Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет80/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God


яғни

«ескертуші»
273
ғана болатын.
 
Алла оны құрайыштарға ахуалдарының қаншалықты ауыр екендігін ескер
-
ту үшін жіберді. Оның алғашқы аяндарында қатал тағдыр жайында айтыл
-
майтын. Керісінше, үмітке толы қуанышты хабардың желі есетін. Мұхаммед
-
ке ағайын-туысына Құдайдың барлығын дәлелдеудің қажеті жоқ болатын. 
Олар онсыз да жер мен көкті жаратқан Алла деп сенетін, көпшілігі Оның 
яхудилер мен христиандардың да сенген Құдайы екендігіне шәк келтірмей
-
тін. Құдайдың барлығы онсыз да белгілі болатын. Алғашқы сүрелердің бірін
-
де Құдай Мұхаммедке былай дейді
:
Егерде олардан (имансыздардан): «Ғарыштар мен жерді жаратып, 
Күн мен Айды бағынышты қылып қойған кім?» - деп сұрасаң, олар 
міндетті түрде «Алла» деп жауап береді. (Сөйте тұра), олар ақиқаттан 
қандай алшақ десеңші! Алла өзі қалаған құлдарының ризық-бере
-
кесін төгіп беріп молайтады, ал кейбіреулерінің нәсібін азайтып, шек
-
272
Қараңыз

Кұран
, (42:7): «
Біз
Құранды
«
Уммул
-
Құра
» (
меккеліктер

мен
оның
айналасындағыларға
шүбəсіз
жиналатын
Күнді
ескерту
үшін
араб
тілінде
уахи
еттік
…»
273
Қараңыз

Кұран
, 88:21.


206
тейді. Шын мәнінде, болмыс атаулының барлығының білермені – бір 
Алланың Өзі. (уа, Мұхаммед), егерде сен олардан: «Аспаннан берекелі 
жауын жауғызып, қуаңшылықтан құрғап қалған өлі жерге жан беріп, 
(жайқалтып өнім шығаратын) кім?»- деп сұрасаң, олар міндетті түрде 
«Алла» дейді....
274
Ең
 
қиыны сол, арабтар сенімдерінің апарып соқтырар зардабын терең
-
нен толғап түсінбейтін. Құдай, алғашқы уахидың дәлелдегеніндей, олар
-
дың әрқайсысын бір тамшы ұрықтан жаратты, ішіп-жеу үшін олар Құдайға 
мұқтаж еді. Бірақ сонда да олар адам сенгісіз тәкаппарлықтан 
(иатқа)
өз
-
дерін әлемнің тұтқасы санайтын және өздеріне тоқмейілділікпен 
(истақа)
қарайтын; бұл берекесіз істері үлгілі араб қоғамының мүшелеріне үйлесімді 
емес сипатта еді. 
Сондықтан, Құранның алғашқы бөлімдері табанды түрде құрайыштар
-
ды барлық жерде көрініс табатын Құдайдың мейірімін сезінуге шақырады; 
олар өздерін қоршаған күллі нәрсеге мұқият қараса, Оған қаншалықты қа
-
рыздар екендіктерін ұғып, соңғы кездері жеткен жетістіктерінің болмашы 
ғана екенін түсінер еді әрі әлемнің тәртібінде Жаратушыға толықтай мұқтаж 
екендіктерін ұғынар еді:
Адамға өлім келсін! Оның күпірлігі не деген сұмдық еді! Оны (Алла) 
неден жаратты? Бір тамшы ұрықтан жаратты және оған жан-жақты 
жетілдірілген дене-мүшелерді берді. Содан кейін оның жер бетіндегі 
өмір жолын жеңілдетті. Содан соң оны өлім қалпына түсіріп, қабірге 
кіргізеді. Кейін қалаған кезінде оны қайта тірілтеді. Соған қарамай, ол 
(Алланың) жарлықтарынан бас тартады. Адам баласы қандай тағамдар
-
мен қоректеніп отырғанына назар салмай ма? Соларды өндіру үшін Біз 
мол етіп жауын жауғызамыз. Одан соң жыртылып тырмаланған жерге, 
дәнді дақылдарды, жүзім мен көкөністі, зәйтүн мен құрма ағаштарын, 
мол етіп бау-бақшаларды, жемістер мен жем-шөптерді өздеріңе және 
274
Құран
, 29: 61-63


207
малдарыңа қорек болсын деп өсірдік.
275
Осылайша, мәселе, Құдайдың барлығына тіреліп тұрған жоқ. Құран
-
да 
кәпір
(кафир би нимәт Аллах)
деп бізге әдеттегідей таныс мағынадағы 
Құдайдың барлығына тіпті сенбейтін атеистерді атамайды, оның орнына 
Аллаға ризашылықты сезінбейтін, Оның алдындағы міндеттерін түсінсе де, 
терең құрмет сезінбей, қыңырлық пен нығметтеріне шүкіршілік етпейтін
-
дерді нұсқайды. 

Құран құрайыштарға жаңа бір нәрсе үйреткен жоқ. Керісінше, қай


-
та- қайта астын сызып тұрып, мұның бұрыннан белгіліні «еске салу» ғана 
екендігін, тек бұл ақиқаттар айқынырақ түсіндіріліп жатқандығын айтады. 
Құран шумақтары көбінесе мынадай сөз саптаулармен басталады: «Көр
-
медіңдер ме......?» немесе «Білмеуші ма едіңдер...?» Құдай сөзі жоғарыдан 
қалауына сай жарлық түсірмейді, құрайыштармен сұхбат құрады. Мысалы, 
оларға Алланың үйі – Қағбаның жалпы алғанда олардың жетістіктерінің өл
-
шемі екенін және бұл нығметтер үшін шынында да бір Құдайдың құдіреті
-
не мұқтаж екендіктерін еске салады. Құрайыштар қасиетті жерді айнала 
тәуап жасағанды жақсы көретін. Бірақ материалдық молшылықтарының ба
-
сты себебін өз еңбектерінің арқасында деп білуші еді. Яғни ескі құлшылық 
рәсімдерінің бастапқы мәнін ұмытып кете беретін.
 
Табиғаттағы заттардың 
ақиқатынан Құдайлық мейірім мен құдіреттің белгілерін 
(аят)
тани білудің 
уақыты келген еді. Егер құрайыштар Құдайлық мейірімді қауым арасында 
қайтадан жаңғырта алмаса, заттардың ақиқатымен байланысты үзіп алу қа
-
упіне душар болады.
 
Осыған байланысты Мұхаммед ізіне ергендерге күні
-
не екі рет иіліп құлшылық 
(салат-намаз)
қылуды тапсырды. Бұл әрекеттер 
мұсылмандарда рухани бойсұнушылықты тәрбиелеп, өмірлеріндегі жалпы 
бағытты өзгертуі тиіс еді. Уақыт өте келе Мұхаммедтің діні 
ислам
деп аталды. 
Яғни ізбасарларының әрқайсысынан Аллаға шынайы берілу талап етілетін. 
Шын 
мұсылман 
– өз өмірін тұтасымен Жаратушыға арнаған жан. Алғашқы 
мұсылмандардың құлшылық қылғанын 
(салат)
көргенде меккеліктер шоши 
275
Кұран
, 80:17–32.


208
бастады: олардың пікірінше, құл сияқты иіліп, жерге сәждеге жығылу паң мі
-
незді бәдәуи еркіндігі мен сан ғасыр жалғасқан тарихы бар құрайыш секілді 
тәкаппар рудың өкілдеріне оғаш іс саналатын. Осыған байланысты алғашқы 
мұсылмандарға құлшылықты қаладан қашық емес таудың сай-саласында 
тығылып орындауға тура келді. Құрайыштардың реакциясы Мұхаммедтің 
олардың рухани әлемдеріндегі басты ақауды айна-қатесіз анықтай алғанын 
көрсетті. 
Тәжірибелік тұрғыдан алғанда 
ислам 
мұсылмандар барлық адам тең 
болатын әділетті қоғам құруға міндетті дегенді білдірді. Ол қоғамда тіпті 
кедейлер мен мүгедектерге де лайықты құрмет көрсетілуі тиіс. Құрандағы 
алғашқы этикалық үндеу өте қарапайым болды: байлықты жинап, тек қа
-
рақан бастың қамын күйттеу – жаман; жақындарымен бөлісіп, тұрақты түр
-
де мал-мүлкінің белгілі бір бөлігін жоқ-жітікке беріп тұру – жақсы.
276
Садақа 
беру 
(закат) 
және намаз оқу
 (салат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет