Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет64/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

apatheiaны 
бөлісетін. 
Афанасийдің айтуынша, Антоний жиырма жыл жындармен күресіп, табыт
-
тан шыққан кезде, денесі мүлде қартаймаған. Ол мінсіз христиан болды. Дәл 
сол байыптылық пен ұстамдылығы оны басқалардан ерекшелейтін: «оның 
жаны тыныш болды, сондықтан сырттай да ол сабырлы болды»
216
. Антоний 
216
Афанасий

О
житии
Антония
, 67.


168
барлық жағынан Христқа еліктейді де, тәнге ие болып, күнәһар дүниеге түсіп, 
онда зұлым күштермен күрескен 
Логос
тай, ол да жындар мекеніне кіреді. 
Қызығы, Климент немесе Ориген сынды христиан-платониктердің Құдайға 
айналуы мен құтқарылуында басты құрал санаған көріністі Афанасий мүлде 
қолданбайды. Ол уақытта қарапайым адамдар өз күшімен Құдайға жақын
-
дай алмайды деген пікір орныққан еді. Ендігі жерде оларға бұйырғаны – 
шетін әлемде тәнге айналған Сөздің түсуіне еліктеу ғана қалды. 
Дәл сол уақытта христиандар бұрынғысынша, Құдай жалғыз болса, Лого
-
стың Құдайлығын қалай түсінуге болады? - деп бастары қатады. Каппадоки
-
ядан (Кіші Азияның шығыс бөлігі) шыққан үш ірі теолог шығыс, православ
-
тық Шіркеуді қанағаттандырған шешімді табады. «Каппадокиялықтардың» 
қатарында Кесарий епископы Василий (329–379 жж. шамасында), оның кіші 
інісі, Нисск епископы Григорий (335–395 жж.) және оның жақын досы Гри
-
горий Назианзин (329–391 жж.) болды. Дінге шын берілген адамдар фи
-
лософия мен пікірталастан үлкен ләззат алатын. Бірақ құдайлық құпиялар
-
дың кілті діни толқыныстарда екеніне сенді. Грек философиялық мектебінің 
тәрбиесін алған «каппадокиялық үйірме» мүшелері ақиқат мазмұны мен 
оның көрінбейтін аспектілері арасындағы үлкен айырмашылықты жақсы 
сезінді. Бұған грек рационалистері де назар аударды. Мәселен, Платон ақыл 
ұғымдарына негізделген және логикалық дәлелдерді қолданатын филосо
-
фияны салмағы одан кем емес философиямен толықтырды. Ол мифологи
-
ямен беріледі және ғылыми негізге ие емес. Дәл осындай айырмашылыққа 
Аристотель де нұсқағанын еске түсірейік. Ол адамдар діни мистерияларға 
тану 
(mathein)
үшін емес, бастан кешіру 
(pathein)
үшін қатысатындығын ай
-
тқан болатын. Ұлы Василий дәл осы ойды христиандық рухта берген бола
-
тын, онда ол христиан сенімі үшін маңызды саналатын 
dogma
мен 
kerygma 
ұғымдары арасындағы айырашылыққа нұсқаған еді. 
Керигма 
астарында Ки
-
елі Мәтінге негізделген ашық шіркеулік ілім болса, 
догма 
деп символмен 
берілетін және тек діни мінәжаттарда берілетін інжілдік ақиқаттардың те
-
рең мазмұны айтылды. Жалпылама белгілі Інжілдік уахилерден бөлек апо
-
столдар дәуірінен келіп жеткен қастерлі эзотерикалық дәстүр де болды
217

217
Қараңыз
. 1 
Кор
. 2:7. – 
Ауд
.
ескер
.


169
Бұл «азшылық үшін құпия ілім» саналды.
Оны біздің қасиетті әкелеріміз қорқыныш пен қызығушылықтан 
[…] қорғаған сабырлықта сақтады, осылай құпиялықтың қасиетті та
-
биғатын үнсіздікпен қорғап келді. Қатысы болмағандарға мұны көруге 
тыйым салынады, ал оның мазмұны хатқа жазылмайды
218
.
Иисустың литургиялық символдары мен тұспал сөздерінің астарында жа
-
сырын түрде өте терең сенім түсінігіне ие құпия 
догма
тұрды. 
Құдай баянында эзо- және экзотерикалық ақиқаттар арасындағы айыр
-
машылық аса маңызды орынға ие. Ол грек христиандығымен шектелмейді; 
иудаистер мен мұсылмандар да өздерінің эзотерикалық дәстүрлерін жа
-
сап шықты. «Құпия доктриналардың» пайда болуы сенушілердің көпшілігін 
ақиқаттан аластатудан туындады деп айту қиын. Ұлы Василий еркін масон
-
дықтың бастапқы түрін ойға алды дей алмаймыз. Ол тек кез келген ақиқатты 
сөзбен, нақты да қатал тілмен бере алмаймыз дегісі келген болатын. Кейбір 
діни жаңалықтар жанды тебірентеді, оған өз күшіңмен ғана жете аласың 
және өз уақытында Платон 
теория
деп атаған көріністе ғана қол жеткізуге 
болады. Барлық діндер әдеттегі концепциялар мен категориялар шегінен 
тысқары тұрған, тілмен берілмейтін ақиқатты мақсат етеді. Оған келгенде 
адам тілі шектеулі де көмескі тартады. Тәжірибесі аз, ондай ақиқаттарды 
жан көзімен «көруге» қабілетсіз адамдар кез келген сипаттаманы дұрыс 
түсіндіре алмауы мүмкін. Осылайша Киелі Кітаптарда әріптік мазмұннан 
бөлек рухани құрам болады. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Будда 
да түсіндіріле алмайтын ақиқатқа қатысты, орынсыз сұрақтардың «дұрыс 
емес екендігін» айтып кеткен. Жоғары әлеммен тек ойлаудың интроспек
-
тивтік тәсілдерімен ғана жанасуға болады. Адам ұлылықты өз ішіңде құру 
керек. Оны әдеттегі тілмен беруге әрекеттену – бетховендік квартеттердің 
бірін сөзбен беруге әрекеттену сияқты мүмкін емес нәрсе. Василийдің ай
-
туынша, сәттік діни фактілерді тек литургияның символдық ғұрыптарымен, 
218
Василий
Великий

О
Святом
Духе
, 28.66.


170
ең дұрысы, қарапайым үнсіздікпен беруге болады
219

Кейіннен Батыс христиандығы мейлінше сөзшең дінге айналады және 
Құдайды түсінуде басты мәселе болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет