203
уахи оған әрдайым анық және сөз қалпында келмейтін болғандықтан, оның
маңызы мен мәнін дәл ұғыну үшін жанталасатын. Кейде оған уахи мазмұ
-
ны анық болатын: «Жәбірейілді анық көріп, оның не дегенін анық естідім»
дейтін. Енді кей сәттері мағынасы түсініксіз уахи оны азапқа салатын. Кейде
уахи қоңыраудың талмаусырап жеткен үніндей құлаққа әрең шалынатын:
«Мен үшін ең қиын сәт осы еді. Ал уахиды түсініп болам дегенше Иләһи
әуез әрең естіліп жататын».
269
Классикалық кезеңнің алғашқы өмірбаяншы
-
лары Пайғамбарды «көбіне өз рухына мұқият құлақ түретін» деп жазады, біз
қазіргі кезде оны түпсанаға үңілу деп айтуымыз керек шығар.
Бұл құбылыс
шабыт қысқан шайырдың өлең «тудырар» сәттегі санасының түбінде шөгіп
жатқан шумақтардың айқын санаға қалқып шыққан сәтін еске салатын си
-
яқты.
Шумақтардың сыртқа шығар заматтағы қуаты мен айқындығы құпия,
тысқары бір күштің әсерін көрсететін секілді. Құранда Құдайы Мұхаммед
-
ке, Уордсуорттың «әрекетсіз кемеңгерлікпен» деп айтқанындай, үзік-үзік
жететін уахи сөзін асықпай, ұқыпты түрде ден қоя тыңдауды бұйырады.
270
Достарыңызбен бөлісу: