11.4-ҚОСЫМША. ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСАЙЫҚ
Жас стажер өз сынып жетекшісінің балаларды тыңдауын керемет үлгі деп
санайтын, ол әрқашан балалардың сөзіне уақыт бөлетін және бір-екі оқушы
бірдеңе айтқысы келіп ұмтылғанда, оларды ешқашан асықтырмайтын. Кейде
ол «Мүмкін біз сенің әңгімеңе бір минуттан кейін қайта оралармыз?» дейтін.
Бәрінен бұрын оның басқа балаларды белгілі бір оқушының сөзін тыңдауға
қалай жұмылдыратыны таңғалдыратын. Ол мұны әртүрлі жолдармен ұйымдас-
тыратын, мысалы, естімей қалған ақпаратын бір оқушының қайталап жіберуін
сұрайтын немесе есте сақтау қабілеті нашар, ұмытшақ мырзаны (қуыршақ)
қолданатын.
Достарыңызбен бөлісу: |