526
Өзгелері заманауи әлемнің табысы жайында құлшына сөз қылуға құмар
емес-тін. Адамдарды жекпе-жекке шақырып, Құдайды үстемдігін
қолында
ұстағысы келді. Иезуит Карл Ранер трансцендентті теологияны жетілдірді.
Ол Құдайды ең ұлы құпия, Исаны адамзаттың ең кемел көрінісі деп
сипаттайды. Бернард Лонерган да тылсым мен тәжірибе туралы идеяның
маңызын жеткізді. Сана жәрдемсіз іздеген мақсатына жете алмайды.
Біз үнемі түсінігімізге тосқауыл болған
мінез-құлқымызды өзгертуді
мәжбүрлеген бөгеттерге кезігеміз. Бүкіл мәдениетте адамдар осындай
міндеттерді орындауға мәжбүр болды: ақылды, салауатты, қисынды болу
және
қажет болса, өзгеру. Адамның төл табиғаты, осы себептен, өзіміз
бен танымымызды жаңартуды қалайды және
бұл принцип адамның төл
табиғатын егжей-тегжейлі зерттегенде Құдайдың барлығын көрсетеді. Сол
сияқты швейцариялық теолог Ганс Урс фон Бальтазар Құдайды логика мен
дерексіз ұғымнан емес, өнерден іздеу керек деді. Католик уахиы негізінде
антропологиялық сипатта болған. Данте мен Бонавентура шығармаларын
керемет зерттеп, Бальтазар католиктердің Құдайды кісі кейпінде «көргенін»
дәлелдейді. Жоралғылар, драмалар мен үлкен католик суретшілерінің
шедеврлерін тамашалау Құдайды адамның
рационалистік және дерексіз
жақтарынан ғана емес, сезімдерінен де табуға болатынын көрсетеді.
Мұсылман мен яхудилер қазіргі сәтпен үйлесетін Құдай идеясын табу
үшін өткенге көз салып та көрді. Көрнекті пәкістандық теолог Әбу әл-Кәлам
Азад (1959 ж. ө.) аса үстем болмаса да, үкімін жоғалтпаған және кісі сипатты
болмаса да, пұтқа айналмаған Құдайды көрудің бір жолын табу үшін Құранға
оралды. Бір жағынан, аллегориялық, әшекейлі
және антропологиялық
танымымен, екінші жағынан, Құдайдың теңдессіз екені туралы тұжырымдар
арасындағы теңдікті ишаралап, Құран жайлы тезистің символикалық
құрылымын айқындады. Тағы басқалары Құдайдың дүниемен байланысын
ұғыну үшін сопылыққа жүгінді. Швейцариялық сопы Фритьоф Шюон Құдай
дара
ақиқат болғандықтан, Ол мен әлемнен тыс кемел иләһи құдірет жоқ
екенін көрсету үшін Ибн әл-Арабидің Болмыстың Бірлігі (
Достарыңызбен бөлісу: