Кең
ауқымды оқу бағдарламасы
323
алғанда пән мазмұнының айқын еместігі, сапалы дайындық пен пән
мұғалімдерінің болмауы. Балалардың заманауи проблемаларға, адам
-
дар мен түрлі орындарға деген қызығушылығын қанағаттандырудағы
бірегейлігі сөз болғанда, географияның алар орны әлі де даудан арыл
-
май тұр. Виганд (1993: 1) қысқаша: «География сіз үшін аса пайдалы», –
деп ескертті.
Бірақ үміт бар. Білім беру стандарттары басқармасының (OFSTED,
2011b) жоғарыдағы география пәніне төніп тұрған қауіп туралы есе
-
бінде мектептердің төрттен бірінде жағдай айтарлықтай жақсы екені
де айтылған. Ондағы оқушылардың оқу үлгерімі жақсы, өйткені мұға
-
лімдер оқушылардың дала жұмыстары бойынша және басқа да дағды
-
ларын дамыту үшін практикалық сабақтардың оңтайлы түрлерін ұсы
-
нады. Оқушылардың нақты мәселелерді талқылауға мүмкіндігі бар,
сондай-ақ карталарды, аэрофотосуреттерді, атластарды,
сызбаларды,
диаграммалар мен технологияларды үнемі қолдану оларды ынталан
-
дыра түседі. OFSTED өз уеб-сайты мен жарияланымдары арқылы гео-
графияны оқытуға жақсы бағдар болатын озық тәжірибе үлгілерін
ұсынады. Олардың қатарында құрылымдық ойын сессиясы арқылы
Мексика ауылына «сапар шегіп», көріп-білгендерін өз қаласымен са
-
лыстыратын сыныптарды, сонымен қатар 5-сыныпқа
дейін Лондон
метросының картасы негізінде қазына картасын зерттейтін сынып
-
тарды атап өтуге болады (OFSTED, 2011b). Алайда оқушылардың гео-
графия пәні бойынша жинайтын тәжірибесінің сапасына атүсті қарауға
болмайды. Егер география пәні бойынша стандарттарды жетілдіру ке
-
рек болса, төмендегілерді ескеру қажет:
географияның маңызын толық түсіну қажет;
пән мұғалімдері мектеп ішінде де, мектептер арасында да озық тәжі
-
рибе алмасуды жалғастыруы керек;
мұғалім біліктілігін арттыру қолдау мен кәсіби дамуды қажет етеді.
Оптимизмді география қауымдастығының барын салғанынан да
байқауға болады. Қауымдастықтың кең ауқымды уеб-сайты пән мұға
-
лімдеріне арналған нұсқаулық, зерттеулерге сілтемелер, жоба туралы
жаңалықтар, оқытуға қатысты кеңестер, пәнаралық материалдар және
Біріккен Корольдік бойынша мұғалімдерге арналған оқу бағдарлама
-
сын жаңартуды ұсынады (www.geography.org.uk).
Географияны оқыту мазмұны өзара байланысты 3 өлшемге негіз
-
деледі: қоршаған орта, орын және кеңістік (Wiegand, 1993; Carter, 1998).
Англиядағы Мемлекеттік оқу бағдарламасы
жергілікті білімге баса
назар аударады және оқушылардың нені білуі керек екенін былай
нақтылайды; мысалы, 1-негізгі кезеңнің соңында балалар әлемдегі
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
324
7 континент пен 5
мұхиттың атын атап, орналасқан жерін көрсете
алуы керек, ал 11 жасар балалар ендік, бойлық, экватор, солтүстік жар
-
ты шар, оңтүстік жарты шар, Шаян мен Тауешкі тропигі, Арктика мен
Антарктика шеңбері, Прайм/Гринвич меридианы және уақыт белдеу
-
лерінің орны мен маңызын анықтай алуы керек (DfE, 2013, 199–200).
Оқушылар әртүрлі орта мен ландшафттар туралы білімі мен түсінігін
жетілдіріп, оларды басқаруға, қолдауға және жақсартуға қатысты қа
-
рама-қайшы пікірлердің бар екенін қабылдауы керек. Сонымен қатар
оларға тұратын жерінің ерекшеліктері мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі
халықтар тәжірибесінің алуан түрлі екенін түсіндіру керек. Оқушылар
-
дың адам мен табиғатты тереңірек түсінуіне ықпал ете отырып, аялы
алақанға зәру қоршаған ортаны басқару мектептер үшін аса маңызды
болуға тиіс.
Балалардың өзі тұратын орны туралы түсінігіне ойындар, зерттеу
-
лер мен саяхаттау кезіндегі жинаған тәжірибелері әсер етеді. Бірақ олар
үшін уеб-камералардан контраст жерлердің суреттерін көру секілді жа
-
нама тәжірибе де пайдалы. Бейл (1987) осы жаңа идеяларды сипаттау
үшін «жеке география» терминін қолданды. Мұғалімдер балаларды
түрлі жерлермен таныстыруда маңызды рөл атқарады, олар өздерінің
демалыстарда жинаған тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті, ұлт
-
тық және халықаралық жаңалықтарда айтылған жерлерді көрсетеді.
Балаларға: «Әлемдегі ең суық, ең ыстық, ең оқшау, ең биік, ең таза, ең
әдемі немесе ең қорқынышты жер қайсы?» деген сияқты сұрақтар қою
олардың қызығушылығын арттыруы мүмкін. Аймақты жүйелі бақылау
мен талдау географияны басқа пәндерден ерекшелейді. Оқушыларды
физикалық және адами қасиеттердің өлкеге қалай әсер ететіні туралы
пайымдауға ынталандыру керек.
Географияның оқушы
өміріне тікелей қатысы бар, өйткені оның
оқушыны қоршаған ортамен байланысы бар және оған әлем халықта
-
ры мен түрлі орындар туралы ақпаратты түсінуге көмектеседі. Геогра
-
фияны балалар үшін шынайы етудің маңыздылығы көп жылдан бері
айтылып келеді. Мысалы, Гагг (1951) керемет ұсыныстар жасады: хат
жазу; модель жасау; дүкен пакеттері, құмыра, жапсырмалар, пошта мар
-
калары, материалдар, жарнамалар және ауылшаруашылық дақылдары
сияқты заттардың коллекциясын жасау; зауыт, фермаларға, теміржол
станцияларына, ауылдарға, дүкендерге бару; жергілікті бақылаулар
мен
жазбалар, мысалы, санақ және ауа-райы жазбалары; фотосурет
-
терді, карталарды, сызбаларды, карталар мен анықтамалықтарды пай
-
далану; сыныпқа қонақтар, әсіресе шетелдіктер
мен шетелде саяхат
-
тағандарды шақыру (Gagg, 1951:159). Жаңалықтардың бәріне дерлік
географиялық элемент тән, сондықтан мұғалімдер географияның ма
-
ңызы мен өзектілігін арттыру үшін күнделікті жаңалықтарды сабақта
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
325
пайдаланып отыруы керек. Корольдік географиялық қоғамы мен
National Geographic-тің уеб-сайттары
мен жарияланымдары климат
-
тық өзгерістер мен жаһандық жылыну сияқты проблемалар жайында
сенімді, өзекті әрі салмақты жаңалықтар ұсынады. Экологиялық өзге
-
рістердің жойылып бара жатқан түрлерді қайта қалпына келтіру үшін
қуарған жерлерді кәдімгі табиғи мекенге айналдыру секілді жағымды
жақтарын да есте ұстаған жөн (Catling and Willy, 2009). Сонымен қатар
экологиялық білім беруді жоспарлау «жеке тұлға ретінде қоршаған ор
-
таны
Достарыңызбен бөлісу: