Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет7/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

17


18
I. 
Әуелгіде

Б
астапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен 
жердің Иесі – Құдайды жаратты. Ол кезде Оның бейнесі де, ғибадатхана
-
сы да, абыздары да болмады. Адам әлі табынуды білмеді. Құдай оларға тым 
биікте көрінді. Уақыт өте келе Ол адамдардың жадынан өшті де, адамдар 
Оған деген мұқтаждықты сезінбейтін болды. Кейін Ол мүлде жоғалды де
-
гендер болды...
Бұл теория Вильгельм Шмидт әкейдің «Құдай идеясының пайда бо
-
луы» (1912 ж.) еңбегінде баяндалған. Оның пайымынша, көпқұдайлықтан 
бұрын қарапайым монотеизм болған: бағзы заманда адамдар әлемді жа
-
ратқан және өздерінің іс-әрекетін реттеп отырған жалғыз Ұлы Құдайдың 
барын мойындаған. Мұндай Ұлы Құдайға сенім (кейде оны Аспан Құдайы 
деп атаған, өйткені Оған бәрінен жоғары тұру керек болды) қазіргі кезде 
де көптеген африкалық тайпалардың діни жоралғыларына тән сипат. Олар 
Құдайға жалбарынады және Оның барлық әлемді бақылап отырғанына, 
қылмыстарды жазалайтынына күмән келтірмейді. Екінші жағынан қарасақ, 
бұл Құдай олардың күнделікті өмірлерінде көрінбейді; оның культі де, бей
-
несі де жоқ. Африкалықтардың көзқарасынша, оны сипаттау мүмкін емес 
және оны ешбір дүниелік нәрсемен кірлетпеу керек. Антропологтардың 
байыптауынша, бұл Құдайдың алыстағаны және жоғарылағаны соншалық, 
біртіндеп оның орнын төменгі рухтар мен қолжетімді құдайлар басады. Бұл 
Шмидтің теориясына сай келеді, яғни Ұлы Құдай ерте кездерде-ақ пұтқа та
-
бынушылардың пантеондарындағы сауықкеш құдайлармен ауыстырылған. 
Бірақ алғашқы кезде тек Бір Құдай болғаны хақ делінеді, яғни монотеизмді 
өмірдің сыры мен сипатын түсіндіруге тырысқан адамдардың алғашқы тал
-
пынысы деген дұрыс. Осының барлығы әлгідей Құдайдың белгілі бір қиын
-
дықтармен бетпе-бет келетінін меңзейді. 


19
Мұндай теорияны ешқандай әдіспен негіздеп беру мүмкін емес. Дін
-
дердің пайда болуы туралы қисындар көп. Бірақ бір нәрсені батыл айтуға 
болады: адам үнемі құдайларды жасап жүрді. Егер қандай да бір діни идея 
әлдебір себептермен адамдарға ұнамаса, олар оны жаңасымен алмастыра
-
тын. Ескірген түсініктер білдіртпестен, жәйлап қана ойдан шығып қалатын. 
Аспан Құдайы идеясы да осындай күйге ұшырады. Қазіргі таңда көптеген 
адамдар «ғасырлар бойы яхудилер, христиандар мен мұсылмандар табы
-
нып келген Құдай – Аспан Құдайы сияқты алыстап кетті» дейді. Тіпті «Құдай 
өлді» деп жариялап та жүр. Иә, шынымен де, әсіресе Батыста Ол көптеген 
адамдардың өмірінен ғайып болып барады. 
Адам санасында «Құдай бейнесіндегі саңылау» пайда болған дейді, дәл 
сол жерде Ол ертеректе орын тепкен (дегенмен, кейбір орталарда Құдай 
қаншама пайдасыз болып көрінсе де, Ол тарихымызда шешуші рөл атқар
-
ды, жалпы барлық заман үшін адамзаттың ұлы идеяларының бірі болып 
қалады) деседі. Егер Құдай расымен де жоғалып бара жатса, не нәрседен 
айырылатынымызды түсіну үшін адамдардың қалай өмір сүргенін, Оған қа
-
лай сене бастағанын, Оның адамдарға қандай мәні болғаны мен Ол туралы 
қалай ойлағанын анықтап алуымыз қажет. Бұл үшін көне дәуірлерге сапар 
шегуіміз және Таяу Шығысқа саяхат жасауымыз керек; өйткені дәл сол жер
-
де шамамен он төрт мың жылдай бұрын Бір Құдай идеясы туындады. 
Қазіргі таңда діннің қажет емес сияқтану себептерінің бірі өзімізді көзге 
көрінбейтін әлемнің қоршауында сезінбейтіндігімізде болып отыр. Ғылы
-
ми мәдениет бізді ең алдымен физикалық, заттай әлемге назар аударуға 
үйретті. Мұндай дүниеге деген көзқарас аз пайда әкелген жоқ, бірақ сал
-
дарларының бірі ретінде біз «руханилық» немесе «қасиеттілік» сезімдерін 
жоғалттық, әйтпесе бұлар ежелден күні бүгінге дейін дәстүрлі мәдениеттер
-
дегі өмірдің барлық салаларының негізін құрап, адамның дүниені қабыл
-
дауының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Оңтүстік теңіз аралдарында 
бұл жұмбақ қуатты 
мана 
деп атайды; басқалар оны бір нәрсе, рух деп сезі
-
неді; кейде оны радиация немесе электр қуаты сияқты көрінбейтін энергия 
ретінде қабылдайды. Адамдар оны тайпа көсемінің бойында, тастарда, аңдар 
мен шөптерде жасырулы деп сенген. Қасиетті ормандарда римдіктер рух
-


20
тар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет