163
анн Богослов нақты Иисустың Логос екенін, Логостың Құдай екендігін түсін
-
дірді
209
. Алайда, Арийдің айтуынша, ол табиғатынан Құдай емес, тек Құдай
тарапынан құдайлық деңгейге жоғарылатылған. Логостың бізден ерекшелі
-
гі, оны Құдай Өзі жаратқан, ал қалғандарын Сөз арқылы жаратқан. Адамға
айналған Логостың Құдай әмірін орындайтынын болжай білген Жаратушы
Иисусқа о бастан Құдайлық сипат беріп дәріптеген. Дегенмен, Иисустың
Құдайлығы әуелден бар емес, бұл – тек сыйлық, марапат. Өз ойларын Арий
көптеген жазба дәлелдермен негіздеп отырған. Иисустың Құдайды «Әке»
деп атауының өзінде айырма барына нұсқайды. Әкелік мәртебе болмысы
-
ның о бастан барынан және ұлынан жоғары тұрғандығынан білінеді. Арий
сонымен бірге Христтың бойсұнуы мен әлсіздігі туралы айтылған Інжілде
-
гі үзінділерге де сілтеме жасайды. Арийдың дұшпандары не десе де, онда
Иисусты қаралау ниеті болмады, Арий Христтың қайырымдылығына және
адамдарды құтқарған жазаны бас иіп қабылдағанына құрметпен қарады.
Арийдың Құдайы грек философтарының Құдайына жақын: Ол алыста және
біздің әлемімізден тыс. Осы себептен де Арий гректердің құтқарылу идеясы
-
на көп жақындайды. Мәселен, стоиктер дінге сенушілердің құдайға айнала
алатындығын айтып жүретін; Платонның көзқарастарында да бұл ұстаным
үлкен маңызға ие болды. Арий христиандардың Құдай болмысына жақын
-
дығына, құдайлыққа ие екендігіне; бұл тек Иисустың салып берген жолы
арқылы мүмкін болғандығына қатты сенетін. Христос мінсіз өмір сүрді. Өлім
алдында да Құдайға сенімі берік болды. Апостол Павел айтқандай, сол бой
-
сұнғандығы үшін Құдай оның мәртебесін жоғарылатты. Құдай оған
Достарыңызбен бөлісу: