен Алла жайында сөз
қозғауға жетелеген сезім олардың медицина, астрономия мен математикаға
деген үлкен сүйіспеншілігі болатын. Ғылым жалпы сипатында үлкен
өзгеріс туғызды және олар Құдайды өз мұсылман бауырларымен бірдей
мәнде түсіне алмағанын аңғарды. Философиялық Құдай ұғымы Құранның
көзқарасынан айқын өзгеше еді. Бірақ файласуфтар сол кезде қауым ішінде
жоғалып кету қаупі бар кейбір түсініктерді аңдады. Осылайша Құран басқа
діни дәстүрлерден гөрі толығымен жағымды қасиетке ие болды. Мұхаммед
бір ғана қауымдастыққа тән жаңа дін құрдым деп ойлаған жоқ. Тура жолды
көрсеткен барлық сенімнің бір Құдайдан келгенін білді. Осыған қарамастан,
тоғызыншы ғасырда ғұламалар бұл ойдан айнып, Ислам культін жалғыз
шыншыл дін деп көрсете бастады. Файласуфтар басқа бір жол арқылы
барғанына қарамастан, ескі эволюциялық көзқарасқа қайта оралды. Бүгін
біздің де осындай мүмкіндігіміз бар. Ғылым дәуірінде Құдай төңірегіндегі
ойымыз аталарымызбен бір жерден шықпайды, бірақ ғылымның сыны
кейбір ескі шындықтарды сараптауда бізге қол ұшын беруі мүмкін.
538
Альберт Эйнштейннің мистикалық дінге қатысты ізденісін көрдік. «Құдай
ойын ойнамас» деген атақты сөзіне қарамастан, өзінің ықтималдылық
теориясының Құдай ұғымына әсер ете алатынына сенбеді. 1921 жылы
Англияға сапары кезінде Кентерберий бас епископы Эйнштейнге
салыстырмалылық теориясының теологиядағы көрінісінің не екенін
сұрады. Эйнштейн былай деп жауап берді: «Еш нәрсе. Салыстырмалылық
толығымен ғылыми тақырып, оның дінге еш қатысы жоқ»
578
. Христиандарды
Стивен Хоукин сынды эволюция ішінен Құдайға орын таба алмаған
ғалымдар қорқытқан кезде, бәлкім, Құдайды әлі біз ойлағандай ғаламды
жаратқан болмыс ретінде антропологиялық терминдер арқылы түсінетін
еді. Шындығында, жаратылысты сол қалпынша, сөзбе-сөз мәнінде түсінуге
болмайды. Жаратушы ретінде Яхвеге деген қызығушылық яхудилер
бойында Бабыл сүргініне ұшырағанға дейін көрінбеген еді. Бұл грек әлеміне
жат ұғым еді:
Достарыңызбен бөлісу: |