Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет71/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

apatheia 
болған гректердің қол жетпейтін Құдайы бөгде, 
Иисус Христос кейпінде адамға айналған Құдайға ұқсамайтын. Азапталатын 
және қауқарсыз Құдай идеясы ересиархтардың намысын қорлады. Бірақ 
ортодокстар олар Құдайлықты сыр мен кереметтен айырғысы келеді деп 
жорамалдады. Адамға ену парадоксы өз шегінде ойлайтын және біздің 
өзімізге деген қанағатшылдығымызды еш бұзбайтын эллинистік Құдайдан 
құтқарушы болып көрінді. 
529 ж. император Юстиниан Афинадағы ең көне философия мектебін жа
-
бады. Сонымен интеллектуалды пұтқа табынушылықтың соңғы тірегі қирады. 
Бұл мектептің соңғы ұлы ұстазы Плотиннің ізбасары Прокл (412–485 жж.) 
болды. Пұтқа табынушылық философиясы құпия әдіске көшті. Жаңа дін
-
нен ойсырай жеңілді. Алайда төрт жылдан кейін қайдан шыққаны белгісіз 
төрт мистикалық трактат пайда болады. Оларды жазған - апостол Павелдың 
бірінші афиналық ізбасары Дионисий Ареопагит. Шындығында оларды сол 
ҮІ ғасырда есімін айтуды қаламаған грек-христиан жазған болатын. Белгісіз 
автор шынайы тұлғасына қарағанда маңыздырақ символдық күшке ие бол
-
ды. Жалған Дионисий неоплатонизмді шоқындырып, гректердің Құдайын 
Тәураттағы семиттік Құдаймен үйлестіре алды. 
Мұнымен бірге Дионисий әулие әкей каппадокийліктердің де көзқа
-
растарын бөліскен болатын. Ұлы Василий сияқты ол да 
керигма
мен 
догма 
арасындағы айырмашылыққа айтарлықтай көңіл бөлді. Хаттарының бірінде 
Дионисий сонау апостолдардан келе жатқан екі теологиялық дәстүр барын 


185
айтқан. Керигматикалық ізгі хабарлар ақылға қонымды және түсінікті болса, 
догматикалық – меңіреу және жұмбақ. Дегенмен, олар бір-біріне сүйенетін 
және тең дәрежеде христиандық сенім үшін маңызды. Бірінші ілім «сим
-
воликалық және құпияларға бастайды», екіншісі – «философиялық және 
аподиктикалық, яғни сөзбен айтылатын нәрсе айтылмайтынмен бірігіп кет
-
кен»
253

Керигма
өзінің айқын да анық ақиқатымен қызықтырады. Ал меңіреу, 
қастерлі 
догма 
бастан кешуді талап ететін жұмбақ. Ол «Құдайда ғылыммен 
танылмайтын құпиялармен әрекет етеді және бекітіледі», - дейтін Дионисий 
және оның сөздерінде аристотельшілдік сезілетін
254
. Сөзбен және логика
-
лық, рационалды оймен түсіну мүмкін емес діни ақиқат сөз болып отыр. Ол 
символ, тіл және литургия құралдары арқылы көрінеді, немесе танылмай
-
тынды көзден жасыратын. Сонымен бірге танылмайтын Құдайды шектеулі 
адам мүмкіндіктеріне икемдейтін, Ақиқат ақылмен болмаса да, елес арқылы 
«қасиетті перделер» сияқты доктриналармен беріледі
255
. Сенімнің жасырын, 
эзотерикалық мағынасы билік басындағы азшылыққа емес, барлық мұсыл
-
мандарға қолжетімді болды. Дионисий монахтар мен тақуаларға ғана жа
-
райтын әлдебір даналық ілімді негіздеген емес. Құдайға баратын басты жол 
литургия болып қалды. Оған сенушілердің барлығы баратын және ол Дио
-
нисий теологиясында маңызды орында болды. Көбінесе ақиқаттың сенімді 
перделердің артына жасырынғандығының себебі христиандардың ізгі ни
-
еттеріне кедергі болу үшін емес, керісінше, барлық сенушілер Құдайдың 
Өзінің тілмен жеткізуге болмайтын ақиқатымен бетпе-бет келулері үшін 
сезімдік қабылдау мен ойлаудың әдеттегі категорияларынан ары асып ке
-
тулері керек еді. Кез келген теология апофатикалық болуы керек деген кап
-
падокиялықтардың сенімін күшейткен бойсұну Дионисийде тілмен сипат
-
талмайтын Құдайға тіке көтерілу құралына айналды. 
Жалпы Дионисий «Құдай» сөзін қолданудан қашқақтаған. Бұған оның 
сол уақытта көптеп айқындалмаған және адамиланған келбетіне ие болуы 
253
Послание
9 (
Титу
иерарху
). 
Перевод
Г
.
М

Прохорова

Цит

по
изд
.: 
Дионисий
Ареопагит

О
церковной
иерархии

Послания
. – 
СПб
.: 
Алетейя
, 2001. – 
С
. 255–257.
254 Ibid. 
255
О
небесной
иерархии
, I. 
См

цит

изд
.


186
себеп болуы мүмкін. Ол проклдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет