503
дүниенің көркемдігін ұштастыру оңай емес. Сонымен қатар ислам – табысқа
жетудің діні. Құран Құдайдың қалауына сай өмір сүретін (әділдік, теңдік, олжа
бірдей бөлінетін) бір елдің табысқа ұласатынын айтады. Мұны ислам тарихы
да растайды. Иса сияқты емес, Мұхаммед табыссыз қалмаған. Таңғажайып
табысқа қол жеткізген. Оның табыстары жетінші және сегізінші ғасырдағы
мұсылман патшалығының ғаламат жетістіктерімен біріккен. Бұл, әлбетте,
мұсылман Құдай сенімін растайтындай көрінеді. Алланың мол ықпалы мен
тарихта оның сөзінің дұрыс болғаны дәлелденді. Мұсылмандардың табысы
жалғаса берді. Моңғол шабуылы сияқты қырғыннан да аман өтті. Ғасырлар
бойы үмбет киелі мәнге ие болды және Құдайдың барлығының айғағына
айналды. Ал қазір мұсылман тарихында баста жаңсақ кеткен бір нәрселер
бар сияқты көрінді. Мұның Құдай түсінігіне де әсер етері сөзсіз. Бұдан
былай көптеген мұсылмандар ислам тарихын жолға қою мен Құранның
көзқарастарын әлемде ықпалды күйге жеткізу үшін еңбек етуі тиіс.
Еуропа елдерімен байланыс артып, Батыс түпсанасындағы пайғамбар
мен оның дінін қор көру сезімі тірілген сайын ұят сезімі де күшейе түсті.
Мұсылман ғылымы бірте-бірте діни сенімді қорғайтын теология бөліміне
немесе тарихтағы жеңісті малданатын қауіпті үрдіске айналды. Құдай
орталықтан жырақ қалды. Кэнтвилл Смит 1930-1948 жылдары жарық көрген
Мысырдың
Достарыңызбен бөлісу: