Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


Құдайлық Даналықтың адам жанында туында - 150



Pdf көрінісі
бет56/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Құдайлық Даналықтың адам жанында туында
-


150
уы деп түсіну керек болды. Бұдан басқа Ориген кейбір гностиктердің иде
-
яларына өзгерістер енгізді. Оның теориясы бойынша, барлық рухани әлем 
тұрғындары бастапқыда Өзін Логос, Құдайлық Сөз және Даналық кейпіндегі 
Құдайда көрген. Бірақ біртіндеп олар мұндай кемелдікті көруден жалығады 
да, Құдайлық әлемнен бөлініп шығады. Осылай қуылған олар тән қапасына 
түседі, - бұл олардың азғындауларының соңғы шегі болды. Дегенмен үміттен 
қол үзуге болмайды: жан Құдайға орала алады, бұл үшін ол ұзақ та қиын 
жолды бастан кешіруі керек, бұл жол өлімнен кейін де жалғасады. Ерте ме, 
кеш пе әркім тән қапасынан шығады, жыныстық белгілерден арылып, таза 
рухқа айналады. Көрініс 
(теория)
жанға Құдай туралы білімді көп береді. 
Бұл білім, Платон үйреткендей, өзі Құдайлық болып кеткенше, тәнді көркей
-
те береді. Құдай – толыққанды жұмбақ, Оны сөзбен не идеялармен суреттеу 
мүмкін емес; дегенмен жан Оның болмысымен бір болғандықтан, Құдайды 
тану қабілетіне ие. Логосты көру – адамның барынша табиғи амалы, өйткені 
барлық рухы бар жаратылыстар 
(logikoi)
о бастан бір-біріне тең. Жандар 
азғындап, жоғары әлемнен қуылғанда, онда тек бұрынғысынша Құдайлық 
Сөзді көруші бір ғана рух қалады. Бұл болашақ адам – Иисус Христтың рухы 
болды, ал біздің жан – оныкіне ұқсас. Иисус-адамның Құдайлық табиғатына 
сенім, бұл өтпелі кезең болды; ол біздің сапарымызда көмектеседі, бірақ 
Құдайды көзбе-көз көру бұл жолдан бас тартқанда ғана мүмкін. 
ІХ ғасырда Шіркеу Оригеннің көптеген идеяларын діннен безгендік деп 
айыптайды. Ориген де, Климент те Құдай әлемді ештеңеден 
(ex nihilo) 
жа
-
ратты дегенге сенбеді, алайда бұл концепция кейіннен ортодоксалды хри
-
стиандық доктринасына енеді. Оригеннің Христтың Құдайлық болмысы мен 
адамзаттың құтылу жолына қатысты түсініктеріне келсек, олар кейінгі ресми 
пікірге мүлде қарама-қайшы болды. Ориген Христтың өлімімен жалпылама 
«құтқарылуға» болатынына сенбеген. Ол әркім Құдайға өз жолымен барады 
деген болатын. Алайда Ориген мен Климент осындай ойларын айтып, өзінің 
платонизмнің христиандық нұсқасын жасап жатқан уақытта әлі ешқандай 
ресми доктрина болмаған болатын. Құдай әлемімізді жаратты ма және әр 
адам қандай деңгейде Құдайлық болмысқа ие екендігін ешкім білген жоқ. 
Ортодоксалды сенім тек ІҮ-Ү ғғ. буырқанған дәуірлерінде азапты соғыстар
-


151
дан кейін қалыптасты. 
Бәрінен бұрын, Ориген өз-өзін тарттырумен атағы шықты. Інжілде Иисус 
«Тарттырылғандар бар, олар Аспан Патшалығы үшін өз-өздерін тарттыр
-
ды»
193
деген, Ориген бұл ескертуді жүрегіне өте жақын қабылдайды. Кей
-
інгі антика дүниесінде тарттыру барынша әдеттегі ота саналатын. Ориген 
өзін ашу үстінде пышақпен тілген жоқ және өз шешімінде патологиялық 
түрде жыныстық қосылуды жеккөрушілікті басшылыққа алған жоқ. Деген
-
мен мұндай ойлар кейбір батыстық теологтарға, мәселен, Әулие Иеронимге 
(342–420 жж.) тән болды. Британдық ғалым Питер Браунның пайымдауын
-
ша, тарттырумен Ориген адамзаттың мәнсіздігін, көп кешікпей жан одан 
жоғарылайтынын айқын дәлелдемек болған. Жыныстық ләззат сынды қаси
-
еттер Құдайлық болмысқа айналу барысында жоғалады. Өйткені Құдайдың 
жынысы жоқ. Қалай болғанда да, ұзын сақал данышпандық символы болған 
дәуірде беті жып-жылмағай және даусы жіңішке Ориген біртүрлі көрінген 
болуы керек. 
Александрияда Оригеннің бұрынғы ұстазы Аммоний Саккастың қарауын
-
да Плотин (205–270 жж.) оқиды. Оқуы біткен соң Плотин рим әскері қатарына 
жазылады. Іштен бұл іс оны армандаған Үндістанына баруына көмектеседі 
деп үміттенеді. Жорық сәтсіз аяқталып, Плотин Антиохияға қашады. Кейін ол 
Римде беделді философия мектебін құрады. Плотин туралы мәлімет өте аз. 
Ол аса тұйық адам болған. Өзі туралы ешқашан ештеңе айтпаған, тіпті туған 
күндерін де атап өтпеген. Цельс сияқты Плотин де христиандыққа күмәнді 
дін деп қарады. Дегенмен барлық үш монотеистік діннің ізбасарлары бола
-
шақ бүкіл ұрпақтарына үлкен ықпал етті. Сол себептен оның Құдай туралы 
түсініктерін егжей-тегжейлі қарастыру керек. Плотин идеялары философия 
тарихының өзіндік кіріспе бөлімі іспетті болды. Ол өзінен бұрынғы грек 
ой-пікірінің 800 жылында орын алған барлық ірі ағымдарды зерттеп шыға
-
ды және оларды кемел деңгейге жеткізгені соншалық, тіпті біздің танымал 
замандастарымызды, мәселен, Томас Элиот және Анри Бергсон сындылар
-
ды да шабыттандырды. Платон ойларына сүйенген Плотин өзін-өзі тануды 
193
Мат
. 19:12.


152
мақсат еткен көзқарастар жүйесін жасап шығады. Өзіне дейінгілер сияқты 
ол да әлемнің құрылымын ғылыми түсіндіруге мүлде ұмтылған жоқ неме
-
се өмірдің туындауының материалдық себептерін табуға тырыспады. Қор
-
шаған ортаның объективті түсінігін іздестірмеген ол, керісінше, шәкірттерді 
өзіне үңілуге және өз жандарының тереңдіктерін зерттеуге шақырды. 
Адам өз өміріндегі келеңсіздікті бірден түйсінеді. Ол басқалармен тіл та
-
быса алмайды, тіпті өзімен де. Ол өзінің киелі табиғатынан қол үзген және 
бағыт-бағдары да жоқ. Біздің бар екендігіміздің басты белгілері, ішкі қай
-
шылықтар және барлығын күрделендіріп жіберу болуы керек. Дегенмен 
біз өзімізді қоршаған көптүрлі құбылыстарды әлдебір жүйелі тұтастыққа 
алып келуге үнемі шаршамастан тырысамыз. Жақынымызға қарап тұрып, біз 
оның қолын, аяғы мен басын жеке-жеке қарастырмаймыз, жеке-жеке бо
-
лып көрінетін мүшелерден әдетте адамның тұтас бейнесін жасап шығамыз. 
Бұл бірлікке деген ынта – адам ойының негізгі қасиеті. Плотиннің пікірінше, 
ол барша барлық заттардың мәнін бейнелейтін көрінеді. Ақиқаттың құпия 
сырын тану үшін жан, Плотиннің кеңесі бойынша, өзін қайта құрап шығуы 
керек, тазару, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет