Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет203/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

ex nihilo 
жаратылыс 341 жылғы Изник мәжілісіне дейін 
христиан дінінің ресми қағидасы емес-тін. Жаратылыс – Құранның басты 
қағидасы. Құдай туралы барлық сөздерде болғандай, бұл – тіл жетпейтін 
ақиқаттың «тәмсілдік» бір «нышаны» ғана (
аят
). Яхуди мен мұсылман 
рационалистері мұны ауыр және күмәнді ілімге балады. Тіпті көбісі жоққа 
шығарды. Сопылар мен каббалистер грек жайылу аналогиясын жөн санады. 
Әр жағдайда космология – әлем төркінінің ғылыми танымы емес, бірақ 
рухани және психологиялық ақиқаттың символикалық тәпсірі. Қорыта келе, 
мұсылман әлемінде жаңа ғылымға қатысты ұсақ-түйек теңселістер бар. Көріп 
отырғанымыздай, дәстүрлі Құдай ұғымына ғылымнан гөрі тарихи оқиғалар 
қауіп туғызды. Сонда да Батыста киелі мәтіндердің сөзбе-сөз мәндеріне 
тәуелді түсінік ұзақ уақыт үстемдік етті. Кейбір Батыс христиандары жаңа 
ғылымның Құдайға деген сенімін әлсіреткенін сезінген кезде, ғылыми 
негіздегі сияқты діни негізде де бөтен емес субъективті Құдай танымын, 
бәлкім, Құдайды Ньютонның ұлы механигі ретінде бейнелеп жатты. 
Ғылымның үндеуі шіркеулерді киелі мәтіндердегі мағынаның символикалық 
құрылымының жаңа бір тәпсіріне жетеледі. 
578
Филипп
Франк
, Einstein: His Life and Times (
Нью
-
Йорк
, 1947), 189-190 
б



539
Кісі сипатты Құдай идеясы бүгінде моральдық, интеллектуалдық, ғылыми 
және рухани себеппен бірте-бірте суық тартып барады. Тайпадағы мәжуси 
күндерінен бері еркек болған, кісі сипатты Құдайды феминистер де 
қабылдай алмады. Сонда да одан «әйелзаты» деп сөз қозғау диалектикалық 
сипаттан бөлек шексіз Құдайды адам категориясына жатқызатындықтан, 
дәл солай шектеуші болып қана қалады. Батыста ұзақ уақыттан бері 
әжептәуір таралған Құдайдың ұлы болмыс ретіндегі ескі метафизикалық 
сипатының да кемшіндігі сезілді. Философтардың Құдай енді күні өткен 
рационализмнің нәтижесі болып қалды. Сондықтан оның барлығының 
дәстүрлі «дәлелдері» істен шықты. Философтардың Құдайдың ағартушылық 
теистері тарапынан кең қабылдануын қазіргі атеизмге жасалған алғашқы 
қадам деп санауға болады. Ескі көк Құдайы сияқты бұл Құдай да адамдар 
мен күнделікті өмірден жырақта. Ол 
Deus Otiosus 
бола алады және біздің 
санамыздан жоғалып кетеді. 
Мистиктердің Құдайы бүгінгі күн үшін ықтимал таңдау сияқты көрінуі 
мүмкін. Мистиктер Құдай бөлек болмыс емес деп дәлелдеп келді. Ол 
шынымен де ешқашан бар болмады және ең дұрысы, оны бейболмыс деп 
атау деді. Бұл Құдай зайырлы қоғамымыздың атеистік рухымен және оның 
Абсолюттің кемшін символдарына деген күмәнмен қатар өрілген. Құдайды 
ғылыми дәлел арқылы көрсете алған, объективті құбылыс деудің орнына 
мистиктер оның болмыс негізіндегі субъективті тәжірибе екенін алға тартты. 
Бұл Құдайға символ арқылы жақындауға және тіл жетпейтін сыр, сұлулық 
пен өмірдің маңызын түсіндіретін басқа үлкен сәулетті символдарға ұқсас 
өнер түрі ретінде көруге болады. Мистиктер осы ақылға сыймайтын ақиқатты 
түсіндіру үшін музыка, би, өлең, роман, әңгіме, сурет, мүсін мен сәулет өнерін 
қолданған. Барлық өнер сияқты мистицизм де сезім мен көрініске қарсы 
қорған болу үшін ақыл мен тәртіпке бағынуы тиіс. Сопылар мен каббалистер 
ұзақ уақыт Құдайдан әйел затына тән сипат табуға тырысқандықтан, 
мистиктердің Құдайы феминистерді де разы қылады. 
Кері кеткен жерлері де бар еді. Саббатай Цви лаңы мен бүгінде 
сопылықтың құлдырауынан кейін яхудилер мен мұсылмандар мистицизмге 
күмәнмен қарай бастады. Батыста мистицизм ешқашан негізгі діни ағымның 


540
көзқарасы болмаған. Протестант және католик жаңашылдар мистицизмге не 
тыйым салды немесе сыртқа тепті. Ғылыми ақыл дәуірі де бұл түсінікке жан 
бітіре алмады. 1960 жылдан бері йога, медитация мен буддизмнен туған 
мистицизмге деген жаңа қызығушылық бар еді. Бірақ біздің объективті, 
эмпирикалық түсінігімізбен оп-оңай үйлесе кетпеді. Мистиктердің Құдайын 
ұғыну оңай емес. Ұстаздан ұзақ жыл тәрбие алып, көп уақытты құрбан қылу 
қажет. Мистик Құдай деп танылған (көбісі есімін еске түсіруден қашады) бұл 
сезімге қол жеткізу үшін адам талмай еңбек етуі тиіс. Мистиктер адамдардың 
бұл Құдай сезімін басқалардың өнер туғызуға бөлген еңбегімен бір деңгейде, 
өздері үшін ойланып туғызғанын жиі айтады. Ұшқыр әуестікке, тұрып тамақ 
жеуге және қас қаққанша байланысқа түсуге дағдыланған қоғамды үйіріп 
әкетпейді. Мистиктердің Құдайы дап-дайын болып қолға түсе қалмайды. 
Бүкіл жамағатқа қолдарын серметкен және тілдерінде сөйлеткен, халықты 
діни оянуға үндеген уағызшы арқылы бірден сезіліп те кетпейді. 
Мистиктердің кейбір мінезін дарытуға болады. Мистик ұласқан биік 
санаға жете алмасақ та, Құдайдың қарапайым мәнде емес екендігін 
білеміз. Мәселен, «Құдай» сөзінің тіл жетпейтін бір ақиқаттың символы 
екенін көреміз. Бізді мистикалық агностицизм, догмалық сеніммен мұндай 
күрделі тақырыптарға аяқ басудан сақтап тұрады. Алайда бұл білім жүректе 
сезілмесе, кісі мінезіне дарымаса, мәнсіз ертегі сияқты көрінуі мүмкін. 
Бояулы мистицизм бір өлеңді оған жазылған сын арқылы білу сияқты 
кемшін кейіпте тұрады. 
Мистицизмнің ұғынуға ауыр соғатын ілім ретінде қабылданғанын көрдік. 
Бұл мистиктер ел-жұрттың жаппай құпияны ұғуын қаламайды деген сөз емес. 
Тылсымның шындығы тек арнайы тәрбиеден кейін ғана сананың сезімдері 
арқылы қабылдануы тиіс. Қисынды, рационалистік қабілетпен кірсе, бұл жол 
басқа бір мәнге айнып кетуі мүмкін. 
Израил пайғамбарлары өз сезімдері мен тәжірибесін Құдаймен 
байланыстырғалы бері, бірқұдайшылдар өздері үшін бір Құдай жасап алды. 
Құдай жүзбе-жүз келіп жолығатын басқа бір болмыс сияқты, ашық құбылыс 
түрінде көрінуі сирек. Бүгінде адамдардың көбісі бұл жаратушы әрекетке 
деген құштарлығын жоғалтып алғандай көрінеді. Бұл жағдай бір апатқа жол 


541
ашпайды. Діни идеялар іске алғысыз болып қалғанда, өз-өзінен жоқ болып 
кетеді. Тәжірибе дәуірінде адамның Құдай түйсігі кәдеге жарамай жатса, 
көштен қалады. Сонда да тарихта адамдар руханият мәйегі болатын жаңа 
символдарды ұдайы туғызып отырды. Адамдар әуестік сезімі мен өмірдің 
киелі мәнін сақтау үшін әрдайым сенім ағымына ілесіп отырған. Қазіргі 
заманның сипатына айналған мәнсіздік, жатсыну, 
аноним 
мен азап, олардың 
«Құдай» не қандай да бір нәрсені, не екені маңызсыз деп ойлап, сенім жасай 
алмаған осы сәтті меңзейтін сияқты. Көпшілік үмітсіздік дертіне түсті. 
Құрама Штаттарда тұрғындардың тоқсан тоғыз пайызының Құдайға 
сенеміз дегенін көрдік. Сонымен бірге Америкада фундаментализмнің, 
уахишылдықтың және радикализмнің «дайын» үстем түрлерінің кең 
таралуы сенімді сетінетті. Қылмыстың көбеюі, есірткіге құмарлық және өлім 
жазасының жандануы да рухани тұрғыдан саламатты қоғамның нышаны 
емес. Еуропада бір кездері адам санасында Құдай тұрса, қазір ол жер босап 
қалған. Бұл құрғақ жалғыздықты Ницшенің өжет атеизмінен барынша бөлек 
түрде алғаш танытқан адамдардың бірі Томас Харди еді. 1900 жылдың 
30 желтоқсанында, жиырмасыншы ғасырдың табалдырығында жазылған 
«Түнектегі шымшық» өлеңінде өмірдің мәні ішінде сенім туғыза алмаған 
рухтың өлімін сипаттайды: 
Шағын бір бақша есігіне сүйендім, 
Аязды түннің түнегінде 
Қыстың қары күннің әлсіз көзін 
Қайғы мен мұңға батырды. 
Шырмауықтай бұтақтары өрмелеп тұрды, 
аспанды перделеп тұрды, 
Сынық арфаның ішегіндей термелеп тұрды. 
Маңайдағы бүкіл адамдар 
Ошақтың басына үйірілді. 
Мекеннің өткір жолдары 
Ғасырдың жалыққан денесі сынды, 
Шұңқырлар - бұлтты көлеңке, 


542
Жел – өлімнің азасындай. 
Тұқым мен төлдің дауысы 
Қаттылық пен құрғақтықтан жиырылған. 
Топырақтағы әрбір рух, 
Мен сияқты зауықсыз 
Сол кезде бір үн шықты, 
Басымның үстіндегі жалаңаш сүргіннен 
Болмашы бір қуаныштың 
Жүректен келген кешкі дұғасы еді; 
Және кәрі шымшық, мінезі әлсіз, арық және ұсақ 
Желден үрпиген мамығы 
Осылай рухын 
Үлкейген қасіретке қосуды жөн көрді. 
Мұндай шабыт толы үнге арналған 
Иләһи жоқ-ты бірақ та
Дүнияуи нәрсе таңдалған 
Жақында әлде жырақта. 
Ол жерде дірілдейтінмін, 
Қайырлы түн тілеп баршаға. 
Естімегем әрі білмейтінмін 
Киелі үмітім бар еді аңсаған. 
Адамдар бостық пен жалғыздыққа шыдай алмайды. Жаңа мән жарату 
арқылы бостықты толтырады. Фундаментализмнің пұттары Құдайдың орнын 
басатындай мықты емес. Жиырма бірінші ғасыр үшін жалынды сенім жасай 
алсақ, бәлкім, кейбір дәрістер мен ескертпелер үшін Құдайдың тарихын 
көзден бір өткеруіміз қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет