157
тыйым сала алған еді. Көп кешікпей монтанизм бүлігі Рим шіркеуінің же
-
текші теологы болған Тертуллиан сынды танымал ойшылдарды да еліктіре
бастайды. Шығыста Климент пен Ориген бейбітшілікті, Құдайға қуана қайту
-
ды насихаттаса, Батыс Шіркеуінің қорқынышты Құдайы үшін құтқарылудың
құны тек азапты өлім болды. Сол дәуірлерде христандық Батыс Еуропа мен
Солтүстік Африкада үстемдік ету үшін күресті, бастапқыда-ақ онда қаталдық
пен шектен шығушылыққа деген бейімділік көрініс бере бастайды.
Дәл сол уақытта Шығыста христандық жылдам тарала отырып, 235 жылы
Рим империясының үстем дініне айналады.
Христиандар біртұтас сенім
қағидасы бар, яғни шектен шықпайтын және теріс қылықтарсыз Ғаламдық
Шіркеу турасында жиі айта бастайды. Ортодоксалды теологтар гностик
-
тердің, маркиониттер мен монтаниттердің суыққабақ дүниетанымдарын
түбірінен жойып, орта жолды таңдады. Христиандық қалалық дінге айналып,
мистерийлер культінен де, біржақты тақуалықтан да бас тартты. Ол көбіне
өзіне грек-рим әлеміне түсінікті дін приниптерін жасауға қабілетті жоғары
білімді адамдарды баурады. Жаңа дін әйелдерге де үн қатты: мәтіндерде
айтылғандай, Христос еркек те, әйел де болмаған, ерлер әйелдеріне, Христос
Шіркеуге қалай қамқор болса, солай жәрдем көрсетулеріне үндеді. Басқа
-
ша айтар болсақ, христиандық кезінде иудаизмді қызықты етіп көрсеткен
артықшылықтарға ие бола бастады. Оның үстіне сүндеттелуді немесе Бөтен
Заңға бағынуды талап етпеді. Шіркеу бекіткен
қайырымдылық және мей
-
ірімділік жүйесі, христиандар арасындағы бауырлас жақындастық пұтқа та
-
бынушыларға ерекше әсер етті. Көп жылғы сыртқы қуғындаулар мен ішкі
жікке бөлінушілікпен күрес Шіркеуді өз империясының құрылымын мини
-
атюрада қайталаған әрекетшіл институтқа айналдырды. Ол да ұлтаралық,
құрылтай, халықаралық және экуменді сипатта болып, тәжірибелі лауазым
иелері басқарды.
Мұндай Шіркеу тұрақты қуаты бар күшке айналды да, ақырында өз қата
-
рына император Константинді тартты. Ол 312 жылы Милвий көпірі маңын
-
дағы шайқастан кейін жаңа дінді қабылдайды. Ал келесі жылы оны заңда
-
стырады. Осыдан бастап христиандарға мүлікке иелік етуге, ашық ғибадат
жасауға және қоғамдық өмірге тең құқылы түрде араласуға рұқсат етілді.
158
Пұтқа табынушылық екі ғасырға жуық шарықтап тұрғанымен, христиандық
империяның мемлекеттік діні пайда болды.
Жаңа дін уәде еткен матери
-
алдық игіліктер оған кірушілердің санын көбейтті. Көпке ұзамай,
әуелде
жеккөрінішті секта болып басталған, сабырлылыққа
шақырған байырғы
Шіркеу баршадан өз заңдары мен көзқарастарын мойындауды талап етті.
Христиандық жеңісінің себептері анықталмай келеді. Оның Рим империя
-
сының көмегінсіз табысқа жетуінің мүлде мүмкін еместігі белгілі. Бірақ бұл
жағдай да барлық сұрақтарға жауап табуға жол ашпай отыр. Христиандық
діні үнемі бақытсыздықтарға душар болатын; оны табысты деп айта алмай
-
сың. Көп кешіктірмей шешуді қажет еткен мәселе – Құдай доктринасы бол
-
ды. Константиннің Шіркеуді сыртқы қатерден құтқарғаны сол-ақ еді, енді
оның ішінде христиандарды бірқатар ымыраға келмейтін шептерге бөліп
тастаған жаңа қауіп ірге тепті.