Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет55/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

apatheia 
болып қала берді
:
Ол түгелімен 
сезімсіз, өзгеріссіз және немқұрайлы. Құдайдың тыныштығы мен өз-өзін 
билеуіне еліктеу арқылы христиандар құдайлық болмысты иелене алады. 
Клименттің өмірге қатысты тәсілі кезінде раввиндер егжей-тегжейлі жасап 
шығарған әдеп ережелерін еске түсірді. Айырмасы тек мынада еді: Кли
-
мент постулаттарының стоиктердің идеалдарымен ортақ тұстары көп-тұғын. 
Құдайлық тыныштық христиандар үшін өмірдің әрбір сәтінде үлгі болуы ке
-
рек болды: түзу отыруы керек, жәй сөйлеуі керек, қарқылдап күлмеуі керек 
және үнсіздігі арқасында адам жанының тереңдіктерінде жатқан, Құдайға 
ұқсас – шексіз ішкі Тыныштықты сезінеді. Құдай мен адамдар арасында те
-
рең шыңырау жоқ – Құдайлық идеалмен біріккен христиан онымен «баспа
-
насын, ішіп-жемі мен өмірінің түрлі адамгершілік ынталарын бөлісетін»
188
Құдайлық достықтың қатысуын сезеді. 
Дегенмен Климент те Иисустың «Тірі Құдай болғанына, оның да азап 
шеккенін және қазір құрметке ие»
189
екендігіне сенді. «Зығыр орамалмен 
188
Климент
Александрийский

Увещания
эллинам
, 1.8.4.
189 Ibid., 10.106.4.


148
белін байлап, олардың аяғын […] жуған, бойсұнған «Құдай және ғаламның 
Иесі»
190
болғаны күмәнсіз. Иисусқа еліктей отырып, христиан да Құдайға 
ұқсас болады. Құдайлық кіршіксіз және немқұрайлы. Шындығында, Иисус 
Құдайлық
логос
болды. «Адамдар адамнан қалай Құдай болуды үйрене 
алулары үшін»
191
ол тәнге ие болды. Дәл осындай идеяларды Батыста Лион 
епископы Ириней (130–200 жж.) насихаттады: Иисус Логос, Құдайлық жоба 
болды. Ол Логосқа айналған соң, барлық адам дамуының сатыларын ки
-
елі қылады да, актерлер өз кейіпкерлерінің мінезіне қалай енсе, дәл солай 
өзіне барлық нәрседе еліктейтін христиандар үшін үлгіге айналды. Осылай 
христиан өз әлеуетін өмірде іске асырады
192
. Климент те, Иреней де яху
-
ди Құдайын өз дәуірлері мен мәдениеттерінің көзқарастарына бейімдегісі 
келді. Бұл Құдай өте сақ және осал пайғамбарлар Құдайымен ұқсастығы 
аз болса да, Клименттің 
apatheia
доктринасы христиандықтағы Құдайдың 
басты концепциясына айналы. Грек әлемінде адамдар өзгергіш те атаққұ
-
мар сезімдерден жоғары тұрып, адамнан жоғары тыныштыққа қол жеткіз
-
гілері келді. Өзінің ішкі қайшылығына қарамастан, дәл осы идеал соңында 
жеңіске жетеді. 
Климент те теологияның маңызды мәселелерін сырттай айналып өтті. Қа
-
рапайым пәни адам бір мезетте қалайша Логос, Құдайлық жоба бола ала
-
ды? Иисустың Құдайлығы туралы тұжырымдардың мәні неде? «Логос» пен 
«Құдай Ұлы» түсініктері сәйкес келе ме және эллиндік дүниеде осы көне 
еврей атағының мәні неде? Немқұрайлы Құдай Иисуста қалайша азап ше
-
геді? Өздері әлемде Құдай бір деп талап етеді де, Иисустың Құдайлығын 
неге алға тартады? ІІІ ғ. христиандар бұл мәселелерді ерекше өткір түйсіне 
бастайды. Алдымен Сабеллий деген әлдебір римдік, ол туралы ешқандай 
мәлімет жоқ, «Әке», «Ұл» және «Рух» сынды тәураттық түсініктерді, театрдағы 
екіжүзділердің дауыстары қатты шығу үшін қолданылатын бетперделермен 
(personae)
салыстыруға болады деп жобалады. Жалғыз Құдай әлемге әлдебір 
190
Климент
Александрийский

Педагог
, 2.3.381. 
Н
.
Н

Корсунскийдің
(
синодтық

аудармасы

Сілтеме
келесі
басылым
бойынша
берілді

Климент
Александрийский

Педагог
. – 
Б
/
м
.: 
Учебно
-
информационный
экуменический
центр
ап

Павла
, 1996. – 
С
. 142.
191
Климент
Александрийский

Увещания
эллинам
, 1.8.4.
192
Қараңыз
.: 
Ириней

Опровержение
ересей
, 5.16.2.


149
«жүз» арқылы көрінеді. Сабеллийдің шәкірттері болды. Бірақ христиандар
-
дың көпшілігін оның теориясы үрейлендіреді. Ол бойынша, Ұлының рөлін 
ойнаған Құдай азап шеккендей болады, мұндай ой көпшілікке қолайсыз 
болады. Сол дәуірде Самосаттық Павел (260 мен 272 ж. аралығында –Анти
-
охия епископы) де одан кем ыза туғызбады, ол бойынша, Иисус қарапайым 
адам болды. Онда ғибадатханада өмір сүргендей, Сөз бен Құдайдың Да
-
налығы болды. 264 ж. Антиохия синоды Павел теологиясын жарамсыз деп 
табады. Ол епископ атағын Пальмира патшайымы Зенобияның берген жәр
-
демі арқасында сақтай алады. Көріп отырғанымыздай, христиандар үшін 
Иисустың Құдайлық болмысына деген сенімділігі мен Құдайдың жалғыз 
екендігіне деген сенімділігін бір араға келтіру мүлде оңай болмаған. 202 ж. 
Климент Иерусалим епископы маңындағы дінбасылық қызмет үшін Алек
-
сандрияны тастап кетеді де. Жаңа дінге кіргендерге арналған мектебіндегі 
орнын тамаша шәкірті Ориген басады. Сол кезде ол жиырма жасқа келген 
болатын. Бала кезінде Ориген аспанға апаратын сенімді жолдың азаптану 
екендігіне қатты сенетін. Төрт жыл бұрын Аренада әкесі Леонид қайтыс бо
-
лып, Ориген оның салған жолына түскісі келеді. Бірақ анасы оның киімдерін 
тығып қойып, райынан қайтарады. Бастапқыда Ориген христиандық өмір 
бүкіл әлеммен күресті білдіреді деген сенімнен бастайды. Бірақ кейін ол 
ойларынан бас тартады да, өзінің христиандық платонизм нұсқасын жасай
-
ды. Құдай мен дүниелік өмір арасындағы шыңыраудан тек ауыр азаптардың 
арқасында өтуге болады деген сенімін жаңа теологияға ауыстырады. Яғни 
әлемнің Құдаймен арасында үзілмейтін байланыс барына ерекше назар 
аударады. Бұл жарқын, оптимистік, шаттыққа толы рухани доктрина болды: 
отанымыз бен нағыз болмыс Құдайдың өзіне жеткенше христиан болмыс 
баспалдақтарымен жоғары көтеріле береді. 
Платоник ретінде Ориген Құдай мен адам жанының туыстығына сенді. 
Оның ойынша, адамдар «еске» түсіріп, арнайы жаттығулармен оятуға бо
-
латын табиғи Құдайлық біліміне ие. Платондық философия мен семиттік 
аңыздар арасын үйлестіру және Інжілді түсіндіру үшін арнайы символдық 
тәсілді жасап шығарады. Мәселен, Христтың Мәриям ана құрсағында ер
-
кектің қатысуынсыз бітуін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет