Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет86/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі сайттары ерекше танымалдыққа ие. Егер Facebook 
мемлекет статусына ие болса, онда ол миллиардтан астам қолданушы
-
сы бар әлемдегі үшінші алып ел (Қытай мен Үндістаннан кейін) қа
-
тарында болар еді дейді (Williams, 2012). Өкінішке қарай, 2011 жылы 
тәртіп бұзды деп айыпталған мұғалімдердің оннан бір бөлігінен ас
-
тамы әлеуметтік желілер мен электрондық пошталарды пайдаланып, 
оқушылармен орынсыз қарым-қатынас жасаған (Vasagar and Williams, 
2012). Мұғалімдер әлеуметтік желідегі аккаунтының жеткілікті дең
-
гейде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегеніне қарамастан, онда ішімдік 
ішкен, темекі шеккен суреттерін жариялағаны үшін қызметінен шет
-
тетілді. Егер оқушылар мұғалімге қатысты күлкілі, қолайсыз немесе 
әшкерелейтін материал тапса, оның тарап кету ықтималдылығы аса 
жоғары. Бір мысал келтіре кетейік, қыздармен сауық кешіне барған 
бір мұғалім жалаңаш ер адамның иығына асылып суретке түскен. Ал 
бұл сурет оған ескертусіз Facebook желісіне шығып кетеді. Ол дүйсенбі 
күні мектепке келгенде, өз суретінің мектепте мессенджер арқылы та
-
рап кеткенінен хабарсыз еді. Ақыры басшылық оның жұмыстан кетуін 
өтінген (Briggs, 2013). 
Мұғалім үшін ең жақсы кеңес – әрдайым сақ болған жөн және 
оқушылармен достығының арқасында басы дауға қалатын танымал
-


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
109
дықтан аулақ болу қажет. Мұғалімнің оқушылармен өзіне қатысты 
жеке жазбаларын, телефон нөмірлерін, жеке электрондық пошта ме
-
кенжайларын немесе интимдік сипаттағы фотосуреттерін алмасуы 
орынсыз саналады. Әрине, мұғалімдер тарих немесе география саба
-
ғында өткен тақырыпты бекіту үшін белгілі жерлерге немесе музей
-
лерге барған отбасылық альбомның фотосуреттерін көрсету арқылы 
өмірлік тәжірибесін балалармен бөлісетін кездер де болады. Дегенмен 
балалар мұғалімнің мектептен тыс жеке өміріне қызығушылық таны
-
татынын, сондықтан өздері де көбірек біліп алуға тырысатынын есте 
ұстаған жөн.
1995 жылы құрылған Childnet қайырымдылық қоры мұғалімдерге, 
ата-аналарға және балаларға интернетті тиімді пайдалану бойынша 
сараптамалық кеңестер мен ресурстар ұсынады. Ол Біріккен Король
-
діктің қауіпсіз интернет орталығымен серіктестікте жұмыс істейді, со
-
нымен қатар практикалық стратегиялар арқылы мұғалімнің кәсіби бе
-
делін қорғауға арналған нұсқаулар ұсынады. Жеке сандық сәйкестікті 
тексеру үшін интернетте өз атын іздеу, жеке параметрлерді орнату, 
сенімді құпиясөздерді пайдалану, жұмыс істеп болған соң, үнемі жүйе
-
ден шығуды ұмытпау, профиль суретін таңдау, пікірлерге жауап беру 
және жеке хабарлама жазуда қандай тіл қолданатынын өте мұқият ой
-
ластыру. Ешқашан мектеп директоры немесе әріптесіңізге бетпе-бет 
айтылмайтын нәрсені жарияламау – есте ұстайтын пайдалы қағида. 
Үміткерді жұмысқа алу үшін мектеп директоры мен мектеп әкімшілі
-
гі интернеттен ол жайында алдын ала мәлімет жинауы жиі кездеседі. 
Шотландия бойынша жалпы оқу кеңесі (GTC Scotland, 2012b: 5) мұға
-
лімдерге онлайн жазбаларын жарияламас бұрын 3 сұрақ төңірегінде 
ойлану керек екенін ескертеді:
1. Бұл сізге, сіздің мектебіңізге, жұмыс берушіңізге немесе мұғалім ма
-
мандығына кері әсерін тигізуі мүмкін бе?
2. Осы материалды жеке немесе кәсіби себептер бойынша жариялауға 
ниет білдіресіз бе?
3. Сіз қалдыратын пікір немесе жазба басқалар үшін (әріптестер, ата- 
аналар және басқалар) қолжетімді болса, ақылға қонымды немесе 
орынды деп санайтынына сенімдісіз бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет