Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Жеке және әлеуметтік дамуды бағалау



Pdf көрінісі
бет471/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Жеке және әлеуметтік дамуды бағалау 
Оқушының жеке және әлеуметтік дамуын ресми бағалау үнемі күр
-
делі мәселе болып келеді және көбіне түсіну мен білімді игерумен шек
-
теліп жатады (OFSTED, 2002). Мектеп баланың барлық даму аспектіле
-
рін бақылап, жазып алып отыруға міндетті. Жеке және әлеуметтік білім 
берудегі бағалау тәжірибесі көп жылдардан бері дамымай келе жатыр 
(OFSTED, 2005; OFSTED, 2013). Жеке және әлеуметтік дамудың мақса
-
ты мен контенті бойынша келіспеушіліктер бағалау мәселесін одар әрі 
қиындатып отыр (Inman 
et al.
, 1998). Дегенмен кішкентай балалар өз 
уақытында мынадай қабілеттерді меңгеріп шығуға тиіс деген ортақ 
келісім бар: өз бетінше жұмыс істей білу, толыққанды таңдау мен ше
-
шім шығара білу, өздерін орынды көрсету, проблеманы шешуге өзінше 
әрекеттену, білімін қолдана білу, түрлі жағдаяттардан шыға білу және 
позитивті қарым-қатынас қалыптастыру және оны сақтау (DfES, 2003). 
Көптеген бастауыш мектептер өзін-өзі бағалаумен қатар оқушы
-
ның жұмысын талқылау мен бақылауды негізгі стратегия ретінде ұста
-
нады (Estyn, 2001; Lee and Plant, 2000). Қайталау, сөзді табу және ойын
-
дарды пайдаланатын қауіпсіз әдістер дәрінің пайдасы немесе медици
-
налық қауіпсіздік сияқты тақырыптардағы білімді бағалауға қолданы
-
луы мүмкін. Рөлдік ойындар денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері ту
-
ралы білім мен түсінікті бағалауда көп қолданылатын құрал. Бұған бір 
мәселе бойынша жасаған шешіміне балалардың фидбәк беруі арқылы 
жүргізілген қатарластар бағалауын қосуға болады. Мысалы, мектеппен 
бірге шетелге саяхаттап шыққанда адасып кетсе не істеу керек немесе 
қоғамдық көлікте оқушы өзін қалай ұстау керек?
Баланың жеке дамуын бағалау мәселесінде қандай да бір баға қою
-
ды қолдамайтын қарсы пікірлер көп (Browne and Haylock, 2004). Жеке 
және әлеуметтік білім беру туралы Шотландия құжаттарында мұны 
анықтап жазды. «Оқушының жеке және әлеуметтік дамуын бағалаған 
кезде, жеке даму көрсеткіштері стандартталмайды және стандартта
-
луға тиіс емес» (Scottish Office Education Department, 1993). Жеке және 
әлеуметтік дамудың кейбір аспектілері біркелкі емес, мысалы, өзін-өзі 
бағалау жағдаяттарға байланысты өзгеруі мүмкін. Өзін-өзі бағалау оқу
-
шыларға өз жеке мәселелерін қарастыруға, мектеп пен қоғамдастық 
бекіткен құндылықтармен өзіндік жеке құндылықтарын салыстыруға 
және осы құндылықтар бір-біріне қайшы келсе не болуы мүмкін екені 
туралы ойлануға мүмкіндік беруде маңызды рөл атқарады. Иуд (Eaude, 
2008) жеке даму нәтижелерін өлшеуге бағаны немесе деңгейді пайда
-
лану қисынсыз екенін айтады. Бұл баланың дамуын бағамдауда сумма
-
тивті және формативті бағалауға жол жоқ дегенді білдірмейді. Мысалы, 
ата-аналарға балаларының жеке дамуы туралы баяндау – суммативті 


Ширату өнері 
553
бағалаудың жұмысы. Көп ата-ананы балаларының академиялық үлге
-
рімінен гөрі жеке және әлеуметтік дамуы көбірек қызықтырады. Олар 
балаларының қаншалықты көпшіл және жауапкершілікті екенін білгісі 
келеді.
Жеке және әлеуметтік білім беру саласындағы білімді, түсіну мен 
дағдыларды, бағалауды оқу бағдарламасының басқа бөліктерімен бір
-
дей қарастыруға болатынына қарамастан, құндылықтар мен көзқа
-
растарды бағалаудың қиындығы нені көрсету, нені көрсетпеу туралы 
ортақ келісім бар деген көзқараста жатыр. Құндылықтар көптеген фак
-
тормен өлшенеді. Нобл мен Хофман (2002: 205): 
Біз балаларға олар қандай ұстанымда болу керек екенін айта ал
-
маймыз, тіпті соны қалап тұрсақ та... оқушыларға өздерінің ұстаны
-
мын қалыптастыруға, басқалармен салыстырып қарауға уақыт пен 
мүмкіндік берілуі қажет және есейе келе ұстанымын өзгертуге, қайта 
қарауға және қалыптастыруға рұқсат берілуге тиіс. 
OFSTED оқушыларды бағалаудың ең үздік тәжірибесі – ол нәтиже
-
мен таныс болу және оқушыларды өздерін бағалау мен жеке үлгерімін 
жазып отыруға жұмылдыру деп мәлімдейді. Мынадай іс-шаралар арқы
-
лы бағалау мәліметін жинауға болады: 
„
дебат пен сапалы уақыт шеңберіне оқушының қатысуы
„
сырласу кеи�іпкеріне хат жазу, хат алмасу
„
медиа, көркем әдебиет пен ғылыми шығармалардан көзқарастарды 
іздеу; 
„
қуыршақтарды паи�даланып ертегі аи�ту; 
„
мәдени орындарға бару; 
„
мектеп ауласын аралау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет