501
болатын. Бірақ Батыстың білімін алды және философия докторы дәрежесін
иеленді. Бергсон, Ницше мен А.Н. Уайтхедке деген сүйіспеншілігі алабөтен
еді. Өзін Шығыс пен Батыс арасындағы көпірге балап, олардың негізінде
философияны жаңадан жандандыруға талпынды. Үндістанда Исламның кері
кетіп бара жатқанын көріп, қайғыға салынды. Он сегізінші ғасырда Моғол
патшалығы құлағаннан кейін Үндістан мұсылмандары өздерінің шынайы
келбетін жоғалтты. Исламның отаны болған Орта Шығыстағы бауырларының
сеніміне селкеу түсірді. Нәтижесінде олар ағылшындардан да өткен жыртқыш
және қатерлі адамға айналды. Иқбал өлең мен философия арқылы ислам
қағидаларының қуатымен халықтың қасіретін жоюға кірісті.
Иқбал Ницше сияқты Батыс философтарындағы дербестік қағидасын
маңызды деп санады. Барша ғалам – субъектінің ең ұлық түрі, адамдар –
«Құдай» деп атайтын Жаратушының өкілі. Өзінің дербес сипатын түсіну үшін
әр адам Құдайға ұқсауға барынша тырысуы керек. Мұның мәні әркімнің
барынша дербес, барынша қабілетті болуы және бұл қасиетін әрекетке
айналдыруын білдіреді. Үндістан мұсылмандары көрінгенге қолжаулық
болатын, қорқақ сияқты шеттеп қалатын (Иқбал мұны Иран әсерімен
түсіндіреді) мінезінен арылуы тиіс. Мұсылман
Достарыңызбен бөлісу: