156
дап келе жатты. Кейінірек христиандық ойшылдар өздерінің діни әсерлерін
түсіндіруге әрекет жасаған кезде, Плотин мен оның пұтқа табынушы ізба
-
сарларының неоплатондық ойларына жүгінулері табиғи болып көрінді. Көзі
ашықтық ұғымы – тұлғасыз, адами категориялардан тысқары болса да, адам
табиғатына жақын болу – Плотин білім алуды армандаған Үндістандағы ин
-
дуистік және буддистік мектептердің түсініктеріне жақын болды. Осылайша,
үстірт айырмашылықтарға қарамастан, ақиқат туралы монотеистік түсінік
-
тер басқа философиялармен терең туыстық байланыста болды. Адамдар Аб
-
солют туралы ойланбайтын тұста, міндетті түрде ұқсас қорытындылар мен
толқыныстарға келетін сияқты.
Қатысу
сезімі, экстаз бен Ақиқатқа деген
құрмет – нирвана, Алғашқы жалғыздық не Құдай болсын – бұлар адамдар
мәңгі ұмтылатын ақыл мен қабылдаудың табиғи хәлдері.
Христиандардың бірі грек әлемімен тату-тәтті болғысы келсе, басқала
-
ры, керісінше, олармен еш байланысқа бармады. Қуғын кезеңінің басталуын
білдірген 170 жылдан кейін Фригияда (қазіргі Түркия территориясы) Мон
-
тан атты, Құдай бейнесінде іспетті, жаңа пайғамбар пайда болады. «Мен,
адамға енген, Аса Құдіретті Құдаймын, - деді ол өзі. – Мен – Әке, Ұл, және
Оның серіктері Присцилла мен Максимилланың Шапағатшысы
Достарыңызбен бөлісу: