Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет123/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

4.4-СЫЗБА.
Ішкі сөйлеуді когнитивті бағалау құралы 
Дереккөз: 
Zakin-нен (2007) бейімделіп алынды
Ойлау 
қадамдары
Бағалау
• Мәселе не туралы?
• Бұл мәселе қандай сұрақ тудырады?
• Бұрын мен осындай мәселені шешіп 
көрдім бе?
• Мен не істедім?
• Қазір оны шешудің қандай жолдары 
бар?
• Бұдан қалай шығам?
• Келесі қадамым қандай болмақ?
• Бұл ақылға қонымды ма?
• Менің ойымша, бұл... туралы
• Жарайды, бұл менің... қалайды
• О, мұны бұрын істегенім есіме түсті
• Мен... көрсем болады
• Тоқта, былай істесем қалай болады?
• Мұны қайта оқуым/тексеруім керек.
• Бұл жерде маған кім немесе не 
көмектесе алады?
• Хэлен, мынау қалай болады?
• Анық болды
• Енді бәрі түсінікті
• Мен бұған басқа тұрғыдан қарауым 
керек
• Жақсы нәрсе ойлауым керек
• Бұл күшті/әлсіз жағы, өйткені...
• Жақсы, бірақ маған... керек.
• Келесі жолы мен мұны басқаша 
жасаймын. Ойлау қадамдарын баға-
лауды жетілдіретін комментарийлер
Жетілдіретін 
комментарийлер


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
162
логикалық, классикалық дәстүрде қалыптасқан. Ол адам өміріндегі ой
-
лау кезеңдерін қарапайым түрде кезеңдерге бөледі:
0–5 жас аралығы – «Неге?» дейтін жас. 
6–12 жас аралығы – «Неге олай емес?» дейтін жас. 
13–100 жас аралығы – «Өйткені» дейтін жас.
Де Боно «Өйткені» жасын қоя тұрып, «Неге» және «Неге олай емес» 
жасына қайта оралуға шақырады (de Bono Thinking Systems, 2008: 30).
Де Бононың CoRT бағдарламасын бүкіл әлемдегі білім беру ме
-
кемелері мен бизнес ұйымдар қабылдаған (www.edwdebono.com). Ол 
шығармашылық ойлауды дамытуға арналған көптеген «құралдардан» 
тұрады. Мысалы, «PMI» (жағымды, минус, қызықты – Positive, Minus, 
Interesting) аз эмоция тудырған жаңа идеяларды ынталандырып, 
оларға ойланбастан жауап беру үшін қолданылады. PMI кітапты қарап 
шығу, сапарды жоспарлау немесе қандай ресурстарды сатып алу тура
-
лы шешім қабылдауда аса тиімді. Басқа құралдардың қатарында «OPV» 
(«Басқа адамдардың көзқарастары – Other People’s Views) бар, ол бала
-
ларға бірдей жағдайға тап болған адамдар оған қалай әртүрлі қарай
-
тынын көрсетеді. «CAF» (барлық факторларды ескеріңіз – Consider all 
factors) назарды шұғыл жағдайдан тысқары жатқан нәрселерге бағыт
-
тауды көздейді. Мысалы, балалар өздігінен шешім қабылдағанда неме
-
се басқалардың шешімін қарағанда САF-қа жүгінуі мүмкін. Де Бононың 
жақтастары бұл құралдардың тиімділігін арттыру үшін оларды саналы 
түрде әртүрлі контексте қолдану керек екенін айтады. 
Де Бононың ең таңдаулы бағдарламасы «Ойлаудың алты қалпағы» 
(Six Thinking Hats) (de Bono, 2000) өзі дәлелдегеннен гөрі «параллель 
ойлау» деп атаған ойлауды дамыту үшін дайындалған. Қай уақытта 
болса да пікірталас тобының барлық мүшелері бірдей қалпақ киіп, бір 
ұстаным ұстанады. Ақ қалпақ логикалық ойлауды білдіріп, дәлелдеу
-
де еш қиындық тудырмайтын нәрсеге қатысты қолданылады. Мұны 
компьютердің жұмысымен әрі ақпаратты өңдеумен салыстыруға бо
-
лады. Оқушылар қызыл қалпақ кию арқылы өз эмоцияларын, белгілі 
бір адамға, оқиға мен жағдайға қатысты сезімдерін білдіреді. Сары қал
-
пақ – үміт пен оптимизмнің нышаны, яғни ең дұрыс жолды таңдай білу 
деген сөз. Бұл оқушыларды жоба ұсынатын мүмкіндіктерді қарастыру
-
ға ынталандыруы керек. Қара қалпақ – идеяның жағымсыз жақтарын 
ғана емес, сонымен қатар барынша сақ болу керегін, алда қауіп-қатер 
кездеседі дегенді білдіреді. Жасыл қалпақ – өсудің, шығармашылық ой
-
лаудың белгісі (4.5-қосымша). Қалпақ иесі мәселені шешудің жолдары, 
тың идеялар, түсініктер туралы ойлануы керек. Мұғалім оқушыларды 
бұрын белгілі нәрсенің шеңберінен тыс, өзгеше ойлауға жетелеуге тиіс.


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
163
Көк қалпақ – бүкіл ойлау процесін бақылайтын механизм ұсынады. 
Балалар көк қалпақ киіп, өз көзқарасының қалай қалыптасқаны тура
-
лы ойланады. Де Боно көк қалпақты сабақ барысында ойлау қабілетін 
ұстап тұратын екі кітап қойғышқа теңейді. Компьютермен салыстыр
-
ғанда ол ойлауды бағдарламалық қамтамасыз етуші немесе оркестр 
дирижері секілді.
Ойлаудың алты қалпағы білім берумен қатар өзге салаларға да 
жалпы қызығушылықты арттырды. Алайда Беннетт (2013) сияқты 
сыншылар ойлаудың алты қалпағы «de Bono Foundation» уеб-сайты 
мен оның қолдаушылары айтқандай, балалардың мінез-құлқы мен оқу 
үлгерімін жақсартатынына күмән келтіреді (Pugh, 2009). Беннетт пікі
-
ріне сүйенсек, мектеп пайдаланушыларының пікірлеріне өзін-өзі асы
-
ра қолпаштау тән, сондықтан белгілі бір тәуелсіз зерттеулерді қарас
-
тырған жөн. Мәселен, ойлаудың алты қалпағын қолдану балалардың 
зерттеу, ұйымдастыру және сұрақ қою дағдыларын жетілдіреді деген 
тұжырым жасаған бірнеше шағын тәуелсіз халықаралық зерттеуді 
атап өтуге болады (Koh, 2002; Dhanapal and Wern Ling, 2013).
Балалардың ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін сабақ сипаты
-
на мыналар жатады:
„
қиын тапсырмалар – Эи�деи� және басқалар (2002) мұны «когнитивтік 
конфликт» деп атаған. Мұғалім оқушыларға олардың қабілеті жете 
қои�маи�тын тапсырмалар береді, бірақ олар мұғалім мен қабілетті 
қатарластарының қолдауының арқасында «дүниетанымын кеңеи�
-
теді»;
„
ои�ын білдіретін сөздерді бөлісу, мысалы: «сұрыптау», «себеп», «бол
-
жам», «қосу»;
„
оқушылардың сұрақ қою, заттарды алып көру, қателік жасаудан қо
-
рықпау секілді қызығушылықтарын ояту;
„
«қалаи�» және «не» екеніне ден қою, мысалы, проблемаларды шешу 
стратегияларын салыстыру;
„
проблемаларды шешу стратегиясын жасау, мысалы жоспар құру;
„
диалог жүргізуге мүмкіндік беру, мысалы, «Мынаны не үшін істеп 
жатырсың? Не білгің келеді?»;
„
метакогнитивті стратегияларды модельдеу, мысалы, «дауыстап ои�
-
лау»;
„
белсенді тыңдау, мысалы, басқа сөзбен жеткізу, бас изеу;
„
басқалармен тиімді ынтымақтастық, мысалы, топ мүшелеріне нақ
-
ты рөлдер белгілеу;
„
ашықтық, икемділік, нақтылыққа ұмтылу секілді мінез-құлық
қалыптастыру;


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет