Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет75/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

193


194
V. 
Таухид

Ислам
 
Құдайы
610
ж. шамасында ешқашан Тәуратты оқымаған, тіпті Исайя, Иере
-
мий және Иезекл туралы да естіп көрмеген араб көпесі ескі 
еврей пайғамбарларына ұқсас тәжірибені бастан кешірді. Меккелік құрай
-
ыш тайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдұлла әр жылы рамазан айын
-
да отбасымен қала сыртындағы Хира тауында рухани оңашалануды әдет
-
ке айналдырған болатын. Бұл түбектегі арабтар арасында сирек те болса 
кездесетін құбылыс еді. Тау басында Мұхаммед Ұлы Аллаға мінәжат ететін, 
әрі осы қасиетті мекенге табаны тиген жоқ-жітікке садақа үлестіретін еді. 
Мұхаммедтің көп уақытын ауыр ой үстінде өткізуі ғажап емес. Өмірінің кей
-
інгі кезеңдері көрсеткеніндей, соңғы уақытта қанша көркейсе де, көпшілік
-
ті үрейлендіретін Меккедегі дүниеқұмарлық үшін қатты алаңдайтын. 
Небәрі жарты ғасыр алдын құрайыштар да, араб шөліндегі басқа бәдәуи 
тайпалары секілді, көшпелі өмір салтын ұстанатын. Ендігі жерде әрбір күн 
тіршілік үшін жанталасты қажет ететін болды. Құрайыштар VI ғасырдың 
соңғы жылдарында саудада үлкен жетістіктерге жетіп, Мекке қаласы Араб 
түбегінің үлкен орталығына айналды. Құрайыштар адам нанғысыз дәрежеде 
байып кетті. Бірақ мұншалықты үлкен өзгерістер тайпаның өмір салтына 
кері әсер етті, бұрынғы құндылықтардың орнын дүниеге деген құмарлық 
басты. Көңілдерді үрей биледі. Мұхаммед құрайыштардың қауіпті жолға 
түскенін көре білді және жаңа шарттарға үйлесімді тіршілік етулері үшін 
оларға жаңа бір идеологияның қажеттілігін сезінді. 
Ол кезде саяси шешімдер көбіне діни сипатта болатын. Мұхаммед 
руластарының жаңа діні ақшаға құрылып жатқанын түсінді. Бұған таң 
қалудың да қажеті жоқ еді, өйткені, оларды дәл осы байлықтары көшпелі 
өмірдің тауқыметінен, үнемі жалғасып жататын аштық пен Араб шөлін 
мекендеген тайпалардың қатыгездігінен құтқарғанына күмәнданбайтын. 


195
Әрбір тайпа күнделікті жойылып кету қаупімен бетпе-бет келетін. Енді 
қажетті азықтары көп Мекке біртіндеп сауда-саттық пен қаржылық 
қатынастардың халықаралық орталығына айналды. Тіпті тайпа мүшелерінің 
өздерін өз өмірлерінің қожайыны сезінетін кейбіреулері байлық мәңгілік 
өмір сыйлайтындығына сенетіндей көрінетін. Мұхаммед мұндай тоғышарлық 
(истака) 
культі тайпаны түбі ыдырататынын білді. Бұрынғы көшпелі 
тіршілікте бірінші орында қоғамның қамы тұратын, ал жеке мүдделер екінші 
кезекте еді: барлығы да өз өмірлерінің тайпаның амандығына байланысты 
көркейетінін түсінетін. Өзі кіретін этникалық топтағы жоқ-жітік пен кедей-
кепшікке көмек қолын созу – мүлтіксіз орындалатын дәстүр қалпында еді. 
Ал қазір қауымдық құндылықтар индивидуализммен алмасты, 
бақталастық әдепкі іске айналды. Адамдар тек қарақан басының қамын 
ойлап, жоқшылық тауқыметін тартқандарға назар аудармайтын болды. 
Тайпадағы әрбір ру Мекке байлығынан қомақты үлес алу үшін өзара 
бәсекеге түскен еді және бағы тайған кейбір рулар (Мұхаммедтің руы 
Хашимилер секілді) опат болудың алдында тұрғандарын сезетін. Егер барша 
құрайыштар өз өмірлерінің өзегі ретінде биік бір құндылық жаратып, ашкөз 
менмендіктерін жеңбейтін болса, көп ұзамай тайпа өзін моральдық және 
саяси тұрғыдан өзара қақтығыстар нәтижесінде жойып бітетінін Мұхаммед 
жақсы сезген еді. 
Арабияның басқа аймақтарында да жағдай мәз емес болатын. Хижаз бен 
Нәжді мекендерінде бәдәуи тайпалары күнкөріс үшін өзара қатал күрес 
жүргізетін. Тайпа тіршілігін қамтамасыз етуге тиіс қоғамдық рухты әлсіретіп 
алмай, қауіпсіз өмірдің кепілдігі үшін арабтар тіпті діннің орнын да 
алмастыра алатын 
мурувва
идеологиясын қалыптастырды. Дәл мағынасында 
дін арабтарға тән емес болатын. Оларда пұттар пантеоны мен құлшылық 
орындары болды, әйтсе де бұл Құдайлары мен қасиетті орындарының 
рухани өмірдегі орнын айқындап беретін жетілген мифология қалыптастыра 
алмаған еді. Арабтарда о дүниелік өмір сенімі де жоқ еді, оның орнына, 
«заман» немесе «тағдыр» ретінде аударуға болатын 
дәһр
дің жоғарғы 
күшіне сенетін; өлім көрсеткіші өте жоғары саналатын бұл қоғамда мұның 
маңыздылығы түсінікті жағдай. Батыстық ғалымдар 
мурувва 
түсінігін көбіне 


196
«ерлік, жауынгерлік» мағынасында аударып жүр, бірақ оның мазмұны бұдан 
да ауқымды: бұл ұғым соғыста - жауынгерлікті, қайғы-қасіретте - сабырлық 
пен қайсарлықты және өз тайпасына адалдықты, шын берілгендікті 
көрсетеді. 
Мурувва
ның адамгершілік канондары бойынша бәдәуи қарақан 
басының қауіпсіздігін ойламастан, тайпа басшысы 
сайид
қа сөзсіз бағынуы 
тиіс. Әрбір араб тайпасына қарсы жасалған қиянаттың өшін алу үшін мұндай 
бекзат іске өзін тұтастай арнауы тиіс және тайпаның әлсіздерін панасына 
алуы керек. Тайпа тіршілігін үйлестіру үшін 
сайид
азық-түлік пен мүліктерді 
теңдей бөлетін, ал тайпаластарынан біреуі өлтірілсе,”қанға – қан,жанға 
– жан” ұстанымы жүзеге асатын. Міне, осы жерде қауымдық этика анық 
көрінетін: қылмыскердің өзін жазалаудың қажеті жоқ еді, өйткені исламға 
дейінгі Араб қоғамында тұлғаның артына ізі қалмай жоқ боп кетуі бір сәттік 
шаруа болатын. Кек алу үшін жау тайпаның кез келген мүшесі жарай беретін

Орталық басқару тетігі қалыптаспаған, әр тайпа өз заңымен өмір сүретін және 
қазіргідей тәртіп сақшылары жоқ қоғамда қанды кек әлеуметтік низамды 
реттейтін жалғыз ғана жол болатын.
 
Егер тайпа кек қайтара алмаса, басқа 
тайпалар алдында дереу абыройынан айрылатын, сәйкесінше көршілері 
оларды қырып-жойса да жазасыз қалу құқығына ие болатын. Қанды кек 
осылайша “әділдіктің” тұрпайы түрі болатын, әйтсе де осының арқасында 
ешбір тайпа басқаларынан өзін үстем санай алмайтын. Бір жағынан, бұл 
дәстүр кейбір тұста көптеген тайпаларды зорлық-зомбылықтың тұйығында 
қалдыратын: кейде кектің құны әуелгі қылмысқа сәйкес емес көрінгенде 
тағы да адам өліміне ұласып кете беретін. 
Қатыгездігіне қарамастан 
мурувва 
сөзсіз көптеген артықшылықтарға да ие 
еді. Тайпаластар арасында терең әрі қуатты теңдік сезімін қалыптастырумен 
қатар, материалдық қажеттіліктер тапшы болған қоғамда молшылыққа 
аса мән бермеуге үйрететін. Кеңпейілділік пен жомарттық культін жоғары 
тұту – арабтарды келешек үшін алаңдаушылықтан құтқаруы тиіс болатын. 
Кейінірек куә болатынымыздай, бұл қасиеттер исламда да маңызды орын 
иеленді. 
Мурувва
ғасырлар бойы арабтар үшін сенім мен ақиқат рөлін 
қамтамасыз еткенімен, VІ ғасырдан бастап сол кезеңнің шарттарына жауап 
бере алмайтын хәлге жетті. Мұсылмандар 
джахилиа
(«надандық кезеңі») 


197
деп атаған исламға дейінгі кезеңнің ең соңғы шақтарында тұтас араб 
әлемінде үрей мен рухани күйзеліс белең алды. Түбекті жан-жағынан екі 
алып империя Византия мен Парсылық Сасанидтер әулеті қоршап жатты. 
Отырықшы елдерден Арабстанға жаңаша идеялар ене бастады. Ал Ирак пен 
Сирия жерінде болып келген саудагерлер өз жұртына өркениеттің небір 
кереметтерін айтып беретін. 
Дегенмен арабтар тағылықтың мәңгі қамытын кигендей көрінетін. 
Тайпалар арасындағы соңы жоқ соғыс оларды онсыз да тапшы ресурстарын 
біріктірулерін кешеуілдетіп қана қоймай, біртұтас араб ұлты ретінде 
қалыптасуын да тежейтін. Әйтсе де, әлсіз болса да ортақ бір тұғырдың 
қажеттілігін бәрі де сезетін. Олар тағдырларын өз қолдарына алып, өз 
өркениеттерін қалыптастыра алмай келді. Оның орнына әрдайым сыртқы 
күштердің ықпалында қалып отыратын: шынында да, қазіргі Иемен 
орналасқан оңтүстік Арабстанның ең құнарлы әрі дамыған өлкесі (оның 
артықшылығы Муссон жауындарына байланысты еді) Персияның әдепкі 
провинциясының біріне айналған еді. Сонымен қатар осы аймаққа енген 
жаңа идеялар бұрынғы қауымдық тұтастықты ыдыратып, оның орнына 
индивидуализмнің белгілерін қалыптастыра бастады. Мысалы, о дүниелік 
өмір жайлы христиандық доктрина әрбір тұлғаның кесілген тағдырына 
қасиетті мән дарытатын, алайда мұны жеке тұлғаны жамағатқа байлаған, 
адам жанының мәңгілігі қауымның амандығына байланысты деп түсінетін 
тайпалық көзқараспен қалай үйлестіруге болар еді? 
Дәл осы жерде Мұхаммедтің ерекше кемеңгерлігі айқын көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет