Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
232
«АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әртүрлі ақпарат құралдарын
-
да мәтіндердің кең спектрін құрайтын» тәжірибеге ие болуы керек.
Эстин, Уэльс инспекциясы оқу бағдарламасында оқушылардың санау
мен сауат ашу дағдыларын, сондай-ақ қостілділік (валлий және ағыл
-
шын) сауат ашу дағдыларын қолданатынын мектептер қаншалықты
дәлелдей алады деген мәселені қарастырып жатыр (Estyn, 2013). Көп
жағдайда балалардың оқу дағдыларының
төмен болуы өзге де пән
-
дерді оқуына кедергі болады. Балаларға қарапайым түсіну, дәлелдер
келтіру, талдау және синтездеуге негізделген тапсырмалар арқылы
оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берген жөн. Сонымен қатар олар
бірқатар сандар мен амалдарды (мысалы, арифметиканың төрт амалы,
разрядтар мәні, есептеу, қарапайым бөлшектер мен пайыздар), өлшем
-
дерді (мысалы, таразымен өлшеу, өлшем бірліктері, уақыт, температу
-
ра), сондай-ақ деректерді өңдеу дағдыларын (мысалы, әртүрлі тәсіл
-
мен ақпарат жинау, жазып алу, интерпретациялау және кесте немесе
диаграммаға түсіру, мәліметтердегі үлгіні анықтау) қолдануы керек.
6.2-кестені де қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: