Ширату
өнері
554
жазба жүргізудің маңызды екенін айтады.
Мәліметтерді сақтау мен
жазба форматы туралы шешімдер қабылдау мектептің қарауына қал
-
дырылады (Headington, 2000). Бағалау, есеп беру мен жүйелі жоспар
-
лауды тиімді жүргізу үшін жазбаны мұқият әрі жаңартылған түрде сақ
-
тау қажет.
Мұғалімдер әдетте мынадай жазба түрлерін жүргізеді:
оқушылардың сабаққа қатысуын жазу;
сынып тізімі;
кеи�бір мүмкіндіктер мен қиындықтарды
көрсететін топ тізімі;
оқушының оқуы, тілі және математикасына қатысты жазбалар;
оқушылардың барлық даму көрсеткіштері туралы пікірлер келтіріл
-
ген
ескертпе жазулар;
әр оқушының жетістіктеріне қатысты таңдамалы жұмыстардың
портфолиосы.
Үздік стажерлар әр оқушының пайдалы әрі мұқият бағалауын қам
-
титын және тұтас сынып немесе топтың көрсеткішін сараптайтын то
-
лыққанды жазбалар жүргізеді (OFSTED, 2005). Тек қиықша/айқыш не
-
месе иә/жоқпен жүргізілетін жазбалар оқушының оқу үлгерімі жайлы
қысқа шолу жасауына көмектеседі. Бірақ олар толыққанды индикатор
бола алмайды және оқушының сабақ үлгерімі қалай жүргізілуі керек
немесе бағалау контексі туралы толық мәлімет беруге қауқарсыз. Егер
портфолиоға енгізілетін жұмыстар мұқият жасалынған болса, айталық,
оқушының тәуелсіз
жұмыс істегенін көрсетсе, онда портфолио мәлі
-
меттері ең құнды дерек болып саналады. Көп мектептерде белгілі бір
пән немесе жұмыстар бойынша стандартты сақтаудың үлгісі
ретінде
топ немесе сынып портфолиосы болады. Оларды жиналыстарда неме
-
се ата-аналармен және басқа да мүдделі тараптармен жұмыс жүргізу
барысында пайдаланады. Кейбір мектептерде оқушылар өздерінің оқу
үлгерімін көрсету үшін жетістіктер жазбасына қай жұмысын салаты
-
нын таңдай алады. Жеке немесе ортақ жауапкершілікті арттыру мақ
-
сатында оқушыларды
жазба жұмысына араластырып, жұмылдырып
отырған жөн. Мысалы, оқушылар оқыған кітаптарының атауын, автор
-
дың атын, оқыған күндері мен мәтінді бағалау мысалдары сияқты мә
-
ліметтерді оқу жазбасына енгізуі мүмкін.
Біріккен Корольдік мектептерінде міндетті жазба жүргізудің бір
-
неше жауапкершілігі бар. Мектептер әр оқушының академиялық, жеке
дамулары туралы және жалпы мектептегі жетістіктері жайлы мәлімет
-
терді жазып отыруға міндетті. Мұндай жазбалар жыл сайын жаңарты
-
лып тұруы керек. БК мектерінде нәсілшілдікке қатысты инциденттерді
Ширату өнері
555
жазып отыру және оны жүйелі түрде жүргізу талап етіледі. 2005 жылғы
«Білім туралы» заңның шарттарына сәйкес, мектептер оқушылардың
қауіпсіз ортасы мен қауіпсіздік жұмыстарын жетілдіруге міндетті. Жаз
-
ба жүргізудің астарында үш маңызды аргумент бар: баланың үлгерімі
туралы ақпараттың ата-анаға, мұғалімге
және басқа да мамандарға
жеткілікті болуын қамтамасыз ету; егер мұғалім келе алмай немесе уа
-
қытша болмай қалған жағдайларда сабақты кедергісіз жүргізу мүмкін
-
дігі және оқушыларға қолдау көрсету жауапкершілігін мектептер қан
-
шалықты атқарып отырғаны жайлы біліп отыру.
Оқушының үлгерімі мен жетістіктерін жазып отырудың түрлі жол
-
дары бар. Мектептердің ең көп қолданатындары: ескерту, екінші ескер
-
ту, күнделік жазу, индекс карталар, жазба парақшалары, цифрлы фо
-
тосуреттер, видео/аудиотаспалар. Баспагерлер, интернет, колледж бен
мектептер және жергілікті мекемелерде бақылау жазбасын жүргізудің
көптеген мысалдары бар. Әдетте онда мынадай мәліметтер болады:
бақылаушының аты, баланың аты, бақылау күні, басталған және аяқ
-
талған уақыты, қатысқан ересектердің саны, іс-әрекеттің сипаттамасы,
бақылау аймағы және қосымша тиісті мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: