Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет50/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(керигма)
болды. 
ІҮ ғасырдың соңында «Әрекеттер» тізіп шыққан жерлерде христиандық 
күшейе бастайды. Ол «құдайдан қорқушылар», яғни прозелиттер көп ке
-
летін еврей диаспораларындағы синагогаларда да тамыр жаяды. Павелдің 
реформаланған иудаизмі көптеген ескі мәселелерді шешкен сияқты бол
-
ды. Өйткені адамдар әлі «өз тілдерінде сөйледі». Олар көзқарастарын бір 
араға жұмылдырып, бірізді бола алмады. Диаспора еврейлерінің көпшілігі 
Иерусалим Ғибадатханасын жануарлардың қанына боялған білімсіздік пен 
тағылықтың ғимараты деп есептеді. «Апостолдар әрекеттері» осы пікірді 
бізге еврей-эллинист Стефан тарихы арқылы жеткізді. Кезінде ол Иисус сек
-
тасына өтіп, Құдайға тіл тигізгені үшін еврей көсемдер кеңесі, Синедрион 
шешімімен таспен атқыланып, өлтірілген болатын.
Өзінің өлім алдындағы әсерлі сөзінде Стефан «Ғибадатхана – Құдайдың 
173
Əрек
. 2:9–10.
174
Қ
-
з

Əрек
. 2:17; 
Иоил
. 2:28.
175
Əрек
. 2:22–36.


137
өзінің табиғатын қорлау» дейді: «Ұлы Құдай қолмен соғылған ғибадатхана
-
ларда өмір сүрмейді»
176
.
Еврей диаспорасының көптеген мүшелері бұрынғысынша Ғибадатхана 
қирағаннан кейін раввиндер құрастырған талмұдтық иудаизмді мойындай
-
ды. Басқалары болса, христиандық Тәураттың мәртебесі мен иудаизмның 
әмбебаптығы туралы ескі сауалдарға жауап берді деп есептеді. Жаңа сенім 
«құдайдан қорқушыларды» еліктірді, өйткені бұл ауыртпалығы зор алты жүз 
отыз 
мицвот
сыз-ақ
 
Жаңа Израилдің толыққанды азаматы бола алу үмітін 
туғызды. 
Бірінші ғасырда христиандар Құдай туралы пайымын жалғастырды және 
оған шын яхудидей сыйынды. Раввиндермен бір деңгейде пікірталас құр
-
ды. Олардың шіркеулері синагогалардан қатты ерекшеленбеді. Алайда 80-
шы жылдары, Тәуратты ұстанбағандықтары үшін христиандарды синагога
-
лардан ресми түрде қуып шыққан кезде, олардың иудаистермен даулары 
күшейеді. Б.д. алғашқы онжылдықтарында иудаизмді таңдағандар аз бол
-
мады. Бірақ 70 жылдан кейін еврейлер мен римдіктер арасында қақтығыс 
басталғанда сенімдері әлсірей бастайды. «Құдайдан қорқушылардың» көп 
жағдайда христиандарға қосылуы прозелитизмнен жеруіне және өтініш 
білдіргендерге сенімсіздікпен қарауларына итермеледі. Алғашқыда иудаи
-
змге еліге қараған пұтқа табынушылар енді христиандыққа өте бастайды; 
әйтсе де олардың көпшілігі құлдар және төменгі тап өкілдері болды. Басқа 
діндерге сенген білімді адамдар христиандықты ІІ ғасырдың соңында қа
-
былдай бастайды. Дәл солар сенімсіздікпен қараған пұтқа табынушылар 
арасында жаңа діннің қағидаларын түсіндіре алды. 
Рим империясында христиандықты алдымен иудаизмнің бір тармағы 
деп есептеді. Бірақ христиандар синагогаларға бас сұқпай қойғаннан кей
-
ін, оларға жақтырмай қарайтын болды. Әкелердің сенімінен бас тартуды 
римдіктер үлкен күнә деп есептеді. Ал сектаның өзіне діни фанаттар деп 
қарады. Римде консерватизм моральдық идеал деп бағаланды. Аталар ғұр
-
пы және отағасының беделі үлкен құндылық саналды. «Прогресс» деп бо
-
176
Əрек
. 7:48.


138
лашаққа ұмтылыс емес, өтіп кеткен алтын ғасырға бет бұру саналды. Біздің 
өзгеріске негізделген қоғам өткеннен саналы бас тартуды үлкен шығар
-
машылық потенциал көреді. Бірақ римдіктер кез келген жаңалықты қауіпті, 
тіпті өлімге душар етеді деп санады. Дәстүр құрсауын бұзып шыққан кез 
келген бұқаралық қозғалысқа да үлкен сенімсіздікпен қарады. Сол себеп
-
тен Рим діни «көзбояушылықты» қатал қадағалады және қол астындағы
-
ларды олардан қатты қорғаштады. Бәрібір империяны үрей мен қанағат
-
сыздық рухы кезіп жүрді. Көп ұлтты алып империядағы өмір салты көне 
құдайларды бұрынғы ұлылығы мен күшінен айырды. Ендігі жерде адамдар 
бөтен, түсініксіз мәдениеттерге сезіктене қарады. Жаңа рухани шешімдер 
керек болды. Дәл осы кезде Еуропаға Шығыс мәдениеті ене бастайды. Иси
-
да мен Селмелде дәстүрлі рим құдайларымен бірге мемлекеттік құрылым 
символдарына сыйынды. Б.д. І ғасырдың өн бойында азаптан құтқаруды 
және арғы әлем туралы ақиқат білім таратуды уәде еткен жаңа секталар 
пайда болады. Алайда жаңадан келіп шыққан діндердің біреуі де әзірге ескі 
тәртіптерге сес көрсетпеді. Шығыс құдайлары өздеріне ғана назар салуды 
талап етпеді және бұрынғы ғұрыптарға қайшы келмеді. Олар әулие іспетті 
әлемді жаңаша көруге шақырды, оның кеңшілігін сезінуді жаңалап отырды. 
Ұраны: «Кез келген культқа қосыл, кез келген Құдайды дәріпте!» Жатжұрт
-
тық дін әдеттегі құдайларға қауіпті болмайынша және өзіне ерекше назар 
аударуды талап етпейінше, билік оларға төзімділікпен қарады және әдепкі 
өмір салтына оңай бейімдеді.
Ол дәуірде діннен азапты сары уайымға салыну және өмір мәнін түсін
-
діру талап етілген жоқ. Мұндай қажеттіліктер философияға қойылды. Кей
-
інгі антика дәуірінде Рим империясына қарасты жұрттар қиындықта жәр
-
дем алу және қайырым көру, өткенмен байланысты сезіну үшін құдайларға 
сыйынды. Дін теологиядан емес, культтер мен рәсімдер арқылы көрінді. Ол 
идеология немесе ақылмен қабылданған теорияға емес, сезімге негізделді. 
Мұндай қатынас бүгін де кездеседі. Қазір ғибадатқа барып жүргендердің 
көпшілігі теологиялық мәселелермен бастарын қатырмайды.
Адамдардың көпшілігіне ешқандай экзотика керек емес, өйткені оларға 
жаңалық деген идеяның өзі жақпайды. Олар қалыптасқан ғұрыптарды 


139
дәстүрмен байланысты сездіреді. Ал тұрақтылық қашан да тыныштық әке
-
летінін біледі. Ғибадатанаға келушілер уағызшыдан тамаша жаңа ой күтпей
-
ді, тек іштегі қызметтің әдеттегі тәртібінің өзгеруін жіті қадағалайды. Кейінгі 
антиканың пұтқа табынушылары да шамамен дәл осындай болды. Оларға 
аталары сыйынған құдайларға сыйыну ұнайды. Көне салттар өзіндік болмыс 
сезімін туғызды, жергілікті дәстүрлерді күшейтті, ертеңгі күн бүгінгіден жа
-
ман болмайтындығына кепілдік берді. Өркениет жетістіктері әлжуаз көрінді, 
ал адамның шығармашылығының жемісін сақтауға көмек беретін қорғаушы 
құдайлардан бас тарту кез келген жетістікке қауіп төндірді. Әкелер мен ата
-
лардың сеніміне қай жағынан болмасын қайшы болатын кез келген культке 
сезіктене қарады. Осылайша христиандықтың екі жақтан кемшілігі білінді: 
оның иудаизмдегідей құрмет туғызарлық мыңжылдық тарихы жоқ еді; әр
-
кім көзімен көріп, бағасын беретін пұтқа табынушылықтағыдай еліктірер 
рәсімдері де болмады. Бұдан басқа жаңа дін астарында үлкен қатер бүгіп 
жатты. Христиандар біздің Құдай - жалғыз, қалғандары ойдан шығарылған 
деген талаптар қойды. Рим биографы Гай Светонийге (70–160 жж.) христи
-
андық иррационалды және әдеттен тыс секта ретінде танылды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет