Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет189/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

In Memoriuм 
(«Құрметіне») деген 
өлеңінде тіс пен тырнағы қанға батқан, мақсатсыз, сезімсіз түсінікті көріп 
үрейге булығады. 1850 жылы 
Түрлердің төркіні 
шығармасынан тоғыз жыл 
бұрын жарық көрген өлең Теннисонның өз сенімінің тұралағанын сезініп, 
өзінің қандай жағдайға түскенін көрсетеді 
Бір бала түнде жылайды; 
Бір бала нұр үшін жылайды 
Тілі жоқ тек қана жасын бұлайды
549

548
Фридрих
Ницше
, Thus Spoke Zarathustra, A Book for Every One and No One, 
ауд

Р
.
Ж

Холлингдэйл
(
Лондон
, 1961), 217 
б

[
Ницше

Заратуштра
осылай
деді
]. 
549
Альфред

Лорд
Теннисон
, In Memorium, 18-20. 


494
«Довер Бичте» Мэттью Арнольд иман теңізі тартылып, адамзатты түнек 
түзге тастап кетті деп аза тұтты. Құдайдан бас тарту Батыс скептицизміндегі 
айқын бір белгі ретінде емес, одан да кең мәніндегі бас тарту ретінде орын 
алғанына қарамастан, күмән мен үрей православ әлемін де шарлап кетті. 
Федор Достоевский 
Ағайынды Карамазовтар 
(1880) романында Құдайдың 
өлімін естіртіп, иман мен сенім арасындағы өз ойларын 1854 жылы наурызда 
досына жазған хатында ашықтан-ашық баяндады: 
Өзімді қартайған бір бала кейпінде көремін. Имансыздық пен күмән 
толған бала. Өлгенге дейін осылай қалармын, бәлкім. Жоқ мұны білемін. 
Иманымды сағынып, қатты азап тарттым, әлі де тартып жүрмін. Бірақ 
білімнің машақаты алдымнан шыққан кезде бұл сағыныш артқан үстіне 
арта түседі
550

Оның романы да осыдан құтылуға жол таба алмайды. Басқа кейіпкерлер 
атеист деп танитын Иван (ең танымал нақылды соның аузына салады: 
«Егер Құдай жоқ болса, онда адамдар жүгенсіз кетті деген сөз») күмәнсіз 
Құдайға шын сенемін деп ақталады. Шынымен де, өмір трагедиясына мән 
бітіре алмағасын, осы Құдайды қабылдай алмай қиналады. Иван эволюция 
теориясынан емес, тарихта адамзат тартқан азаптардан шерге батады. Бір 
ғана баланың өлімі адамның діни көзқарасы үшін өтеген ауыр құны. Өйткені 
дінде әр нәрсе соңында жақсы болады дейді. Яхудилердің де осындай 
қорытындыға келгенін осы бөлімнің соңында көреміз. Екінші жақта Құдайға 
сенбейтінін мойындаған періште сипат Алойша тұр. Санасыздықтың 
беймәлім құрдымынан қашқан, кездейсоқ сәтте одан айырылу сияқты 
көрінген мойынсұну. Белгісіз және тұрақсыз түрде босап қалу. Шөлді 
дала мен келмеген Годотты күткен адам символы жиырмасыншы ғасыр 
әдебиетінде кең қозғалды. 
Басқаша өрбігеніне қарамастан, мұсылман әлемі де осындай бір дерт 
пен мазасыздық ауруына шалдықты. Он тоғызыншы ғасырдың соңына 
қарай Еуропаның 
mission civilisatrice
551
*
айтарлықтай дамыды. 1830 жылы 
550
Томас
Ж
.
Ж

Альтицер
мен
Уильям
Гамильтон
(
жар
.,), Radical Theology and the Death of God (
Нью
-
Йорк
пен
Лондон
, 1966), 
Уильям
Гамильтон
, «The New Optimism From Prufrock to Ringo» 
кітабынан
үзінді

551 
*
өркениетке
жетелейтін
міндет


495
француздар Алжирді, 1839 жылы ағылшындар Аденді отарлады. Осы елдердің 
жанындағы Тунис (1881), Мысыр (1882), Судан (1898), Ливия мен Марокконы 
(1912) басып алды. Англия мен Франция Орта Шығысты бөлшектеп, құл елге 
айналдырды. Еуропа елдері он тоғызыншы ғасырда модернизм желеуімен 
мәдени және экономикалық үстемдікке қол жеткізгендіктен, бұл отарлау 
жоспары ресми батыстандырудың үнсіз үрдісін жүзеге асырды. Техникалық 
өркениетке жеткен Еуропа озық күшке айналды және әлемді билеп-төстеуге 
кірісті. Түркия мен Орта Шығыс өлкесінде базар иеліктері мен консулдықтар 
құрылды. Олар шынайы Батыс билігі құрылмай тұрып, осы қауымдардың 
дәстүрлі құрылымын теңселтіп жіберді. Бұл отарлаудың бұрын болмаған 
жаңа бір түрі еді. Моғолдар Үндістанды жаулап алғаннан кейін үнді халқы 
мұсылман дінін өзінің мәдениетіне кіргізді. Бірақ соңында жергілікті 
мәдениетке бейімдеп, жаңа өркениетке қадам басты. Жаңа отарлау тәртібі 
тәуелділік саясатын енгізіп, адамдардың тұрмыс-тіршілігін мәңгіге өзгертіп 
жіберді. 
Отарланған елдердің Еуропаның дәрежесіне жетуі мүмкін емес еді. Ескі 
жүйе өлімші хәлге килікті. Мұсылман қауымдастығы «батыстандырылғандар» 
мен «басқалар» болып екіге бөлінді. Кей мұсылмандар еуропалықтардың 
үнділер мен қытайлар деп бөліп-жармай, бәрін «шығыстықтар» деп тон 
пішуіне мойынсұна бастады. Енді біреулері дәстүрлі жерлестерін өздерінен 
қор санады. Иранда Нәсрәддин шах (1848-1896) әрдайым ел тұрғындарын 
төмен санайтынын ашық айтатын. Өзінің болмысы мен бірлігі бар жанды 
өркениет бірте-бірте жат әлемнің сәтсіз көшірмесіне айналды. Олар тәуелді 
мемлекеттер қауымдастығына енді. Модернизм Еуропа мен Біріккен 
Ұлттардың жаңашыл үдерісінің мәйегі болды. Оған басқа ұлыстардың 
еліктеуі сәтсіздікке ұрындырды. Бүгінде араб әлеміндегі заманауи ел 
немесе, мәселен, Каир сияқты қалаларда зерттеу жүргізген антропологтар 
отарлаудың сәулет пен қала жоспарына да із қалдырғанын дәлелдеді
552

Еуропалықтар өз мәдениеттерінің бүгін ғана емес, әр заманда да жетістік 
552
Майкл
Гильсенан
, Recognising Islam, Religion and Society in the Modern Middle East (
Лондон
мен
Нью
-
Йорк
, 1985 
басылымы
), 
38 
б



496
үлгісі болғанына сенді. Олар көп жерде әлем тарихындағы көзге ұрып 
тұрған надандық нышандарын шұқып көрсетті. Үнділер, мысырлықтар мен 
сириялықтар өздерінің игіліктерін ойласа, батыстық өмір салтына көшуі 
тиіс. 1883 жылдан 1907 жылға дейін Мысырда бас консул ретінде қызмет 
атқарған Эвелин Баринг, Лорд Кромер отаршыл рухты былай деп жеткізді: 
Сэр Альфред Лайелл бір рет маған былай деді: «Нақтылық шығыс 
менталитетіне жат. Әрбір англо-үндіс бұл нақылды әрдайым жадында 
ұстауы тиіс». Нақтылық қалауы – 
вужуд
негізінде шығыс менталитетінің ең 
басты қасиеті. 
Еуропа адамы қисынды анықтама жасайды. Оның сөздері беймәлімдіктен 
шалғай. Логика дәрісін алмаса да, ол туабітті логика шебері. Тумысынан 
скептик және қандай да бір кеңестің дұрысын қабылдамай тұрып, алдымен 
дәлелін сұрайды. Білімді санасы мәшиненің бір бөлшегі сияқты жұмыс 
істейді. Шығыс адамының ақылы, басқаша алғанда, питореск көшелері 
сияқты, үйлесімнен барынша ада. Ескі арабтар диалектика ғылымына өте 
жүйрік болса да, немерелері таңғажайып сипатта логика қабілетінен қол 
үзіп алған. Өздерінің дұрыс екенін дәлелдейтін ең қарапайым кеңестегі 
көрініп тұрған қорытындыны шығаруға шамалары жетпейді
553

Ислам отаршылар еңсеруге тиіс түйткілдердің бірі еді. Мұхаммед пен 
оның дініне деген теріс көзқарас крест жорықтары кезінде христиан 
әлемінде жетілді және Еуропадағы антисемитизмнің қасына орнықты. 
Отарлау кезеңінде ислам діні үнемі дамуға қарсы фаталист дін болып 
көрінді. Лорд Кромер, мәселен, Мысырлық модернист Мұхаммед Абдудың 
әрекеттерін «Исламға» жаңару жат екенін айту арқылы теріске шығарды. 
Мұсылмандардың дәстүрлі жолмен Құдай түсініктерін жетілдіруге күш-
қайраты қалмады. Олар Батысты қолға түсіру үшін тайталаса бастады. 
Біреулер Батыс зайырлылық жүйесін жауап ретінде көрді. Бірақ Ислам 
дінінде өз уақытында өз дәстүрінен нәр алып өспегесін, Еуропада оң 
және жанды әрекеттер Ислам әлемінде тек жат және сабақсыз қалатын. 
Батыста «Құдай» жаттанудың дауысы болып көрінсе, мұсылман әлемінде 
553
Эвелин
Баринг

Лорд
Кромер
, Modern Egypt, 2 
том
(
Нью
-
Йорк
, 1908), 
ii
, 146 
б



497
отарлау процесі болып көрінді. Мәдени тамырдың үзілуі адамдардың 
санасын сансыратты. Олар өздерін жоғалтқандай күй кешті. Кей мұсылман 
модернистері ислам дініне аз мән беріп, дамуға тез жетуге тырысты. 
Нәтижесі күткендегідей болмады. Осман патшалығы 1917 жылы жеңілгеннен 
кейін пайда болған Түркияның жаңа ұлттық мемлекетінде Кемал Ататүрік 
атанған Мұстафа Кемал (1881-1938) өз елін Батыс өлкесіне айналдыруға 
талпынды. Дінді субъективті мәселе деп қарап, ислам дінінің мемлекетпен 
байланысын үзді. Сопылық тариқаттар тарады. Көбісі қылуетте қалды. 
Медреселер жабылды және ғұламаның ресми білім беруіне тыйым салынды. 
Бұл зайырлылық саясаты діни сыныптардың қозғалысын тежеді. Халықты 
Батыс формасын киюге мәжбүрлеген психологиялық әрекет ретінде 
бас киімге салынған тыйымда символға ие болды. Бас киімнің орнына 
«шапка» кию «еуропалануды» білдіретін. 1925 жылдан 1941 жылға дейін 
Иран шахы болған Риза хан Ататүрікті қолдады. Өзі де осындай саясатқа 
кірісті. Паранжыға тыйым салды, молдалар қырынып жүруге және дәстүрлі 
сәлденің орнына кепка киюге тиіс болды. Шиит имамдары мен шәйіт Хусейн 
құрметіне жасалатын дәстүрлі мерекелер тоқтатылды. 
Фрейд қандай да бір діни тыйымның зияны шаш-етектен екенін дәл 
білген еді. Жыныстық құмарлық сияқты дін де өмірге әр тұстан әсер 
еткен адамның мұқтаждығы. Оны басып-жаныштаса, нәтижесі жыныстық 
басқыншылық сияқты жойқын әрі қатерлі болуы мүмкін. Мұсылмандар 
жаңа Түркия мен Иранға күмән мен таңғалыс толы көзбен қарады. Иранда 
молдалардың халық атынан шахтарға қарсы құрылған дәстүрлер бар еді. 
Олар кейде таңғажайып табыстарға қол жеткізді. 1872 жылы шах темекі 
өндірісі, сауда мен экспорт монополиясының құқын Англияға сатып, ирандық 
кәсіпкерлерді саудадан аластады. Осы кезде молдалар ирандықтардың 
шылым шегуіне тыйым салған пәтуаны жариялады. Шах заңның күшін 
жоюға мәжбүр болды. Киелі Құм қаласы қанқұйлы Тегеран режиміне бөгет 
бола бастады. Діни тыйым адамдардың керісінше дінге жүгінуіне жол ашты. 
Теизмнің кемшін тұстары Құдайды жоққа шығаруға себеп болғаны сияқты, 
Түркияда медреселердің жабылуы ғұламалар беделін құлдыратып жіберді. 
Исламдағы ең сауатты, байсалды және сергек шоғыр шөккен кезде қылует 


498
сопылығының шектен шыққан түрі жалғыз діни ұғым болып қалды. 
Басқа модернистер күшке сүйенген қысым тұйықтан шығудың жолы 
емес деп санады. Ислам бөгде өркениеттермен қарым-қатынаста әрдайым 
табысты болды. Олар діннің қоғамда тамыр жаюы мен мызғымай қалуы 
қажет деп тапты. Өзгеріске деген мұқтаждық айқын сезілді. Көбісі өткенге 
қадалып отырды. Бірақ онда надандық пен бос сенім ғана бар. Сонымен бірге 
ислам адамдардың өткір көзқарасын жетілдіруге жәрдем берді. Дін адам 
денсаулығының бұзылуына рұқсат етсе, бүкіл әлемдегі мұсылмандардан 
рухани тыныштық кетер еді. Мұсылман модернистер Батысқа да дұшпан 
емес-тін. Ислам Еуропа мен Біріккен Ұлттарға ықпалы күшті яхуди-
христиандық құндылықтарын бөліскендіктен, Батыстың теңдік, азаттық пен 
еркіндік идеялары мұсылмандар арасында қолдау тапты. 
Батыс қоғамының заманауи сипат алуы, кей жағынан, жаңа бір теңдік түрін 
тудырды. Модернистер халыққа христиандар мұсылмандарға қарағанда 
исламдық өмір салтына көшкенін жеткізді. Еуропалық салтпен тоғысуда 
үлкен сүйіспеншілік пен тебіреніс бар еді. Ауқатты мұсылмандар Еуропада 
білім алуда. Еуропа философиясын, әдебиетін және идеяларын қабылдап, 
алған білімін халқына беру үшін сабырсыздықпен елдеріне қайтып жатты. 
Жиырмасыншы ғасырдың басында, қалай болғанда да, әрбір мұсылман 
зиялысы Батыстың қызуқанды қолдаушысы еді. 
Жаңашылдар интеллектуалды мінез-құлыққа ие еді. Сонымен бірге 
Ислам мистицизмінің кей түрлерімен байланыс құрған-ды. Суфизм мен 
Ишракияның қарекетшіл және символикалық түрлері бұрынғы дағдарыс 
сәттерінде мұсылмандарға жәрдем берген еді. Олар қайтадан осыған бет 
алды. Құдай тәжірибесі бір бөгет емес, модернизмге өтуді тездететін, тамыр 
жаюына жол ашатын күш болып көрінді. Осылайша ирандық модернист Жамал 
ад-Дин әл-Ауғани (1839-1889) модернизмнің жалынды қорғаушысы бола 
тұра, Сухравардидің Ишраки мистицизмінің де білгірі еді. Иран, Ауғанстан, 
Мысыр мен Үндістанды аралаған сапарында Ауғани өзін қалаған адамның 
кәдесіне жаратуға тырысты. Өзін сүнниттер үшін сүннит, шииттер үшін шиит, 
төңкерісші, діни философ және парламентар ретінде көрсетуге қабілеті 
жетті. Ишраки мистицизмінің құпия қағидалары мұсылмандардың әлеммен 


499
бір екенін сезінуге және қысқан құрсаудан құтылу дәмін татуға жарады. 
Ауғанидің өжеттігі мен алуан роль атқаруы нәпсінің кеңеюі көзқарасымен 
мистикалық қағидадан бастау алғандығы туралы айтылады
554
. Жаңашылдық 
– мұқтаждық, оның іргетасы – дін. Ауғани діндар әрі жалынды теист 
болғанымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет