Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет72/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

theurgy 
ұғымын дұрыс көрді, бастапқы
-
да ол литургиялық мәнге ие болды: пұтқа табынушылық әлемде 
теургия 
табыс, құрбандық шалу мен көріпкелдік арқылы Құдайлық 
мананы 
иелену 
дегенді білдірді. Дионисий бұл терминді Құдай туралы пайымдауға тиесілі 
дін білетін. Өйткені дұрыс түсінген жағдайда олар көрінген символдарға 
жасырынған Құдайлық 
энергияларды 
босата алатын. Дионисий каппадо
-
киялықтардың Құдайға қатысты кез келген сөздер мен концепциялар о 
бастан нұқсан және адам танымынан тысқары жатқан әлемді дәл суреттей 
алмайды дегендеріне қосылатын. «Құдай» сөзінің өзі кемел емес, өйткені 
Құдайдың Өзі «Құдайдан жоғары» - бұл «болмыс шегінен шығатын құпи
-
я»
256
. Христиандар Құдайдың Жоғары Болмыс еместігін, барлық төменгі бол
-
мыстардың басында тұрған ұлы болмыс еместігін түсінулері керек. Таным 
объектісіне айналдыруға болатын жеке шынайылық ретінде Құдай заттар 
мен адамдарға қарсы тұрған жоқ. Құдай – бұл әлемдегі объектілердің бірі 
ғана емес. Ол біздің тәжірибе алаңымыздағы бірде-бір нәрсеге ұқсас емес. 
Нақты айтқанда, Оны «Ештеңе» деп атау дұрыс болар еді; қалай болғанда да 
Оны Үштік деп те атауға болмайды, себебі Ол – «бздің санамыз қабылдайтын 
Жалғыздық та Үштік те емес»
257
. Ол кез келген есімнен жоғары болғанын
-
дай, барлық есімдерден жоғары
258
. Дегенмен Құдай туралы айта алмайтын
-
дығымыздың өзін біз Онымен бірігу жолы ретінде пайдалана аламыз. Бұл 
өз болмысымыздың «Құдайлануы»
 (theosis) 
дегенді білдіреді. Киелі Кітапта 
Құдай бізге өз Есімдерінің мынадай қабаттарын ашты– «Әке», «Ұл» және 
«Қасиетті Рух». Бірақ мұны Өзі туралы білімді жеткізу үшін емес, адамдарда 
Өзіне деген махаббатты ояту үшін және Өзінің Құдайлық табиғатына қо
-
сылуға көмектесу үшін істеді. 
«Құдайлық есімдер туралы» деген трактатының әр тарауын Дионисий 
Құдайдан келген 
керигматикалық 
ақиқаттардың бірінен бастайды. Оның 
қайырымдылығы, даналығы, әкелігі және т.б. қамтылады. Содан соң автор 
256
Дионисий

О
божественных
именах
, II.7.
257 Ibid ., VII.3.
258 Ibid. , XIII.3.


187
Құдайдың осы сипаттарында Өзінің бір қырын көрсетсе де, көрінгені Оның 
Өзі емес. Егер біз шынымен Құдайды танығымыз келсе, осындай сипаттар 
мен есімдерден бас тартуымыз керек. Ақыры Оның бір мезгілде «Құдай» да, 
«Құдай емес» те екенін мойындауымыз керек. Оның қайырымдылығы тура
-
лы ойлау міндетті түрде Оның «қайырымды еместігін» көрсетеді. Танымды 
агностицизммен тікелей байланысты етіп көрсететін мұндай парадокстар 
сипатталынбайтын Ақиқатқа ұмтылуда қарапайым түсініктерден жоғары 
тұруға итермелейді. Ондай сәтте біздің айтатынымыз:
...Оған ойлау да, мағына да, сезіну де, тітіркену де, пікір де, қиял да, 
есім де, барлығы тән, және Оны ойламаймыз, сезінбейміз, атамаймыз. 
Ол болмыстың бірі емес және болмыстың бірі де Оны тани алмайды
259
.
Осылайша, Киелі Кітапты оқу – Құдай туралы фактілерді іздеу емес, таңға
-
жайып сауат ашу. 
Керигма
оның барысында 
догмаға
айналады. Бұл тәсілді 
Құдайлық құдіретке жанасу – 
теургия 
деп атайды; ол Құдайдың деңгейіне 
көтеріліп, байырғы платониктер үйреткендей, өзіміздің құдайлануымызға 
мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, бұл тәсіл ойланбауға үйретеді! «Құдай
-
лық болмыс туралы қандай да болсын ойлардың бәрін кейінге ысырып 
тастау керек, ақылдың жұмысын тоқтату қажет»
260
. Құдайлық нышандарды 
терістеуден де бас тарту ләзім. Тек сонда ғана Құдаймен табысу рахатына 
қол жеткізесің.
Рахат туралы айтқанда, Дионисий әдеттен тыс рухани хәлді немесе сана
-
ның түсініксіз йога техникалары арқылы өзгертілген түрлерін меңзеген жоқ; 
ғибадат жасау мен елестетудің таңғажайып тәсілдерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет