147
Рим билігі алғашқы христиандарды, көп жағдайда, «дінсіздігі» үшін қу
-
далады. Өйткені құдайлықтың жаңа жобасы римдік ахлаққа түрпідей тиді.
Дәстүрлі құдайларға құрметсіздік танытқан христиандардан халық онсыз
да құлағалы тұрған мемлекеттің, қоғамдық тәртіптің түбіне жетеді деп үрей
-
ленді. Христиандықты өркениеттің барлық жетістіктерін елемейтін тағылық
дін деп санады.
Сонда да ІІ ғасырдың соңына қарай шынайы білімді пұтқа табынушылар
христиандыққа кіре бастайды. Олар семиттердің тәураттық Құдайын грек
-
тік-римдік идеалдармен үйлестіре алды. Сондай ғалымдардың бірі Алексан
-
дриялық Климент (150–215 жж. шамасында) болды, ол алдымен Афинада
философияны үйренеді. Климент Яхве мен грек ойшылдарының Құдайы
бір екендігіне күмән келтірмеді. Ал Платонды ол «антикалық Мұса» деп
атады. Алайда Клименттің теологиясы апостол Павелді де, Иисустың өзін
де барынша таңғалдыратын еді. Платон мен Аристотельдегідей Климент
-
те Құдайдың басты сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: