504
ескі теологиялық даудың нобайын жасады. Смит бұл стильдің негізінде
сыйлы болғанын және иләһи болмыс білдірген табиғаттың сұлулығы
мен ұлылығының күшті және жанды тілмен сипатталғандығын айтады.
Әл-Дижни Алланың барлығына күмәнданбайды. Мақаласын Құдайдың
барлығын қисынды дәлелдеу деуден гөрі медитация деген дұрысырақ. Батыс
ғалымдарының бұл «дәлелді» жоқ қылуға деген құлшынысын ол ескермеген
де. Бірақ бұл қағиданың күні өткен. Журналдың сатылымы түсіп кетті.
Фарид Вежди 1933 жылы тізгінді қолға алғанда оқырмандар саны екі
есеге артты. Веждидің бірінші ойы оқырмандарды Исламның «жолында»
екеніне иландыру еді. Хусейн ислам Құдай санасындағы шектен тыс идея, ол
ешқандай жәрдемге мұқтаж емес деген еді. Бірақ Вежди исламға адамның
қатерге ұшыраған дәстүрі ретінде қарады. Растау,
бағалау және мақұлдау
– ең негізгі қажеттілік. Уилфред Кэнтуилл Смит Веждидің зерттеуінде
дінге деген терең бір қарсылық жатыр деп мәлімдеді. Ол аталары сияқты
Батыс Исламның ғасырлар бойы ашқан жаңалықтарын үйретіп жатыр деп
дауласты. Бірақ ол Құдайды сирек ауызға алды. Исламдағы адам шындығы
оның басты идеясы еді. Осы дүниелік құндылық шексіз Құдайдың орнын
алды. Смит мынадай тұжырымға келеді:
Исламға, әсіресе тарихтағы исламға сенген адам шынайы мұсылман
емес. Шын мұсылман Құдайдың пайғамбардан уахи жібергеніне сенген
кісі. Бұл айрықша бағаланады. Бірақ тұрлауы жоқ.
Құдайдың осы журнал
парақтарының арасында сирек айтылуы назар аударуға тұрарлық
557
.
Мұның орнына тұрақсыздық пен өзіне деген құрметтің кемшілігі
бар. Батыстық көзқарас маңызға ие болды. Хусейн сынды адамдар дін
мен Құдайдың орталығын түсінген. Бірақ қазіргі әлеммен байланысын
жоғалтқан. Модернизммен байланысы бар
адамдар Құдай сезімдерін
жоғалтқан. Бұл тұрақсыздық хәлінен Құдайдан жырақтау ретінде танылған
саяси белсенділік бастау алады.
Еуропа яхудилері де сенімдеріне айтылған сын тасқынынан әсерленді.
Германияда яхуди философтар «яхудилік ғылымы» деп аталған, яхудилікті
557
Бұл
да
сонда
, 146
б
,
əсіресе
Əл
-
Азхар
зерттеуі
үшін
қараңыз
. 123-160
б
.
505
құлдың, жаттың сенімі деген айыптарға қарсы Гегельдік терминдермен
жаңадан жазылған яхуди тарихын жетілдірді. Израил тарихын жаңадан
тәпсірлеуге тырысқандардың басы Соломон Формштехер (1808-1889)
еді. Ол
The Religion of the Spirit
(«Рух діні») (1841) кітабында Құдайды
барлық нәрседегі рух әлемі ретінде танытты.
Сонымен қатар бұл рух,
Гегель айтқандай, әлемге тәуелді емес. Формштехер Құдайдың заты мен
әрекетін жіктеу арқылы оның ақылдан тыс құбылыс екенін алға тартты.
Гегель аллегориялық тіл қолданысын сынаса, Формштехер философиялық
ұғымдардың тұзағына түскендіктен, символика
Құдай жайлы сұхбаттағы
жалғыз құрал болып қалғанын тілге тиек етті. Сол сияқты яхудилік дамыған
иләһи ұғымға жеткен алғашқы дін болды және аз уақытта шынымен де
рухани діннің неге ұқсайтынын барша әлемге көрсетті.
Формштехер бастапқы, мәжуси дінінің Құдай мен табиғатты тең деп
қарағанын алға тарты. Формштехер өздігінен пайда болмаған,
ойдың
жемісі болмайтын кезең адам нәсілінің балаң шағын түсіндіреді. Адамдар
өз санасына артығымен сүйенген кезде Құдай ұғымының барынша нәзік
сатыларына баруға дайын тұрады. Бұл «Құдай» немесе «рухтың» табиғатпен
шектелмейтінін, оның үстінде және ар жағында да бар екендігін аңғара
бастады. Осы жаңа Құдай ұғымының сырын аңдаған пайғамбарлар ахлақ дінін
уағыздады. Бастапқыда уахиларының өздерінен тыс бір күштен келетініне
сенетін-ді, бірақ толығымен сырттан келген Құдайға тәуелді еместігін, өз
рухына толы табиғаттан шабыт алғанын бірте-бірте түсінді. Яхудилер осы
ахлақи Құдай ұғымына қол жеткізген алғашқы адамдар еді. Қуғын-сүргінде
өткен жылдары мен ғибадатханаларынан айырылуы оларды сырттан келген
қолдау мен биліктен суытты. Осылайша Құдайға емін-еркін жақындауға жол
ашқан биік діни санаға ұласты. Гегель мен Кант түйіндегендей, ойға шомған
поптарға да, әрі жат бір заңға да тәуелді емес еді. Бұның орнына Құдайды
өз санасы мен дербес қасиеттері арқылы табуды үйренді. Христиандық
пен ислам яхудилікті жоққа шығаруға тырысты, бірақ табысқа жете алмады.
Мәселен, христиандық Құдай танымына өте көп мәжуси белгілерге толы.
Енді яхудилер еркіндікке жетті. Ұзамай толық азат болатыны күмәнсіз еді.
Тарихтағы жетілмеген кезеңнен қалған
әдет заңдарын бір шетке тастап,
506
дамудың соңғы сахнасына әзірлену үстінде еді.
Мұсылман модернистері сияқты яхудилік ғылымы өкілдері де толық
рационалистік сенім ретінде діндерінің қазіргі жағдайына қарап абыржитын.
Саббатай Цви бүлігі мен хасидизмнің бас көтеруінен кейін масқара күйге
түскен Каббаладан құтылуға жан-тәнімен асық болды. Соңында 1842 жылы
Достарыңызбен бөлісу: