Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


қорлар мен ерікті түрде бақылауға алынған мектептер



Pdf көрінісі
бет274/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
қорлар мен ерікті түрде бақылауға алынған мектептер
шегінде дінтануды оқытуға арналған келісілген оқу бағдарламасы 
бойынша билік өкілдеріне кеңес береді. Англияда мектептер дінтану 
бойынша мемлекеттік емес басқармалар тарапынан қамтамасыз етілсе
(DCSF, 2010), ал Уэльсте мұны ұлттық үлгідегі құрылым іске асырды 
(DCELLS, 2008). Заңға сәйкес келісілген оқу бағдарламалары ұсыныл
-
ған басқа негізгі діндердің ілімдері мен тәжірибесін ескере отырып, 
Ұлыбританиядағы діни дәстүрлердің негізінен христиан дініне тиесілі 
екенін көрсетуі керек. Келісілген оқу бағдарламаларының презента
-
циясы, стилі мен мазмұны әртүрлі, бірақ олар оқушыларды белгілі бір 
діни нанымды қабылдауға үндемеуі тиіс. Еріктілер қаржыландыратын 
мектептер мен базалық мектептерде дінтануды оқыту мектептің сенім 
туралы құжаттары мен діни қауымдастық белгілеген нұсқауларға сәй
-
кес жүргізіледі. 
Діни мектептердегі оқытудың ерекше шарттары Англикан шіркеуі, 
Солтүстік Ирландия католиктік білім беру комиссиясы және Достар қо
-
ғамы (квакерлер) сияқты ұйымдардың уеб-сайттарында сипатталған. 
Англикан шіркеуі – Англиядағы төрт мың сегіз жүзден астам мектеп
-
ті қамтамасыз ететін ең үлкен провайдер. Англикан шіркеуі үкіметтік 
реформалар маман мұғалімдерді даярлауға қаржыландыруды қысқар
-
тып, дінтанудың позициясын төмендетіп жатыр деп мәселе көтеріп 


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
329
жатқанда, шіркеу мектептерінің алдында «әрі ерекше, әрі инклюзивті» 
болу секілді қиын міндет тұрды (Church of England, 2012). 
Бұл күдік Білім беру стандарттары басқармасы (2013a) тарапынан 
да біршама қолдау тауып, ол балалардың мектептен басқа діндер ту
-
ралы толымды білім немесе түсінік алып шыға алмайтынын, он бас
-
тауыш мектептің алтауының дінтануға қатысты стандарттарының 
төмен екенін, сондай-ақ мектептердің үштен бірінде дінтануды оқыту 
дұрыс жолға қойылмағанын, сонымен қатар діни мазмұннан «жұрдай» 
болу дінтану сабақтары үшін «сирек құбылыс емес» екенін мәлімдеген. 
Мұғалімдер дінтану сабақтарын салауатты өмір салты, қайырымды
-
лық шаралары, қарттар үйіне бару, пантомималар, сауат ашу тапсыр
-
маларын орындау және «сезім» сияқты тақырыптарды талқылаумен 
алмастырған. 
Келісілген бағдарламаларда ғибадат орындарына бару, діни рә
-
сімдерді орындау, артефактілермен жұмыс істеу, эмоцияны
би, драма 
және ән арқылы білдіру бойынша балалардың алғашқы тәжірибесін 
қалыптастыруға баса назар аударылады. Дұрыс ұйымдастырылған 
жағдайда оқушылар ғибадат орындарына барудың арқасында айтар
-
лықтай көп нәрсе біледі, әсіресе діни қызметкермен ғимараттың қалай 
пайдаланылатынын талқылаудың, діни рәсімдерге куә болудың бе
-
рері көп. Аптаның жұмыс күндері барудың бір қиындығы балалар бос 
ғимаратты ғана көріп, нағыз ғибадат орынының тыныс-тіршілігінен 
бейхабар қалады. Дегенмен ғибадат орындарына бару балаларға оның 
құрылысын зерттеуге (мысалы, бақылау, эскизін жасау немесе сурет
-
ке түсіру), жиһаздарының қалай пайдаланылатынын пайымдауға, экс
-
курсия жетекшісімен немесе ғибадат етушілермен (егер болса) сөйле
-
суге, хабарландыру тақталарымен танысып, оның қызметін анықтауға 
немесе жай ғана үнсіз отырып, ерекше әлемге енуге мүмкіндік береді. 
Жақсы діни білім бұл рефлексия мен тыныштыққа қол жеткізуге мүм
-
кіндік береді. Тыныштандыратын музыка, балауыз шамдар, суреттер, 
«мазаламаңыз» деген белгілер және айнала қойылған орындықтар – 
бәрі де рефлексия үшін оңтайлы жағдай туғызады (White, 2000). Дэвис 
(2004) балалардың ғимаратпен «тілдесуі» үшін жан тыныштығына 
қол жеткізуге мүмкіндік беру баға жетпес тәжірибе екенін еске салады. 
Кейбір балаларды собордың сәулеті, витраждары немесе оюланған мү
-
сіндері таңғалдыруы мүмкін. Бір кездері жүздеген адамға пана болған, 
бірақ қазір бірен-саран кәрі-құртаң ғана келетін көсілген кең әрі суық 
ғибадат үйі балалардың көңілінде үрей ұялатуы да ғажап емес. Ғибадат 
ету орындарының әртүрлі болатыны белгілі. Біріккен Корольдіктегі 
христиан дінінің құлдырауы тарихи шындық болғанымен, оқушылар
-
ды адамдардың діни сенімі өміріне қалай ықпал ететіні, мысалы, қайы
-
рымдылық шараларын өткізу, кедейлерге көмек көрсету және елдегі 


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
330
және өзге елдердегі апатқа ұшырағандарға қол ұшын беру туралы ой
-
лануға шақыру керек. 
Дінтанудың оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен әл-ауқа
-
тының өсуіне қосатын оң үлесі Англиядағы бастауыш мектептердің 
төрттен үшінің негізгі басымдығы ретінде көрсетілген (OFSTED, 2007). 
Алайда балалардың діндер туралы нақты ақпаратты біліп, оны өз өмі
-
рімен байланыстыра алмауы қауіпті. Мұғалімдер балаларға өз сезімде
-
рін түсінуді және әртүрлі жағдайларды қалай қабылдауды үйрету үшін 
қандай мүмкіндік жасалып жатқанын
ойласуы керек. 
Барлық пәндер сияқты дінтануды да дұрыс жоспарлау оны оқыту
-
ды оңтайлы етеді. МакКрири және басқалар (2008: 18–20) есте болуы 
қажет негізгі 7 қағиданы атап көрсетеді: 
1) баланы есіңізде сақтаңыз; 
2) нақты нәрседен бастаңыз және балалардың байланыстарды көруі
-
не көмектесіңіз; 
3) балалар тәжірибесі мен нақты діни тәжірибенің ұқсастығын ізде
-
ңіз; 
4) айырмашылықты мойындаңыз; 
5) дінді меңгерту үшін тақырыптар ойластырыңыз; 
6) бас, жүрек және қолды іске қосуға тырысыңыз
7) мүмкіндігінше сезімді көбірек іске қосыңыз. 
Осы қағидаларды ескере отырып, мұғалімдер пәнге деген қызы
-
ғушылықты арттыратын және құрмет, сыни тұрғыдан ойлау, ризашы
-
лық және пікірін ашық білдіру сияқты жағымды қарым-қатынасқа ық
-
пал ететін сабақтарды жоспарлай алады. Бұл қағидаларды түрлендіріп 
әкету еш қиындық туғызбайды. Дінтануды озық оқыту балалар түсі
-
нігінің деңгейіне қарай анықталатындықтан, мұғалімнің математика
-
ны оқытудағыдай балалардың діни түсінік деңгейін анықтап алуы аса 
маңызды. Кішкентай балалар өзінің «христиан» немесе «сикх» екенін 
айта алмауы мүмкін, алайда олардың қай дін немесе сенім өкілі екені
-
нен хабар беретін нәрселер болады. Ондайда мұғалімге жергілікті діни 
ғимараттардың суреттері, артефактілер, азық-түлік фотосуреттері, тіп
-
ті балалардың есімдері көмектеседі. Мұғалімдер балалар мен олардың 
ата-аналары неге сенетінін қаншалықты жақсы біледі? Түрткі балалар
-
дың білім алуына көмектесу болса, онда ол балаларды мезі қылмауға 
тиіс. Коул мен Эванс-Лоундс (1991: 48) жоғарыдағы ойды қуаттай тү
-
седі, олардан Иегова куәгерлерінің балалары туралы «олар неліктен 
туған күнін тойламайды?» деп сұрағанда, тәжірибелеріне сүйене оты
-
рып төмендегідей жауап береді: «Иегово куәгерлері қоғамдастығының 
ақсақалын мектепке шақырып, біз үшін маңызды әрі олардың балала
-


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
331
рымен қандай байланыс жасау керек екенін білу үшін бұл сенім туралы 
сұрауға жағдай жасалды ма?» Ондай кездесуді ұйымдастырған мұғалім 
мұндай талқылаудың үлкен пайдасын көрді. Спикерлермен кездесу 
бұл пәннің діни жүйелерді зерттеуден діни тәжірибелермен танысуға 
түбегейлі ауысқанына жақсы мысал бола алады (Johnston 
et al.,
2002). 
Діни топтардың өкілдерімен кездесулер мен әңгімелер дін мен ол ту
-
ралы білім арасындағы, сондай-ақ танымдық және эмоциялық оқу ара
-
сындағы алшақтықты жоюға көмектеседі. 
Дінтанудың үздік мұғалімдері тікелей тәжірибе жинауда ғибадат 
орындарына барудың, діни рәсімдерді сақтаудың, артефактілерді қарау
-
дың және би, драма, ән айту арқылы эмоцияны білдірудің қаншалықты 
маңызды екенін біледі (Copley and Copley, 1993; Langtree, 1997). Олар ба
-
лалардың тәжірибесіне сүйенеді (8.3-қосымша). Олар бұл пәннің стерео
-
типтермен, фобиялармен күресу үшін айырықша маңызды екенін біледі. 
Дінтануды оқытудағы озық тәжірибе мыналарды қамтиды: 
y
Қазіргі әлемдегі даулы діни мәселелерді, соның ішінде бұқаралық 
ақпарат құралдарының дінді бұрмалауын зерттеу; 
y
«сирек аталатын» діни бірлестіктердің өкілдері мектеппен жұмыс іс
-
теп, өз дәстүріне құрмет көрсетілетініне сенімді болуы керек
y
оқушылар өз тәжірибелерін қауіпсіз контексте бөлісуге және өз діні 
мен нанымдарының бағалануын және құрметтелуін қамтамасыз 
етуге міндетті; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет