8
Б
ала кезімде менің біршама тиянақты діни нанымдарым болды, бірақ
Құдайға құлшылығым әлжуаз еді. Санаға сіңген әртүрлі ырым-жоралғы
-
лар мен өзіне шын ұйытып әкететін сенімнің арасында айырма бар. Әл
-
бетте, мен Құдайдың бар екендігіне иландым. Христостың шынайы болған
-
дығына, оның тылсым болмысына және күнәһарларды шексіз азап күтіп
тұрғанына да шәк келтірмедім. Күнәдан арылатын орынның ақиқаттығына
да сенімім кәміл еді. Алайда, асқақ ақиқаттың табиғаты туралы діни догма
-
лар маған жер бетіндегі тіршіліктің рахатын аңдатты дей алмас едім. Бала
кезімде Рим Католицизмі көбіне үрей тудыратын діни ілім болып көрінетін.
Джеймс Джойс мұны өзінің «Бозбала суретшінің портреті» романында дәл
бейнелеген; тозақ оты туралы уағыздар топтамасын мен де соңына дейін
тыңдадым. Шынымды айтсам, тозақ азабы Құдайға қарағанда әлдеқайда
нанымдырақ көрінді. Тозақты
қиял арқылы еш қиындықсыз түйсіндім, ал
Құдай бейнесі күңгірт пішінде қалып, нақты бейнелермен емес, пайымдау
арқылы ғана топшыланып отырды. Сегіз жасымда «Құдай дeген кім?» деген
сұраққа жауап беру үшін катехизистегі: «Құдай – бұл Жоғары Рух, біртұтас
Өзіндік дара болмыс және шексіз кемел бітім», - деген жолдарды жаттап
алуыма тура келді. Мен, әрине, бұл сөздердің мағынасын түсінгем жоқ. Тіпті,
әлі күнге дейін осы сөз оралымдарына салғырт қарайтынымды мойындай
-
мын: мұндай анықтама маған әрқашан құрғақ, қасаң және өктем көрінеді.
Бұған қоса, осы кітапты жазу барысында оның дұрыс еместігі жөніндегі қо
-
рытындыға келдім.
Есейе келе, діннің тек үрей емес екендігін түсіндім. Мен әулиелердің ғұ
-
мырнамасын, метафизик ақындардың шығармаларын, Томас Элиоттың жы
-
рларын және мистиктердің кейбір қарапайым жазылған шығармаларын
оқыдым. Литургия мені өзінің сән-салтанатымен баурай бастады. Құдай
Достарыңызбен бөлісу: