Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет51/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

superstitio 
nova et prava
177
– «азғындығы», әрине, өзінің «жаңашыл»
178
болғандығынан.
Сауаты жетік пұтқа табынушылар білім үшін дінге емес, философи
-
яға үңілді. Олардың әулиелері мен пайғамбарлары Платон, Пифагор және 
Эпиктет сынды ежелгі дәуір философтары болды. Оларды кейде «Құдайдан 
туылғандар» деп те атады. Мәселен, Платонды шынымен де Аполлонның 
баласы деп есептеді. Философтар дінге салқын қарады, өйткені олардың 
ойынша, дін мүлде басқа материямен шұғылданды. Ол уақыттарда фило
-
софтар піл сүйегінен жасалған қамалдардағы кітапқа берілген адамдардай 
емес, әрекетшіл және қарым-қатынасқа бейім болды. Олар замандастары
-
ның жанын құтқаруға ұмтылды да, өз мектептеріне көп шәкірттер тартты. Со
-
крат та, Платон да өз философияларында мейлінше «діндар» болды. Ғылыми 
177 «
Жаңа
бұзық
сенім
» (
лат
.). 
178 Quoted by A. D. Nock, Conversion, The Old and the New in Religion from Alexander the Great to Augustine of Hippo (Oxford, 1933), 
p. 207.


140
және метафизикалық ой-пікірлерінің арқасында олардың алдында бүкіл 
ғалам ұлылығымен көрінді. Осылайша, б.д. І ғасырдың көзі ашық, талабы 
жоғары ақыл иелері адамды рухтандыратын идеология мен биік адамгер
-
шілік принциптеріне тұнып тұрған еңбектері бар антикалық философтар
-
дан керегін тапты. Христиандық көпшілікке тағылық ескі таным сияқтанды. 
Ал христиан Құдайы - адамдардың өміріне үнемі себепсіз араласа беретін 
ашушаң алғашқы қауымдық пұт болып көрінді. Ол, әрине, Аристотель сынды 
философтардың алыстағы және өзгермейтін Құдайымен салыстыруға кел
-
мейтін. Платон не Александр Македонский сынды тұлғаларды құдайлардың 
баласы деп қабылдау бір жақта тұрса, Рим империясының бір ауласында 
жазаланған қайдағы бір еврейді Құдай деп санау мүлде басқа нәрсе болды. 
Кейінгі антикада кең таралған философиялардың бірі – платонизм. І және 
ІІ ғғ. халықты Платонның этикалық не саяси ойлары емес, мистик ретіндегі 
пайымдары қызықтырды. Оның еңбектері философтардың өзін өзі тануы
-
на, жанын тән қапасынан құтқаруына және Құдай әлеміне сапар шегуіне 
көмектесті. Бұл бір жоғары және асыл текті көзқарастар жүйесі болды, онда 
космология ең алдымен ғаламның тұрақтылығы мен үйлесімділігін бейне
-
леді. Құдай болмысы уақыт пен құбылыстардың жойып жіберетін ықпалына 
бағынбайтын Өзіңді тыныштықта бақылаудан тұрды. Ол болмыстың шексіз 
баспалдағының ең жоғары шыңына жайғасты. Ғалам Құдайдан туындады да, 
Оның таза болмысының салдары болды; Одан күн, жұлдыздар мен айды 
өмірге толтырған мәңгі формалар келіп шықты. Құдайлар да болды, бірақ 
олар Жоғары Құдайдың періште-көмекшілері саналды да, қараңғы әлемге 
құдайлықты жеткізді. Платоник аяқ асты әлемді жаратқысы келген немесе 
болмыс баспалдағын жоққа санап, адамдардың бір тобымен тікелей тілде
-
сетін Құдай туралы тағылық ертегілерді қажетсінбеді. Платонның ізбасар
-
лары айқышта азапталған Мессияның дәнекерлігімен құтқарылуды керек 
етпеді. Философтың өзі бүкіл болмысқа өмір сыйлаған Құдайға ұқсады. 
Сондықтан жоғары әлемдерге өз бетінше – ақылмен және ғаламмен толық 
үндесу арқылы шыға алды. 
Христиандар пұтқа табынушыларды діндеріне қалай қаратты?
Христиандық екіұшты күйге ұшырады: ол, римдіктердің пікірінше, дін де, 


141
философия да болмады. Мұнымен бірге, христиандарға неге «сенетіндерін» 
тізіп түсіндіріп беру мейлінше қиынға соқты. Олар өздерінің мүлде ерекше 
көзқарастар жүйесін құрғалы жатқанын сезінбеген де болар. Сонысымен өз
-
дерінің отандас пұтқа табынушыларына өте жақын болды. Олардың дінінде 
әлі бірізді «теология» болған жоқ. Дәлірек айтқанда, сол дәуірдегі христи
-
андықты ұқыпты тәрбиелену үстіндегі адалдық деп анықтауға болатын. «Дін 
символдары» сөзін христиандар белгілі бір тұжырымдармен келісетіндігін 
білдіру үшін айтпайтын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет