Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет4/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

АЛҒЫ
 
СӨЗ


9
бұрынғыдай жырақта қала берді, бірақ Оған жақындауға болатындығын 
және Онымен жанасу бүкіл әлемді бір сәтте түрлендіріп жіберетінін сезін
-
дім. Осы үшін мен рухани бауырластықтардың біріне мүше болып кірдім. 
Монах (әйел) болып жүріп, дін жөніндегі білімімді мейлінше молайттым. 
Апологетикаға, діни ізденістерге және Шіркеу тарихын зерттеуге кірісіп 
кеттім. Мен монахтар өмірінің тарихын зерттедім және бауырластығы
-
мыздың өзіміз жатқа білуге міндетті жарғысының бүге-шігесіне дейін ой 
көзімен үңілдім. Таң қаларлығы, осының барлығында Құдайға орын көп 
тимеген болып шықты. Негізінен, діннің қосымша ұсақ-түйектеріне, жеке 
тұстарына көңіл бөлінген. Ғибадат уақытында бар ойымды жан-тәніммен 
Құдаймен жүздесу жолына жұмылдыратынмын, бірақ Ол жарғы ережесінің 
әрбір бабының бұзылмауын мұқият қадағалап отыратын қатал бақылаушы 
кейпінде қалатын немесе жанымды азапқа қалдырып – көзден мүлде таса 
болып кететін. Тақуалардың тылсым таңданыстары туралы сарсыла оқыған 
сайын, өз сәтсіздіктерім мені солғұрлым күйінішке түсіретін. Бойымда сирек 
те болса туындап тұратын осындай діни әсерлер өз қиялымның жемістері, 
оларды бастан кешіруге деген ыстық құштарлықтың нәтижесі болуы әбден 
мүмкін екендігін күйзеліспен іштей мойындауыма тура келді. Діни сезім көп 
жағдайда литургия мен грегориандық әуеннің сиқырына бөленген эстети
-
калық жаңғырық болып шықты. Қалай болғанда да, менің тірлігімде сыртқы 
ықпалдан болған 
ешнәрсе байқалмады.
Мен Құдайдың барлығын меңзейтін, 
мистиктер мен пайғамбарлар әңгіме қылатын жарқ еткен нышандарды бір
-
де-бір рет сезіне алмадым. Әдетте, Құдайдан гөрі Иисус Христос әңгімеге 
жиі арқау болатын, ол соңғы антикалық кезеңмен тұтасып кеткен таза та
-
рихи бейне ретінде көрінетін. Бұдан да сорақысы, кейбір шіркеулік доктри
-
наларға деген күмәнім өсе берді. Мәселен, Иисустың адамиланған Құдай 
болғандығын қалай анықтауға болады? Жалпы бұл идея нені білдіреді? 
“Үштік доктринасы” ше? Шындығында, осы күрделі де мейлінше қарама-қай
-
шы тұжырымдама “Жаңа Өсиетке” енген бе? Бәлкім, басқа да көптеген діни 
қағидалар сияқты, Үштікті 
(Trınıty) 
де Иисусты Иерусалимде өлім жазасына 
кескен соң жүздеген жылдардан кейін дінбасылар ойлап тапқан шығар?


10
Ақырында, өкінішті болса да, мен діни өмірден алшақтадым және бұл 
қадам мені сәтсіздіктер ауыртпалығынан және кембағалдық сезімінен дереу 
азат етті. Мен Құдайға деген 
сенімімнің
солғындап бара жатқанын сезіндім. 
Шынын айтқанда, тұла бойымдағы бүкіл ынта-ықыласыммен ұмтылсам 
да, Ол менің өмірімде елеулі із қалдырған жоқ. Мен күнәні де, өкінішті 
де сезінгенім жоқ - Құдай рас, көрінбеуі былай тұрсын, мүлде жырақтай 
берді. Дегенмен, менің көкейімде діннің өзіне деген ынтызарлығым өшпей 
сақталып қалды. Христиандықтың алғашқы дәуірлерінің тарихы мен діни 
толғамдарға арналған бірқатар телебағдарлама дайындадым. Діндер 
тарихын зерттеген сайын бұрынғы күдігімнің негізсіз емес екендігіне 
көзім жете бастады. Байқасам, жасөспірім шағымда сөзсіз қабылдаған 
доктриналарды шындығында адамдар ойлап тауып, оларды ғасырлар 
бойы жетілдіріпті. Ғылым Жаратушыны керек етуді мүлде қойған болса, 
Інжілді зерттеушілер Иисустың ешқашан өзінің Құдайлық болмысын 
растамағандығын дәлелдейді. Эпилепсия талмалары кезінде түрлі елестер 
көретінмін, бірақ мен олардың невропатология белгілері ғана екендігін кейін 
білдім; бәлкім, әулиелер мен пайғамбарлардың мистикалық таңданыстарын 
да психика көріністеріне жатқызғанымыз дұрыс бола ма? Құдай маған 
адамзат әлдеқашан басынан өткеріп қойған естен адасушылықтың емеуріні 
ретінде көріне бастады.
Шіркеуде өткізген жылдарға қарамастан, өзімнің діни тәжірибелерімді 
қалыптан тыс деп санамаймын. Менің Құдай туралы балғын түсініктерім 
ерте балалық шағымда-ақ қалыптасты, бірақ сол наным-сенімдерім 
кейіннен басқа салаларда жиған біліміммен ымыраға келе алмады. Мен 
Аяз Атаға деген аңғал балалық сенімімді қайта ой елегінен өткіздім; содан 
соң сәбилік құндағымнан бұлқынып шықтым да, адам өмірінің күрделілігі 
туралы ересек түсініктің жетегіне ілестім. Бірақ менің Құдай туралы 
бастапқы бұлдыр түсініктерім сол күйінде өзгеріссіз қала берді. Иә, менің 
діни тәрбием әдеттегіден біршама өзгешелеу болды, дегенмен адамдардың 
басым көпшілігі Құдай туралы бейкүнә түсініктерінің сонау сәби шағында 
қалыптасқандығын естеріне алады. Уақыт озып, заман өткен сайын, біз балаң, 
бейкүнә, аңғал көзқарастарымыздан ақырындап арылып, ақыр аяғында, 


11
балалық шағымызда құлай сенген Құдайымыздан да суынып, жырақтап 
кеттік.
Әйтсе де, менің дін тарихы саласындағы ізденістерім адамның рухани 
тіршілік иесі екендігінен бір сәт ауытқыған емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет