Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет70/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

retineo
(Адамға айналу ақиқатын есте ұстау), 
contemplatio
(ақиқаттар 
туралы ойлану) және 
dilectio
(олардан ләззат алу).
Құдайлық бақылауды үздіксіз сезінуді тәрбиелеу арқасында адам са
-
насына біртіндеп Үштікті тану да орнығады
248
. Мұндай таным қандайда 
мәліметті қабылдауды ғана емес, адамның өз жанында Құдайлық өлшемді 
айқындау арқылы адамды жаңғыртатын шығармашылық ынтаның болуын 
да қалайды. 
Бұл Батыстағы қараңғылық пен қорқыныш дәуірі еді. Еуропаға баса-көк
-
теп кіріп жатқан варварлар тынбастан Рим империясының іргесін шайқал
-
тып кетті. Өркениеттердің құлдырау қаупі, әрине, христиандықтың рухания
-
тына да әсер етті. Августинның ұлы ұстазы Амвросий басты ізгілігі 
integritas
– тұтастық болып табылатын таза қорғаныстық сенімді насихаттады. Шір
-
кеуге өз доктриналарының бұзылмауын сергек қадағалауына тура келді: 
Мәриям ананың күмәнсіз пәктігі іспетті, Шіркеу арына тобырымен ариан
-
дыққа кіріп жатқан варварлардың жалған идеяларының дақ түсірулеріне 
мүмкіндік бергісі келмеді. Августинның соңғы еңбектері де терең қайғыға 
толы: Римның құлдырауы кейінгі уақытта батыстық дүниетанымда ойып 
тұрып орын алған “Алғашқы Күнә” доктринасына ойысуына ықпал жасай
-
ды. Әулие Августин, Құдайдың адамдарды Адамның жалғыз ғана күнәсы 
үшін мәңгі қарғысқа ұшыратқандығына сенді. Туабітті күнәһарлық алғашқы 
адамның ұрпақтарына, Августин сөзімен айтқанда ләззатты Құдайдың Өзі
-
нен емес, оның жаратқандарынан іздеу қалауы, «құмарлықпен» кірленген 
жыныстық қосылу кезінде болатын. Әсіресе бұл жыныстық қосылу кезін
-
де қатты сезілетін, өйткені бұл кезде сана құмарлық сезіміне батып, жа
-
ратылғандар бір-бірінен Құдайды мүлде ұмыттыратындай ләззат алатын. 
Көрсоқыр сезімдер мен жабайы құмарлық бейберекетсіздігінен әсерлен
-
ген Августинның ақыл бейнесі варварлық тайпалардың шабуылынан құл
-
дыраған, батыстық ойдың, заң мен тәртіптің тірегі болған Рим жағдайын дәл 
бере білді. Августин өзінің радикалды доктринасының қорытындысы ретін
-
де қаһарлы, қатігез Құдайдың портретін суреттейді:
248 Ibid. 


182
Күнәдан соң жәннаттан қуылған адам мен күнә жұқтырған ұрпағына 
соңына дейін өлім мен асылық арқылы жазалау берілген; сондықтан 
оның ұрпағы онымен бірге жазаланатын зайыбынан тән ләззатынан 
туылды да, алғашқы туабітті күнәға ие болды (осы ләззат үшін бағын
-
бағандығына лайық жаза берілді) және адасу мен түрлі қайғы-қасірет 
арқылы күнә жасаған періштелермен бірге шетсіз-шексіз жазаға 
бастап барады...
Демек, іс былай болған: асылық танытқан бүкіл адам ұрпағы зұлым
-
дыққа батты немесе бір зұлымдық пен екіншісі арасында айдалып 
жүрді және күнә жасаған періштелермен бірігіп, залым күнәлары үшін 
лайықты жазасын алды
249
.
Адамның ауыр күнәға батуын яхудилер де, грек православтар да мұн
-
шалық деңгейде қарастырмаған. Мұсылмандар да кейін Алғашқы Күнә те
-
ологиясын қабылдамайды. Бұл таза батыстық доктрина ертерек Тертуллиан 
ұсынған Құдайдың қаһарлы бейнесін ушықтырып жіберді. 
Әулие Августин бізге барынша күрделі мұра қалдырды. Адамдарды адам 
табиғатының ауыр күнәһарлығы идеясына сендіретін дін, міндетті түрде, 
адамдарды өздерінен аластатады, мұндай аластату жалпы жыныстық ба
-
стаманы, соның ішінде әйелдерді қаралауда көрінді. Алғашқыда христи
-
андықтың әйелдерге барынша жұмсақ болғанына қарамастан, Августин 
дәуірінде-ақ Батыста әйелдерді кемсітушілік орнаған болатын. Иероним 
хаттары әйелдерге деген жеккөрушілікке толы болғаны соншалық, кейде 
бұл ашу психиканың бұзылғандығынан емес пе деген ой келеді: 
Хауа өзің екендігін әлі білмейсің ба? Әйелдерге берілген Құдай
-
дың жазасы дүние барда күшінде болады, яғни күнә да күшінде. Шай
-
танның азғыруымен Құдай бұйрығын бірінші болып бұзып, тыйым са
-
249
Энхидридон
, 26–27. 
Цит

по
изд
.: 
Блаженный
Августин

Энхиридион

или
О
Вере

Надежде
и
Любви
. – 
Киев

УЦИММ
-
ПРЕСС
– 
ИСА
, 1996. – 
С
. 304–305.


183
лынған жемісті жеген сен емес пе едің. 
Шайтан азғыра алмағанды дәл сен азғырдың. Сен Құдайға ұқса
-
тылған адамды бұрыс жолға түсірдің; ақыры сенің күнәңды орнына 
келтіру Құдай Ұлының өмірінің құны болды 
250
.
Августин мұнымен толық келісті. Досына жазған хатында ол былай дейді: 
«Әйелің бе, не анаң ба, айырмашылығы жоқ, бұл әр әйелде бар сол баяғы 
Хауа-азғырушы»
251
. Мұнымен бірге, Августин Құдайға не үшін әйелді жарату 
қажет болғанын түсіне алмайды, не дегенмен «егер Адамға қуаныш сый
-
лайтын әңгімелесуші керек болса, еркек пен әйелден гөрі екі дос-еркекті 
бір араға келтіргені дұрысырақ болар еді»
252
. Әйелдің жалғыз міндеті бала
-
ны дүниеге келтіру болды. Бірақ бұл жыныстық ауру секілді келесі ұрпаққа 
Күнә жасап азғындау індетін өткізетін. Адамзаттың білдей тең жартысына 
күмәнмен қарайтын және ақыл, жан немесе тән әрекеті арқылы құрдымға 
кетіретін құмарлықты ғана көретін дін, адамдарға өз өміріне деген жек
-
көрушілік қана туындатуы мүмкін. Батыс христиандығы соңына дейін осы 
бір невропатикалық жеккөрушіліктен әлі де арыла алмай келеді. Әйелдің 
рухани атақ алыну идеясының өзінен осындай сабырсыздық реакциясы 
әлі күнге дейін бой көрсетіп келеді. Шығыс әйелдері сол дәуірлерге тән 
кемшілігі себепті әлсіз деп саналса, олардың Батыстағы әпке-сіңлілеріне 
бұған қоса күнәһар құмарлық таңбасы басылған еді. Сол себептен оларға 
қорқынышпен және жағымсыз кейіппен қарау керек болды. 
Бұл қатынас екі жақты ойға сыймайды; Құдай тәнге ие болып, адами
-
лықты бізбен бөлісті деген доктринаның өзі христиандарда тәнге құрмет
-
пен қарауға итермелеуі керек еді. Діннің осы бір күрделі мәселесі жөнін
-
де пікірталастар көпке дейін созылды. ІҮ және Ү ғғ. Аполлинарий, Несторий 
және Евтихий сынды ересиархтар бірқатар шешімі жоқ сұрақтар көтерген 
болатын. Христтың Құдайлығы Ондағы адамилықпен қалай үйлесе алады? 
250
О
женском
убранстве
, I, 1. 
Перевод
Э

Юнца

Цит

по
изд
.: 
Тертуллиан
Квинт
Септимий
Флорент

Избранные
сочинения
. – 
М
.: 
Прогресс
, 1994. – 
С
. 345.
251
Августин

Письма
, 243:10.
252
Августин

О
Книге
Бытия
буквально
, I
Х
:5.9.


184
Мәриям шындығында Иисус-адамның анасы ма, әлде Құдай анасы болған 
ба? Құдай қалайша қауқарсыз жылайтын сәби бола алады? Оны Иисуспен 
ерекше жақын байланыстыратын және Ол адам тәнінде ғибадатханадағы
-
дай өмір сүрді дегеніміз дұрысырақ болмай ма? Ортодокстар ересиарх
-
тардың өздерін ыңғайсыз жағдайларға қалдырған айқын қайшылықтарына 
қарамастан, өз позицияларынан бас тартқан жоқ. Александрия епископы 
Кирилл афанасьевтік көзқарастарды ұстанды: Құдай біздің кемшін және 
азғындаған әлемімізге терең дендегені соншалық, опасыздық пен өлім 
дәмін татты. Бұл идеяны жан ашуды, өзгеруді білмейтін Құдайдың сезім
-
сіздігімен үйлестіру мүмкін еместей көрінеді. 
Басты сипаты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет