«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау»



Дата18.02.2018
өлшемі142,61 Kb.
#37984

Тақырыбы: «Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау» (слайд)


  1. Мотивация дегеніміз не?

Психология бойынша, мотивация – Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.

Мотивация (ағылшын. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Латынша "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді. Ал оқыту барысында мотивацияны дамытатын да оны жүзеге асыратын да мұғалім, менің де мақсатым сабақта оқушылардың оқу, ойлау және сөйлеу мотивациясын дамыту.

  1. Күш-жігер туралы: Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

«... Егер өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл.
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе-өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер күш-жігер мен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек...»

Міндеттері:

  1. Адам бойындағы күш-жігер мен алдына мақсат қоя білу туралы түсініктерін тереңдету;

  2. Әр оқушының өз мүмкіндігіне сенуіне, табандылық қасиеттерін дамытуына ықпал ету;

  3. Өз бойларындағы мүмкіндіктерін бағалай білуге және дұрыс іс әрекет ету арқылы ішкі тыныштыққа жетуге, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

3.Табандылық — адамның ұнамды ерік-жігер сапаларының бірі. Табандылық —Табандылық баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру. Табандылық қасиеттерін кемелдендіруде, тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар. Мұндай кісі ылғи да қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шыңдала, әкетіле түседі. (Бұған екі аяғынан бірдей айырылса да, әскери ұшқыш қызметіне қайта оралған Совет Одағының батыры Алексей Маресьев пен кешегі азамат соғысында екі қолынан айырылған жас қазақ жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың өмірі жақсы мысал бола алады. Соңғысы ауруханада жатқанда бақайымен жазу жазды, аузымен қыл қаламды тістеп сурет салды, елге келгесін шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, совхозда есепші болды. Осы мысалда табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай қиын жағдайда да жан аямай тіршілік ете, еңбек етуді ерекше сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады.) Табандылық кісі таңдамайды, тілесе кім болсын, айқын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.

Табанды болсаң, табысқа жетесің.

«Миллионерше ойлау»  курсының авторы Алекс Яновскии қалталы бизнесмен болуға қажетті он қасиетті тізбелей келе, өзіңіз айналысқыңыз келген саланың білікті маманы болуды ең соңғы орынға қояды.Егер сіз баспа қызметімен айналысқыңыз келсе, сол саланың жұмысын бес саусақтай білетін маман болу қажеттігі 10-шы деңгейде тұрады екен. Бақуатты бизнесмен болуға керекті ең басты қасиеттердің қатарында жоғарыда айтқанымыздай табандылық бірінші орында тұр.



  1. Ынталылық жалқаулықты айдап шығады → усердие гонит леность прочь. 

Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады.

Ұстаз  тарапынан барынша ынталылық  пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін  бейнебір су тәрізді.»

...ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі іскерліктері...

Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал болмауға да тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өз ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».
  1. Жалқаулықты қалай жеңуге болады?


Қақаған қыста жылы көрпенің астына кіріп алып, ашылып кеткен есікті жабуға ерініп, ақыры үсіп өлген екі бала туралы әңгіме есіңізде шығар? Желкемізге жармасқан жалқаулық етегімізден тартып, жақсы істерді тындыруға мұрша бермей жатады.

Ер қазақтың осалтұсы да-еріншектік. Біз бүгін жалқаулықты қалай жеңуге болатыны туралы әңгімелейміз. 

1. Бес-ақ минут! Өзіңізге бес минут арнаңыз! Ойыңызды жинақтап, өзіңізге күш беріп, жұмысқа құлшына кірісуге бес минут қана жеткілікті. 

2. Үлкен істерді бөліп-бөліп тастаңыз. Көп жұмысты бірден орындау мүмкін емес. Сондықтан бөліп-бөліп орындағаныңыз абзал. Дұрысы - жоспар құрып алыңыз.

Жоспарды ойша құрып үйренгеніңіз жөн. 


3. Басты жұмыстан қашпаңыз! Басты жұмысты істеуге жалқаулығымыз жар бермейді. Ертеңге дейін реферат жазу керек. Рефератты жазудың орнына ұсақ-түйек үй тірліктерін жасаймыз, дүкенге барып, интернетте отырамыз. Бәрібір реферат жазудан қашып құтылмайсыз. Сондықтан, рефератты жазып тастауды бірінші орынға қойыңыз. 
4. Ерте тұрыңыз "Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық". Миыңыз шаршамай тұрғанда жұмысыңызды бітіріп тастағаныңыз абзал. 
5. Өз-өзіңізге сый жасаңыз. Қандай еңбек болмасын, марапатқа лайық. Сондықтан, бір істі тындырып тастағаннан кейін, өз-өзіңізге сый жасаңыз! Сүйікті печьенеңізбен шәй ішіп, миыңызды демалтыңыз. Бұл кейін әдет боп қалыптасып кетеді. Ал қиындау тапсырманы орындау керек болса, өзіңізге лайықты сый ойлағаныңыз жөн. "Осы жұмысты бітіріп тастағаным үшін өзіме жаңа сағат сатып аламын"деп өз-өзіңізге уәде беріңз.
6. Ертеңге қалдырмаңыз "Еріншектің ертеңі бітпес". Қай істі болса да, орындауға қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мақсатқа жеткіңіз келсе, берілген жұмысты дәл қазір орындап тастаңыз. Бұл да бара-бара бойыңызға сіңіп, ең жақсы әдет болып қалыптасады. 
Ерініп қалғанымыз үшін өзімізді талай жазғырып, жазаласақ та, ерінеміз. Бірақ, жалқаулықтың жақсы жолға апармайтынын түсінетін кез жетті!

Бала тәрбиесінде ескерілуі қажет 16 ереже


1. Балаларыңызды ернінен сүймеңіз.

2. Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деу арқылы бейтаныс адамдармен байланысын күшейтпеңіз.


3. Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз, тіпті туысыңыз болса да.

4. Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ашуланбаңыз.

5. Балаңызға өзінің қалауынан тыс оның денесіне ешкім тисе алмайтынын үйретіңіз.
6. Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда, жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.

7. Балаңыздың көзінше коланы сіміріп ішіп «балам, кола өте зиянды» демеңіз. Өзіңізге деген сенімінен айырылмаңыз.

8. Өзіңіз кітап оқымайтын жан болсаңыз, «балам кітап оқымайды» деп оған ренжімеңіз.
9. Балаңызға «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз, «істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.

10. Балаңызбен дос болмаңыз, әке-шеше болыңыз.

11. Балаңызға тыйым сала бермеңіз, оған зиянын түсінікті тілмен түсіндіріңіз.
12. Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қараңыз.

13. Балаңызды көп құшақтаңыз. Өзіне қажетті махаббатты сізден ала алмаған бала оны сырттан іздейтінін естен шығармаңыз.



14. Балаңыздың намысына тимеңіз, кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өзінше ерекше екенін ұмытпаңыз.
15. Балаңызға бірнәрсе үйретерде қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы үйретіңіз.
16. Балаңыздың сұраған сұрағына қысқа әрі нұсқа жауап беріңіз. 
Каталог: uploads -> doc -> 0c93
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c93 -> Сабақ №10 Қазақ тілі 16. 09. 2015жыл «Дыбыс және әріп» Саба қтың тақырыбы
0c93 -> Сабақтың тақырыбы : Алғашқы функция және анықталмаған интеграл Cабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет