Мұғалімдердің өз пәні бойынша білімі мен түсінігі
Сауат ашу, санау дағдылары және ғылыми ізденіс стандарттарын
көтеру жұмыстары бойынша мектептердің алдағы міндеттері балалар
-
мен ғана шектелмейді. Өкінішке қарай, сауат ашу, санау дағдылары мен
жаратылыстану (science) пәндерін оқытып жүрген жас мамандар мен
мұғалімдердің көбінің білімі жеткіліксіз болады, сосын өздеріне сенім
-
ді емес (OFSTED, 2008a; The Royal Society, 2010; OFSTED, 2011a; OFSTED,
2011b; OFSTED, 2011c). Мұның ең үлкен залалы бала сабақ оқуды қояды.
Орта мектептердегі математика мұғалімдерінің төрттен бірінен астамы
тиісті білім дәрежесін алмаған немесе диплом алғаннан соң біліктілі
-
гін жетілдірмеген (Paton, 2011). Бұл жағдай Біріккен Корольдікке ғана
қатысты емес. Америка ғалымдары шағын зерттеу жүргізіп, бастауыш
мектептің жоғары сынып мұғалімдерінің математикаға деген ынтасы
мен білімінің жоқтығын анықтаған, әрине, мұндайлар оқушыларын ма
-
тематикалық идеяларды оқуға онша қызықтыра алмайды. Дегенмен
білімді әрі ынталы орта мектеп мұғалімі сабақ беретін, бес күннен екі
рет өткізілетін жазғы мектепті енгізу бірден нәтиже берді, әсіресе мұға
-
лімнің оқушы рөлінде болуы сәтті шықты (Feuerborn
et al.,
2009).
Сонымен қатар соңғы кездері біліктілікті арттыратын курстар
-
ға қатысу талаптарын күшейту қадамдары жүріп жатыр. Англиядағы
болашақ мұғалімдер енді ағылшын тілі, математика және пайымдау
бойынша емтихан тапсыруы талап етіледі. Уэльсте де дәл осылай та
-
ғылымдамадан өтушілердің бәрі функционалдық сауаттылық пен са
-
нау дағдылары бойынша ұлттық тестілеуден өтуге міндетті, сондай-
ақ ағылшын тілі мен математика пәндері бойынша GCSE (Орта білім
туралы жалпы сертификат) тестінен өтіп, C емес, кемінде B деңгейін
иеленуі қажет. Әрине, оқуға тапсырғанда жоғары балл жинау мықты
мұғалім боласың дегенді білдірмейді, бұл өзгерістер оқуға түсу үшін
қойылатын талаптарды күшейту үшін жасалған.
2004 жылы үкімет мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында
жаратылыстану пәндерін оқытатын орталықтар желісін құрды (funded
by the Wellcome Trust). Уеб-сайтта ғарыш, қарапайым механизмдер,
виртуал үй жануарлары сияқты тақырыптарға арналған бейнемате
-
риалдармен қоса
Достарыңызбен бөлісу: |