Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет193/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

6.3-ҚОСЫМША. 
ЖАҚСЫ ОҚИТЫНДАР ҚОЛДАНАТЫН СТРАТЕГИЯЛАР
Болжам жасау
: мәтінде не туралы айтылатынын болжау, білімді интеграция-
лау және біріктіру. 
Таңдау жасау
: баланың оқығысы келетін нәрсесіне назар аудару. 
Маңызды емес бөліктерін өткізіп жіберу
: мәтіннің маңызды бөліктерін 
ерекшелеп, маңызды емес бөліктеріне назар аудармау. 
Қайта оқу
: алғаш оқығанда мәні жоқ көрінген үзінділерді қайта оқыту. 
Контексті немесе болжамдарды пайдалану
: белгісіз сөздердің мағына-
сын табу үшін контексті пайдалану. 
Сөздерді құрамдас бөліктерге бөлу
: сөздердің мағынасын табу үшін 
олардың негізі мен аффикстерін ажыратып көрсету. 
Бөліктерге бөліп оқу
: сөз топтарын бірге оқыту. 
Кідіріс жасау
. Белгілі бір жерлерде кідіріс жасау арқылы оқылатын материал-
ды қабылдауға және меңгеруге, сондай-ақ оны сұрыптауға көмектеседі. 
Басқаша баяндау
. Кейде оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін тек-
серу үшін оны басқа сөздермен баяндап, интерпретация жасау қажет. 
Мониторинг
: оқылымның мақсатқа сай жүргенін анықтау үшін өзін-өзі тек-
серу. 
(www.teachingenglish.org.uk/article/theories-reading-2 бейімделіп алынды) 
үшін қосалқы сұрақтарға көшіп, контекстке қарауды ұсыну керек. Мә
-
тінді оқып болған соң, мұғалім оқушыдан оқығанын өз сөзімен түйіндеп, 
мазмұнын айтып беруін, әрі қарай не оқыған жөн екенін ойластыруын
сұрайды. 
Дұрыс таңдап алынған әңгімелер мен өлеңдер балалардың оқуға 
деген қызығушылығын жастайынан оята алады (6.1-сурет). Балалар 
сауат ашудың алғашқы сатысына шықпас бұрын, оларды ұйқас, өлең, 
әңгіме, халық ертегісі, аңыз, санамақ, рапс, лирикалық ән, тақпақ, суре
-
ті бар кітаптармен таныстыру керек. 
Кейінгі сауат ашу мәселелеріне жүргізілген зерттеулер ата-аналар 
мен балалардың бірлесіп кітап оқуы секілді белгілі бір әрекеттер бала
-
ның оқу мен жазуға дайындығына оң ықпал ететінін көрсетті (Roskos 
and Christie, 2007). Алдымен, балалар сөздерді декодтауды және зат
-
тарды тура мағынасынан ажыратуды үйренуі керек. Сонымен қатар 
олар өз бағасын (прагматикалық сауаттылығын) білгісі келсе, өзінің 


Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
240
сауаттылық дағдысын практикада зерттеу жүргізуге, кестені оқуға
электронды поштаны немесе мәтінді тексеруге қолданып көруі қажет. 
Айтылған сөзге байланысты жоғары деңгейлі сұрақ қоюға, басқа бала
-
ма ойды ұсынуға ерте балалық шақтан бастап үйретуге болады (сыни 
сауаттылық). 7–11 жас аралығындағы балалардың көпшілігі «оқуды 
үйренуден» «оқып үйренуге» көшеді. Бұл үдеріс сөздерді декодтау мен 
қарапайым мәтіндерді түсінуден бастап, күрделі материалдарды түсі
-
ну үшін ауқымды сөздік қор мен оқу стратегияларын қалыптастыруға 
көшуді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет