167
сушылар үшін мұндай тартыстар жеміссіз қалмады. Өйткені істің мәні хри
-
стианның ішкі күйзелісіне қатысты болды. Арий да, Афанасий де, Марцелл
де Иисуспен бірге әлемге жаңа бір нәрсе келгеніне қатты сенді. Үшеуі де
өздерінің толқыныстарын сөзбен жеткізуге, өзіне және басқаларына ақыл
рәміздерінің көмегімен түсіндіруге тырысты. Бірақ сөздер айтыла алмай
-
тын ақиқатқа нұсқайтын символдар ғана болатын. Өкінішке қарай, христи
-
андыққа сол кезде догматикалық сабырсыздық дендеп енді. Ол уақыт өте
келе «шынайы сенімге», ортодоксалды символдарға шешуші мән дарытты.
Христиандықтың басты ерекшелігіне айналған доктринаға деген тәуелділік
көп жағдайда адам ойлап тапқан символика мен шынайы Құдайлық ақиқат
арасын шатастырып жіберетін. Христиандық қашанда парадоксалды сенім
болды: Мессияның масқаралықпен жазалануына қатысты туындаған иде
-
ологиялық келіспеушіліктерге қарағанда алғашқы христиандардың қуатты
діни толқыныстары күштірек болып шықты. Енді, міне, Никей сенім симво
-
лын қабылдаған Шіркеу Адамға ену парадоксын өзіне жақын тұтты. Бірақ ол
бір Құдайға табынуға сәйкес келмеді.
Мәшһүр тақуа Афанасий өзінің «Антоний баянында» жаңа доктринаның
христиандық руханиятқа қаншалықты ықпал еткенін көрсетті. Монахтық
жолдың бастаушысы саналған Антоний Мысыр шөлінде қатал өмір кешеді.
Тақуаның қарапайым түрде, тіке айтылған «Мысырлық әкелердің айтқан
-
дарындағы» (анонимді алғашқы монах-тақуалардың афоризмдер жинағы)
кеңестерінде жұмсақ және жараланғыш, адам мәселелерін ойлаумен азап
-
танған адамның портреті құралады. Алайда өзінің ғұмырбаянында Афа
-
насий Антонийді мүлде басқаша сипаттайды. Мәселен, оны ариандықтың
дұшпанына айналдырады. Афанасийдің айтуынша, Антоний өзінің бола
-
шақта Құдайға айналуын күтеді. Өйткені Құдайлық
Достарыңызбен бөлісу: