Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет200/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

мицвоттың 
яхудилерге жәрдем беретініне сенді. Адамдық қатынасты үзу және өз 
пайдасына жарату қазіргі тұрмысқа тән ерекшелік еді. Тіпті Құдай да біздің 
ісімізді бағып, шебер билеп-төстейтін бір нысанға айналды. Нәтижесінде 
дін жалықтырып жіберді. Адамға жат құбылысқа айналды. Құрылымның 
астындағы құбылысты зерттеп, үрей, тылсым мен әуестікті жаңадан табу 
үшін «терең теологияға» мұқтажбыз. Құдайдың барлығын логикалық түрде 
дәлелдеу қажет емес. Рационализм мен ұғымдарға арқа сүйейтін бір нәрсе 
жоқ болғандықтан, қорқыныш пен үрейден Құдайға деген сенім туды. Киелі 
Кітап кие сезіміне мойынсұнса, өлең сияқты сырлы сезіммен оқылуы тиіс. 
Мицвот 
та бізге Құдай құзырында өмір сүруді үйреткен символикалық 
әрекет ретінде көрінеді. Әрбір 
мицвот 
- күнделікті өмірдің ұсақ-түйек 
көрінісінде кездесетін бір жер. Бір өнер туындысы сияқты, 
мицвот 
әлемінің 
өз қисыны мен үйлесімі бар. Бұдан бөлек, Құдай адамдарға мұқтаж. Ол 
философтардың жырақ Құдайы емес, пайғамбарлар үндеген махаббат 
сезімін оятушы Құдай. 
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында атеист философтар да 
Құдай идеясынан әсерленді. Мартин Хайдеггер (1899-1976) 
Being and Time 
(«Болмыс пен Уақыт») (1927) еңбегінде болмыстың христиан танымындағы 
«Құдай» екендігін жоққа шығарғанымен, бұл мәселеде Тиллих екеуінің ойы 
бір жерден шықты. Ол белгілі болмыстардан өзгеше және ойдың қалыпты 
категорияларынан бөлек. Моральдық құндылығы нацистік режимге 
қатысы болғандықтан, жалған шықса да, Хайдеггердің зерттеулері кей 
христиандарға шабыт берді. 1933 жылы Фрейбург университеті ректоры 
қызметіне тағайындалған кезде өткен конференциядағы 
What is Me
-
taphysics? 
атты баяндамасында Хайдеггер Дионисий, Плотин, Эриуген 
еңбектерінде айтылған бірқатар идеяны дамытты. Болмыс «толықтай басқа» 
болғандықтан, ол бейболмыс, не жаңа бір нысан, немесе белгілі бір болмыс 
емес. Сонымен бірге ол бүкіл қозғалысқа жан бітіреді. Бұрынғылар ештің 
ештен шыққанына сенетін. Алайда Хайдеггер бұл сөзді кері айналдырды: 
ex nihilo omne qua ens fit. 
Лейбництің қойған сұрағымен баяндамасын 
бітірді: «Неліктен бейболмыс болса, болмыс бар?» Адамзаттың әлемге 


530
берген өзгермес жауабы, таңғалыс пен әуестік сезімін ояндырған сұрақ 
бұл: «Неге бар болған нәрсе еш болмауы керек?» 
Introduction to Metaphysics 
(«Метафизикаға кіріспе») (1953) еңбегін Хайдеггер осы сұрақпен бастайды. 
Теология жауаптың өзінде екеніне сенеді және ізін бір басқа нәрсеге, 
Құдайға апарады. Алайда бұл Құдай – басқа нәрселерден өте дара бір 
болмыс. Өте көп діндар адам бөліссе де, Хайдеггердің төменшіктеу Құдай 
идеясы бар еді. Бірақ болмыс жөнінде сөз қозғағанда, көбінесе мистикалық 
терминдер қолданатын. Ол туралы үлкен парадокс ретінде сөз қылады. Ой 
үрдісін болмысты күту немесе тыңдау деп танытады және мистиктердің 
Құдайдың жоқтығын сезінгендері сияқты, болмыстың оралу немесе шегінуі 
хәлін де бастан өткізетін тәрізді еді. Адамдар болмыстың барлығы жайында 
толғану үшін еш нәрсе жасай алмайды. Гректерден бері Батыс әлеміндегі 
адамдар болмысты ұмытып бара жатты және оның орнына тіршілікке назар 
аударды. Бұл үрдіс заманауи технологиялық табыспен аяқталды. Өмірінің 
соңғы сәтінде жазған «Бізді тек қана бір Құдай құтқара алады» деген 
мақаласында Хайдеггер осы сәтте Құдайдың жоқтығы сезімі санамызды 
болмыстармен әуре болудан құтқарады деді. Бірақ болмысты қайтару үшін 
қолымыздан ештеңе де келмейді. Тек келешекте бір жаңасы келер деп қана 
үміттенеміз. 
Марксист философ Эрнст Блох (1884-1977) Құдай идеясын адамзатқа 
тән табиғи қасиет деп санады. Адам өмірі түгел келешекке бағдар ұстанған. 
Кемшін немесе кемел өмір сүреміз. Хайуандардан артықшылығымыз, барды 
қанағат тұтпай, болған үстіне бола бергенін қалаймыз. Бұл өміріміздің әр 
сәтінде шегімізден шығып, кейінгі кезеңге өтуге мәжбүр болғандықтан, 
бізді ойлануға және дамуға жетелейді: бөбек еңбектеуге мәжбүр, тәй-тәй 
басқан кезінде қалауына қол жеткізуге және бала болуға мәжбүр. Барлық 
қиялымыз бен қалауымыз алға бет алады. Философия да, әлі болмаған 
беймәлім нәрсенің тәжірибесіне кіріседі. Социализм де утопия үшін алға 
қарайды, бірақ сенімді марксистік тұрғыдан жоққа шығаруға қарамастан, 
үміт бар жерде дін де бар. Фейербах сияқты Блох та Құдайды әлі жүзеге 
аспаған арманға балады. Алайда мұны жатсыну ретінде көрудің орнына 
адамзат жағдайы үшін қажет болды. 


531
Макс Хоркхаймер (1895-1973) Франкфурт мектебінің неміс 
қоғамтанушысы еді. Ол «Құдай, бір қарағанда, пайғамбарларды еске түсірген 
маңызды бір мақсат» деді. Оның бар, не жоқ екендігі, оған сеніп-сенбеу 
маңызды емес. Құдай идеясы болмаса, нақты мән, ақиқат немесе мораль 
болмас. Этика қарапайым түрде бір дәм, бір хәл сұрағымен басталады. 
Саясат және мораль ғылымы «Құдай» идеясын қамтымаса, прагматика мен 
зердеден жұрдай болады. Нақты бір нәрсе болмаса, жеккөрініштің, соғыс 
пен бейбітшіліктің себебі табылмайды. Дін бір Құдай бар деп ойлау. Ең 
үлкен қиялымыздың бірі – әділет идеалы (балалардың «бұл әділ емес!» 
деген шағымын жиі естиміз). 
Дін, азап және қателікпен бетпе-бет келген адамның сансыз қалауы мен 
айыптарын тіркейді. Бұл бізді шектеулі табиғатымыз жайлы толғандырады. 
Бәріміз әлемнің әділетсіздігінің соңғы сөз еместігіне сенеміз. 
Дәстүрлерге сай діни сенімдері жоқ адамдардың Құдай баянында 
ашқан орталық тақырыпқа қайрылып, оларға оралуы бұл идеяның көбіміз 
ойлағандай жат емес екенін көрсетеді. Сонымен бірге адамзат жиырмасыншы 
ғасырдың екінші жартысында кісі сипатты Құдай идеясынан жырақтады. Бұл 
мәселеде жаңа нәрсе жоқ. Христиандардың «Көне өсиеттері» бар делінген 
яхуди киелі мәтіндері осындай бір үрдісті көрсететіні анық. Құран Алланы 
яхуди-христиан дәстүрінен бөлек адамдық ұғымдармен сипаттайды. 
Үштік сенім мен мифология, мистикалық жүйенің символикасы сияқты 
қағидалар Құдайдың адамдық қасиеттен ада екенін көрсетуге талпынады. 
Сол сияқты, осы жайт көптеген сенім иесі үшін айқындалған жоқ. 1963 
жылы Вулидж епископы Джон Робинсон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет