Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет196/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

515


516
X
І

ҚҰДАЙҒА
 
ҚҰЛШЫЛЫҚ
 
ЖАЛҒАСА
 
МА
?
Е
кінші мыңжылдықтың соңына жақындаған сайын біз білетін әлем 
жоғалып бара жатқандай көрінеді. Ондаған жыл бойы ғаламшардағы адам 
тіршілігін күйрете алатын қару жасадық деп келдік. Қырғиқабақ соғыс бітсе 
де, жаңа әлемнің тәртібі тудырған қорқыныш бұрынғысынан кем көрінбейді. 
Экологиялық апат қаупімен бетпе-бет келдік. СПИД вирусы ауыздықтауға 
келмейтін дәрежеде қатер төндіріп отыр. Екі-үш ұрпақ ауысқасын, адам 
саны ғаламшарға сыймайтындай деңгейде көбейеді. Мыңдаған кісі азық-
түлік тапшылығы мен қуаңшылықтан өліп жатыр. Бізден бұрынғы толқын 
ақырзаманның жақын қалғанын сезінетін. Біз де қиялға сыймас келешекпен 
жүзбе-жүз келіп отырмыз. Болашақта Құдай идеясы қалай өмір сүреді? 
4000 жыл ішінде ол уақыт талабына сай жағдайға келді, алайда осы ғасырда 
бірте-бірте оны іске алғысыз деп тапқан адамдар саны артып келеді. Діни 
идеяның қызметі сарқылса, дін әлсірей түседі. Бәлкім, Құдай шынымен күні 
өткен бір идея болар. Америкалық зерттеуші Питер Бергер осы уақыт пен 
тарихты салыстырғанда, адамның көбінесе қос стандартқа сүйенетінін тілге 
тиек етеді. Тарих талданып, зерттеуге келген кезде ол қамтитын уақыт бұл 
үрдістен тыс қалады. Қазіргі жағдайымыз абсолютті сәт болып саналады. 
Осылайша «Жаңа өсиет авторлары олардың заманында тамыр жайған 
жаңсақ түйсікке ұрынған сияқты көрінеді, бірақ зерттеуші 
өз 
уақытының 
зердесін саф интеллектуалдық игілікке балайды»
564
. Он тоғызыншы және 
жиырмасыншы ғасыр басындағы дін қарсыластары атеизмді ғылым дәуірінің 
мызғымас жағдайындай көрді. 
564
Питер
Бергер
, A Rumour of Angels (
Лондон
, 1970), 58 
б



517
Бұл көзқарасты мақұлдайтын көп нәрсе бар. Еуропада шіркеулер босап 
қалды. Атеизм енді бірнеше интеллектуал көсем машақат тартып қол 
жеткізген идеология емес, басым көңіл-күйге айналды. Бұрынғы уақытта 
ол әрдайым Құдай туралы белгілі бір идеядан өрбитін еді, алайда қазір 
теизммен байланысын жоғалтып, зайырлы қоғамда өмір сүру тәжірибесіне 
өздігінен үн қату жағдайына келген сияқты. Ницшенің нақұрыс кейіпкерін 
қаумалап, көңіл көтерген тобыр сияқты, көптеген адам Құдайсыз тіршіліктен 
әсер алмайтын күйге жетті. Басқалары оның жоқтығын жағымды жеңілдік 
деп санайды. Арамыздағы өткен шақта діннен бір мезгіл қиыншылық 
,көргендеріміз балалығымызды азапқа толтырған Құдайдан құтылуды 
азаттыққа балаймыз. Ережесіне мойынсұнбаған жағдайда бізді мәңгі 
қарғыспен қорқытқан кекшіл Құдайдың алдында бас имеудің өзі керемет 
көрінеді. Жаңа интеллектуалдық азаттығымыз бар және болмысымыздың 
тұтастығын жоғалтып алғандай сезініп, сенімнің ауыр қағидаларының 
айналасында кібіртіктемей, батыл түрде өз идеяларымызды ұстана 
аламыз. Біз тәжірибемізден кешкен жағымсыз Құдайды яхудилердің, 
христиандардың және мұсылмандардың шынайы Құдайы деп ойлаймыз 
және мұның сәтсіз адасушылық екенін қаперімізде ұстай бермейміз. 
Сондай-ақ қаңырап қалғандай көңіл-күй кешу де бар. Жан-Поль Сартр 
(1905-1980) адам санасындағы Құдайлық саңылау жайында сөз қозғады. 
Соған қарамастан, ол тіпті Құдай бар болған күннің өзінде, Құдай идеясы 
еркіндігімізді жоққа шығарғандықтан, одан бас тарту керек деген ойға 
бекіді. Дәстүрлі дін бізге толық адам болу үшін адамзаттың Құдай идеясына 
мойынсұнуымыз керектігін айтады. Оның орнына біз адамзатты азат 
жаратылыс ретінде көруіміз қажет. Сартрдың атеизмі жұбаныш сыйлайтын 
қағида емес, бірақ өзге экзистенциалистер Құдайдың жоқтығын жағымды 
азаттық деп санады. Морис Мерло-Понти (1908-1961) Құдай таңданыс 
сезімімізді арттырудың орнына, оны іс жүзінде жоққа шығарғанын алға 
тартты. Өйткені Құдай - шексіз кемелдік, сондықтан Бізге өзіміз жасайтын 
немесе ұмтылатын еш нәрсе қалмайды. Альбер Камю (1913-1960) 
табанды атеизмді насихаттады. Адамдар адамзатқа деген ас та төк мейірлі 
жанашырлығын білдіру үшін батыл түрде Құдайды жоққа шығаруы тиіс. 


518
Атеистердің әдеттегідей арқа сүйейтін тіректері бар еді. Құдай өткен шақта 
шынымен жарату әрекеттерінде пайдаланылды; егер ол түрлі сипаттағы 
барлық мәселелерге және күтпеген жағдайларға толымды жауап берсе, 
онда біздің таңданыс немесе жасампаздық сезімімізді су сепкендей басып 
тастар еді. Жалынды әрі жауынгер атеизмнің діни сипаты ескірген және 
ақылға сыймайтын теизмге қарағанда ықпалы әлдеқайда басым болатын.
1950-жылдары Альфред Айер (1910-1991) сияқты логик-позитивистер 
«Құдайға сенудің мәні бар ма, жоқ па?» деген сұрақ қойды. Жаратылыстану 
ғылымдары - білімнің жалғыз сенімді көзі, өйткені оның нәтижелерін 
тәжірибе жүзінде тексеруге болады. Айер Құдайдың бар не, жоқ екенін емес, 
Құдай идеясының мәні бар-жоқтығын сұрады. Оның қалай расталатынын 
немесе жаңсақтығын біле алмасақ, бұл сөздің мәнсіз болатынын алға 
тартты. «Марста дамыған тіршілік бар» деген пікірді қолымыздағы қажетті 
технологиямен растай аламыз. Демек, бұнда мән бар. Дәл осылай дәстүрлі 
түрде көктегі Қарт Кісіге сенген біреу «Мен Құдайға сенемін» десе, мәнсіз 
болмайды. Өйткені мұның дұрыс не жаңсақ екенін өлгеннен кейін білеміз. 
Алайда «Құдайды түсінуге біздің ақылымыз жетпейді» деген кезде ши 
шығады. Немесе «Құдай мейірімді, бірақ оған тіл жетпейді» дегенде 
шатасады. Бұл сөздер өте бұлыңғыр. Оның қалай сыналатынын көру мүмкін 
емес. Сол себептен де мәні жоқ. Айер айтқандай: «Теизм шым-шытырық және 
ішіндегі «Құдай» сөзі бар сөйлемдер мүлдем жарамсыз. Оның жаңсақтығын 
не дұрыстығын растау мүмкін емес. Тіпті иман немесе имансыздық, сенім 
немесе сенімсіздік жайлы әңгіме қозғаудың өзі қисынсыз»
565
. Атеизм де, 
теизм тәрізді, түсініксіз әрі мәнсіз. «Құдай» ұғымынан бас тартуға немесе 
шүбәлануға еш себеп жоқ. 
Фрейд сияқты позитивистер де діни сенімнің ғылымнан үстем келуінде 
бір шикілік бар деп сенетін. 1950 жылдан бері философ-лингвистер Айердің 
«Растау принципінің» тексеруге келмейтінін айтып, логикалық позитивизмді 
сынады. Бүгінде тек физикалық табиғат әлемін түсіндіретін ғылым 
мәселесінде біздің оптимизміміз аз сияқты. Уилфред Кэнтуилл Смит логик-
565
А
.
Ж

Айер
, Language, Truth and Logic (
Хармондсуорс
, 1974), 152 
б



519
позитивистердің тарихта алғаш рет ғылымның табиғи әлемді адамзаттан 
мүлдем бөлек көрген дәуірде өздерін ғалымдар ретінде ұсынғанын 
жеткізді
566
. Айердің бұл тұжырымы ғылымның объективті дәйектерінде 
кәдеге жарайды. Бірақ сан қырлы адам сезімдерін зерделеуге жарамсыз. 
Өлең немесе музыка сияқты дін де мұндай тұжырым мен пікірдің аясына 
сыймайды. Соңғы кездері Энтони Флю сияқты философ-лингвистер діни 
тәпсірден гөрі табиғи түсіндірме табудың ақылға сыятынын алға тартты. Ескі 
«дәлелдердің» күні өтті. Мәселен, әлемнің тәртібі туралы көзқарас жарамай 
қалды. Өйткені табиғи құбылыстардың өз ережесімен немесе сырттан бір 
нәрсе арқылы қозғалып тұрған-тұрмағанын түсіну үшін жүйеден тыс жерге 
шығып бақылауымыз қажет. Адам «кездейсоқ» немесе «кемшін» жаратылыс 
деген тұжырым ештеңені дәлелдемейді. Өйткені кез келген құбылыстың 
таңғажайып болмаса да, ақырғы бір анықтамасы бар. Флю Фейербах Маркс 
немесе экзистенциалистерге қарағанда оптимист емес еді. Ешқандай 
азаптың, ешқандай қаһармандық қарсылықтың керегі жоқ, тек ақыл мен 
ғылымға сыпайы ұмтылыс қана – болашаққа апаратын дара жол. 
Сонымен қатар, бүкіл діндарлардың әлемнің сырын түсіндіру үшін 
«Құдай» ұғымына жүгіне бермегенін көрдік. Көпшілігі барлық дәлел ақылдан 
адастыратын жаңсақ жол деп түйді. Киелі жазбаларды сөзбе-сөз оқып, 
қағидаларды объективті дәйек мәселесі сияқты түсіндіріп әдеттенген Батыс 
христиандары ғылымды қатерлі құбылысқа балады. Өз жүйелері арасынан 
Құдайға орын бермеген ғалымдар мен философтар Құдай идеясына орта 
ғасырда яхудилер, мұсылмандар мен грек православ христиандары тәрк 
еткен алғашқы себеп деп қарайды. Олар іздеген субъективті «Құдай » әркімге 
бірдей объективті құбылыс сияқты дәлелдеуге келмейді. Буддизмдегі 
нирвана тәрізді Ол әлемнің физикалық жүйесіне орныға алмады. 
Ницшенің идеясын құлшына қолдаған және «Құдай өлді» деп жар 
салған 1960-жылдардың радикал теологтары философ-лингвистерден 
де өткір көрінді. Томас Альтицер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет