Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


Ақиқат мағына уақыты келгенде өзі көрінгенге дейін сөздерді қинап немесе  кейбір ұғымдардың соңына асығыс түсіп қажеті жоқ



Pdf көрінісі
бет79/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Ақиқат мағына уақыты келгенде өзі көрінгенге дейін сөздерді қинап немесе 
кейбір ұғымдардың соңына асығыс түсіп қажеті жоқ:
 
(Уа, Мұхаммед! Құран аяттары түсіріліп тұрған кезде) жаттап алуға 
тырысып тіліңді безей берме. Шын мәнінде, оны сенің көкірек сарай
-
ыңа салып жаттату – Біздің ісіміз. Біз оны саған оқыған кезде, оқылуын 
тыңдап, сөздерін қайталап, бізге ілескейсің. Ал мағынасын ұқтыру – 
Біздің міндетіміз.
271
Барлық шығармашылық үдерістердегі сияқты, бұл да өте ауыр құбылыс 
еді. Әдетте Мұхаммед өзгеше трансқа түсетін, кейде тіпті есінен танып қала
-
тын кездері де болатын. Тіпті салқын күндері одан шелектеп тер шығатын; 
кейде ауыр қайғы еңсесін басқандай, денесі ауырлық сезініп, басын тізесі
-
269 Bukhari, Hadith , 1.3, quoted in Martin Lings, Muhammad, His Life Based On the Earliest Sources (London, 1983), pp. 44–45.
270 «Expostulation and Reply».
271
Кұран
, 75:16–19.


204
не салбыратып отыратын; Мұхаммед мұны білмесе де, сол дәуірдегі кейбір 
яхуди мистиктері түпсаналарында басқа бір хәлге өткен кезде дәл осындай 
қалыпқа түсетін. 
Мұхаммедтің уахиды мұндай қорқынышты түрде қабылдауы таңғалар
-
лық нәрсе емес еді. Өйткені ол халқына мүлдем жаңаша саяси идеология 
ұсынып қана қоймай, адамзат тарихындағы ғаламат рухани және шығар
-
машылық туындыны өмірге әкелген-тін.
 
Бұған дейін ешқашан арабша түсін
-
дірілмеген Құдай сөзін айтып жүргенін ол жақсы сезінетін. Өйткені, Құран 
Логостың, Исаның Христиандықтағы орны қандай маңызды болса, Ислам 
руханиятында тура сондай орын иеленетін. Біз кез келген ірі діннің негізін 
қалаушылармен салыстырғанда Мұхаммед туралы көбірек білеміз.
 
Әрбір 
сүренің түсу тарихы анық білінетін Құранда пайғамбардың көзқарастары 
қалай жетіліп, дамығандығы айқын көрінеді.
 
Басында ол өзін қандай істерді 
атқару күтіп тұрғанын білмейтін. Бірақ бұлар оған біртіндеп, оқиғалардың 
ішкі логикасына сай әрекет еткен кезде ашыла бастады. Құранда Исламның 
пайда болу процесіне қатысты дін тарихына қажетті бірегей түсіндірмелер 
бар. Бұл Киелі Кітапта Құдай ағымдағы болып жатқан оқиғаларға бейне бір 
үн қатқандай әсер қалдырады: Мұхаммедтің сұрақтарына жауап береді, ис
-
ламға дейінгі қауымның қайшылықтары мен ұрыс-керістерінің түп себебін 
түсіндіріп, адам өміріндегі иләһи өлшемнің мәнін ақтарады.
 
Сүре
лерді Мұ
-
хаммед қазіргі кездегі Құрандағы ретпен алмаған еді, уахи жағдайлардың 
қажеттілігіне және терең мағынасын Пайғамбардың ұғыну сатыларына сай 
үзік-үзік боп келетін. Кезекті
 
бөлім енген тұста, оқу-жазу білмейтін Мұхам
-
мед оны дауыстап айтатын. Мұсылмандардың көпшілігі шумақтарды жатқа 
соғатын, ал сауаты аз бөлігі жазып та алатын. Мұхаммедтің өлімінен жиырма 
жылдай өткенде уахи алғаш рет ресми түрде жинақталды. Құрастырушылар 
сүре
лерді көлеміне қарай ретке қойды: ұзын сүрелерді басына, қысқаларын 
соңына топтастырды. Бұлайша реттеу тым еркін көрінуі де мүмкін. Дегенмен 
Құран – тұтас сюжеттік жүйеге ие емес әрі фрагменттердің бірізділігін талап 
етпейтін кітап. Керісінше, әртүрлі тақырыптарды қозғайды: Құдайдың әлем
-
дегі көрінісі, бұрынғы өткен пайғамбарлардың өмірі немесе ақырет күні 
жайында мәліметтерді қамтиды. Араб тілін білмейтін және оның ғажайып 


205
көркемдігін бағалай алмайтындар үшін Құрандағы көп кездесетін қайта
-
лаулар іш пыстырарлықтай көрінуі мүмкін. Бірдей тақырыптарды үсті-үсті
-
не қайталап тұрғандай әсер қалдырады. Бұл кітап жеке тәптіштеп оқу үшін 
емес, ең әуелі көпшілік алдында дауыстап оқуға арналған. Мұсылмандар 
мешітте кез келген бір сүренің оқылуын естігенде, сенімдерінің негізгі дог
-
маттарын еске түсіреді. 
Мұхаммед Меккеде насихат айта бастаған кезде, өзінің қадір-қауметі 
жайында нақты түсінігі жоқ болатын. Ол жаңа ғаламдық бір діннің іргесін 
салушы екендігіне сенбейтін, құрайышқа ескі бір Құдайлық дінді әкелдім 
деп ойлайтын. Әуелгі кезде басқа араб тайпаларына уағыздау тіпті ойына да 
кіріп-шықпайтын, тек Мекке және оның маңындағы халыққа ғана насихат
-
таймын деп ойлаған еді.
272
 
Теократияның құрушысы болатындығы, тіпті, бәл
-
кім, теократияның не екендігі жөнінде ешқандай түсінігі де жоқ еді. Қалада 
саяси қызметі де жоқ еді, ол тек 
нәзір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет