Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет193/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Religious Philosophy of the Jews 
(«Яхудилердің діни философиясы») 
кітабын жариялаған Самуэль Хирш яхудиліктің мистикалық сипатын көзге 
ілмеген, еркіндік идеясын темірқазық еткен ахлақи және рационалистік 
Құдай баянын ұсынған Израил тарихын жазып шықты. Адам – «мен» дей 
алатын дара болмыс. Оның қасиеті де осында. Өзін тану кісінің дербес 
еркіндігін көрсетеді. Мәжуси діні бұл еркіндікке нәр бере алмайды. Өйткені 
өзін тану нығметі адамзат дамуының ілкі сатыларынан бері көктен беріліп 
келе жатыр. Мәжусилер дербес еркіндіктерінің бастауын табиғаттан тапты. 
Мінсіз пенде болмайтынына бас ұрды. Сонымен бірге Ибраһим мәжуси 
фатализмі мен тәуелділікті жоққа шығарды. Өз-өзінің әміршісі ретінде 
Құдайдың дәргейінде жалғыз тұрды. Мұндай адам өмірдің әр сатысында 
Құдайды табады. Әлемнің иесі - Құдай, ішкі еркіндікке жетуімізге жәрдем 
беру үшін әлемді тәртіпппен жаратты. Әркімнің бұл мақсатқа жетуіне 
Құдайдан басқа ешкім қол ұшын бере алмайды. Яхуди – яхуди еместер 
қыжыртатындай, соқыр бір сенім емес-тін. Әрқашан христиан дінінен де бір 
бас жоғары тұрды. Христиан діні яхудилік элементтерінен арылып, қисынсыз 
мәжусилік пен бос сенімге қайтты. 
Guide for the Perplexed of our Time 
(«Біздің дәуіріміздің адасқақтары үшін 
бағдар») кітабы өлгеннен кейін 1841 жылы жарық көрген Нахман Крохмаль 
(1785-1840) әріптестері сияқты мистицизмнен аулақ тұрмады. «Құдай» 
немесе «рухқа» каббалистер сияқты «ешнәрсе» деуді және Каббалист 
Құдайдың өзін көрсетуін сипаттайтын аналогиясын қолдануды жақсы 
көретін. Яхудилер Құдайға көрсоқыр тәуелділікпен емес, ортақ сана еңбегінің 
нәтижесінде жалғанған деген ойды алға тартты. Ғасырлар бойы яхудилер 
Құдай ұғымын сан ұғымға теліп көрді. Мысырдан көшкен кездегі Құдай бар 
екенін мұғжизалармен түсіндірді. Бабылдан қайтқан кезде яхудилер одан 
да кемел Құдай түсінігіне ұласты. Енді ғажайыптар мен мұғжизалар қажет 


507
емес еді. Яхуди Құдайға табыну ұғымы 
гойимнің 
ойлағаны сияқты құлдық 
сипатқа емес, философиялық идеяға сәйкес келді. Гегель айтқандай, дін мен 
философия арасындағы жалғыз айырмашылық мынада: дін аллегориялық 
тіл қолданса, философия өзін ұғымдар арқылы түсіндіреді. Құдай ол жайлы 
ойларымыздан да биік тұратындықтан, символикалық тілдің қуаты өте қажет. 
Шындығында тіршілік тәжірибеміз дәл осылай субъективті және шектеулі 
болғандықтан, оны бар деп те айта алмаймыз. 
Еркіндікпен келген жаңа сенім 1881 жылы ІІ Николай патшаның 
қарамағындағы Шығыс Еуропа мен Ресейде қуғын-сүргінді антисемитизмнің 
бас көтеруімен есеңгіреп қалды. Бұл Батыс Еуропаға да жайылды. Яхудилерге 
азаттық берген алғашқы ел Францияда 1895 жылы яхуди офицері Альфред 
Дрейфусқа мемлекетке опасыздық жасады деген жаңсақ айып тағылғанда, 
антисемитизм толқыны өршіді. Атақты антисемит Карл Люэгер сол жылы 
Вена қаласы әкімі болып сайланды. Сонымен бірге Германияда Адольф 
Гитлер билікке келмей тұрып, яхудилер әлі қауіпсіз жағдайдамыз деп 
санайтын. Осылайша Герман Коген (1842-1918) әлі Кант пен Гегельдің 
метафизикалық антисемитизмімен шұғылданып жатқандай көрінді. 
Яхудилік соқыр сенім деген айыпқа тосқауыл қоюмен шұғылданған Коген 
Құдай көктегі, өзіне мойынсұнудың бұйырған сырттай ақиқат деген идеяны 
жоққа шығарды. Құдай – тек адам санасында қалыптасқан идея, моральдық 
мақсаттың символы. Жанған көгалдың Киелі Кітаптағы баянын тәпсірлеген 
Коген Құдайдың Мұсаға өзін «Әлемнің әуелі-ақыры, іші-тысы – Мен өзім» 
деп танытқанын, мұның біздің «Құдай» дейтін құбылысымыздың жалғыз 
өзі екендігінің қарабайыр бір түсіндірмесі екенін алға тартты. Мұнда біздің 
тәжірибемізден мүлдем бөлек бір болмыс туралы әңгіме қозғалып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет