532
жеткенін ақылдың күшімен анықтады. Әрі Құдай шынымен бар болмаған
және «сыртта» бейболмыс қана бар деген идея жаңа емес.
Абсолюттің кемшін символдары төзімсіздіктің артуына жол ашады.
Құдай идеясы тарихта апат әкелген әсер үшін қолданылғандықтан, бұл
мығым иконоклассицизм. 1970 жылдардан бергі жаңалықтардың ең айқын
қасиеттерінің бірі Құдайдың үш дінін де қамтыған, ең ұлы әлемдік діндерде
негізінен «фундаментализм» делінген діндарлық типінің белең алуы.
Барынша саяси діндарлық көзқарасы сөздік мәнге сүйенген әрі төзімсіз.
Америка Құрама Штаттарында әрқашан
шектен шыққан және уахиды
жақтаған христиан фундаментализмі өзін «Жаңа ережеге» жалғайды. Оның
өкілдері жасанды түсікті жоюды, ахлақи және қоғамдық тәрбиені дамыту
үшін күреседі. Рейган билеген жылдары Джерри Фолуэллдің «Ахлақи
көпшілігі» таңғажайып саяси табысқа қол жеткізді. Моррис Серулло бастаған
евангелистер Исаның сөздерін сөзбе-сөз түсінетін шынайы діннің маңызды
белгісі мұғжизалар екеніне сенді. Құдай иман келтірген жандардың
дұғаларында қалаған әр нәрсені береді.
Англияда Колин Уркухарт
сияқты фундаменталистер де осындай мәлімдеме жасады. Христиан
фундаменталистерінің Мессияның сүйіспеншілікке толы мейіріміне құрметі
төмен сияқты көрінді. «Құдай дұшпандары» деп тапқан адамдарды асығыс
айыптауға көшті. Яхуди мен мұсылмандардың ақыры жәһәннам оты дейтін.
Уркухарт бүкіл Шығыс діндерін шайтанның шатпағы деуден танбайтын.
Мұсылман әлемінде де осындай оқиғалар өтті. Ол туралы Батыста
да жиі айтылды. Мұсылман фундаменталистері билікті құлатты.
Ислам
дұшпандарын қастандықпен өлтірді немесе өлім жазасымен қорқытты. Дәл
осылай яхуди фундаменталистері Батыс жағалау мен Газа аймағындағы
басып алған жерлерінен араб тұрғындарын қуып шығу мақсатын жариялады.
Қажет болғанда, күш қолданып сол аймаққа орнықты. Осылайша Мессияның
келуіне дайындық жасап жатырмыз деп ойлады. Фундаментализм – бар
жағынан күшке сүйенетін сенім. Осылайша Израил «Әсіреоңшылдар»
қозғалысының экстремист мүшесі раввин Меир Кахане 1990 жылы Нью-
Йоркте саяси себеппен өлтірілгенге дейін былай деді:
533
Иудаизмде бірнеше жолдау жоқ. Бір ғана үндеу бар. Бұл үндеу Құдайдың
қалауын жасау. Құдай кейде соғысқа аттануымызды қалайды, кейде бейбіт
өмір сүруді бұйырады... Бірақ жалғыз жолдау бар: Құдай яхуди мемлекетін
құру үшін
осы өлкеге келуімізді қалады
576
.
«Иисус Навин» кітабының Екінші заң көзқарасына қайта оралу яхуди
дамуының ғасырын жоқ қылды. «Құдайды» басқа халықтың адами құқығын
жатсынатын жағдайға түсірген адасушылықты көрген адамдарды «кеш
болмай тұрып, біз одан құтылайық» деп ойлауы кездейсоқ емес.
Сонымен бірге соңғы бөлімде көргеніміздей,
мұндай діндарлық тек
Құдайдан алыстау ғана. Христиан «отбасы құндылықтары», «ислам» немесе
«киелі мекен» сияқты адамдық, тарихи құбылыстарға діни мән дарыту
мәжусиліктің жаңа түрі ғана. Мұндай жауыққан шыншылдық типі Құдай баяны
бойынша бірқұдайшылдарды үнемі
жолдан тайдырып, күнәға батырды.
Діннің табиғатына жат болғандықтан, жоққа шығарған жөн. Яхудилердің,
христиандар мен мұсылмандардың Құдайы, тайпа Құдайы Яхве өз қауымын
басқалардан бөлектегеннен бері талайсыз оқиға орын алды. Осы тағы қауым
өмір салтына қайта оралған ақырзаман күрескерлері тайпа құндылықтарын
барынша ұлықтап, соқыр сенімімізді күйрететін ұлы құдірет үшін жасанды
мақсаттарын зорлап таңады. Олар ең маңызды
таухид мәселесін жоққа
шығарды. Израил пайғамбарлары Яхвенің көне мәжуси культін жаңартқалы
бері, бірқұдайшылдар Құдайы мейірімнің мәнін уағыздады.
Бұл мейірімнің «Кіндік кезеңде» жаратылған көптеген идеологияның
шешуі сипаты болғанын көрдік. Мейірім мақсаты Будда мен
Достарыңызбен бөлісу: