8.4-ҚОСЫМША.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: ДІНТАНУДЫ ОҚЫТУ
Тарихи тұрғыдан алғанда, дінтану кейбір елдердің оқу бағдарламасынан көр-
некті орынға ие болды, ондағы мақсат оқушыларды белгілі бір дінге тарту
болатын. Дінтануды оқытуға мұндай конфессиялық тұрғыдан келу Албания,
Франция, Америка және Үндістан сияқты елдердің мемлекеттік мектептерде
бұл пәнді оқытуға тыйым салуына әкелді. Бұл елдерде дінтануды оқыту діни
қауымдастықтармен, тәуелсіз мектептермен шектелген. Германия, Греция,
Словакия сияқты елдерде конфессиялық оқыту мемлекеттік мектептерде де
бар. Дания, Нидерланды, Норвегия және Швеция сияқты елдерде мемлекет-
тік мектептер дінтануды оқытуда бір конфессия екінші конфессияға үстемдік
етпейтіндей «бейтарап» позиция ұстанады. Біріккен Корольдікте үкіметтің
мектептерді осы пәннің маңыздылығын арттыруға ұзақ уақыт бойы міндетте-
гені сөз болып жүргенімен, пәннің мазмұнының кейбір тұстары мен оқытылуы,
әсіресе Солтүстік Ирландияда қатты дау тудырды (Copley, 1997).
Достарыңызбен бөлісу: |