175
қажет ететін рационалды гипотезаны білдіретін. Құдай туралы «теорияны»
жасағанда, «Оны» адамның ойлау деңгейіне түсіруге болады деп жобалан
-
ды. Никей құрылтайында мұндай деңгейдегі пікірталастарға христиандар
-
дың көпшілігі дайын бомады. Батыстан үш-ақ теолог келіп қатысады. Кейбір
грек терминдерінің мазмұнын түсінбегендіктен, Батыста көпшілік Үштік док
-
тринасына наразылық білдірді. Оны басқа тілдерге толықтай аудару мүм
-
кін еместігін де есептен шығаруға болмайды. Әр халықтың Құдай туралы
түсініктерін өз беттерінше қалыптастыруына тура келді. Өйткені Үштіктің
грекше анықтамасы Батыс халықтары үшін түсініксіз еді. Сондықтан олар
өз нұсқаларын жасауға мәжбүр болды.
Католик шіркеуіне арнап Үштік анықтамасын теолог Әулие Августин жа
-
сап берді. Ол Платон мен Плотин ілімдерінің ірі жақтаушысы болғандықтан,
басқа батыстық әріптестеріне қарағанда гректік доктринадан бас тартуы
қиынырақ болды. Өзі айтып кеткеніндей, дұрыс түсінбеудің себебі термин
-
дерді шатастырудан келіп шықты:
Айтылмағанды түсіндіру үшін және адам айта алмайтынды айту
үшін біздің грек бауырларымыз бір болмыс пен үш субстанцияны, ла
-
тын тіліндегілер бір болмыс не субстанция мен үш Жүзді
Достарыңызбен бөлісу: