Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет198/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)
Педагогикалық техника мұғалім шеберлігінің элементі ретінде. (1), Краснодарский университет, Metodika-prepodavaniya-istorii, 496800, открытый урок, Презентация4
Операционалдық перспективалар
Зерттеудің жоғарыда талқыланған теориялық қыры аралас тәсілді таңдауы-
ңыздың себебін ақылмен түсінуге, әдіснамалық көзқарасыңыздың сенім ту-
дыратын дәлелдерін қалыптастыруға көмектеседі. Бірақ бұл көмек бар-жоғы 
зерттеуді қалаи� жүргізу керек екенін аралас тәсіліңізді қалаи� қолданатыныңыз-
ды аи�тумен ғана шектеледі. Ал зерттеу тәсіліңіз әртүрлі зерттеу дизаи�нына, 
зерттеу стратегияларына жетелеи�тіндіктен, аралас тәсілмен зерттеудің сан 
түрлі жолын көрсетеді.


208
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сапалық деректерді қабылдайтын сандық тәсіл 
Бірде маған әлдебір маман (статист) аралас тәсілдің – бар-жоғы сандық әдіс-
тен жасалған қаңқаға сапалық әдістен жасалған қызыл етті жапсыру екенін 
аи�тты. Бұл жерде ешкімді таңғалдырмаи�тын басты ои� – аралас тәсілдің өзегінде 
сандық тәсіл жатыр деген сенім еді. Осылаи� ои�лаи�тын зерттеушілер сандық 
дәстүрдің негізгі ұи�ғарымдарын қабылдауға әзір, бірақ сапалық дәстүр дерек-
тері зерттеуді нақтылауға көмектесетінін де мои�ындаи�ды. Мұндаи� сапалық 
бояудың артықшылықтары бары анық. Ол артықшылықтар түсінікті тереңдету 
және
мықты нарративті құрастыру үшін керек, бірақ сапалық дерек әдетте бұл 
әдіске етене жақын саналмаи�ды. 
Ең көп кездесетін мысалды келтіреи�ін. Жабық сұрақтардан құралған сауал-
нама арқылы тереңірек зерттеу жүргізуге мүмкіндік алу үшін бірнеше ашық 
сұрағы бар сауалнама құрап шығуыңыз керек. Мысалы, іріктеме жиынтықтан 
иә/жоқ, келісемін/келіспеи�мін деген сияқты жауаптардың қаи�сысын таңдаи�-
тынын сұраи�сыз, Лаи�керт шкаласының элементтерімен және шкала жасаи�тын 
сауалнамаға тартасыз. Респонденттерден жауабын тереңірек түсіндіріп жазуын 
сұраи�сыз. Тереңдікті талап ету орынды болғанымен, сапалық деректерді жинау-
ға бел буған сандық парадигмаға адалдығын сақтағандар кезігетін қиындық – 
сапалық деректерде істеи� алатын/істеуі міндетті жұмысты атқаруына мүмкіндік 
беру мәселесі. Сапалық сауалнамалық деректер көп жағдаи�да: 1) сандық тұрғыда 
бағаланады; 2) ескерусіз қалады. 
Сапалық деректерді сандық зерттеуде қосымша ретінде қолданған жағдаи�да 
сапалық жұмысты тиімді атқаруға сапалық ои�/әдіс мүмкіндік беретінін есте 
сақтаңыз.
Сандық деректерді қабылдайтын сапалық тәсіл 
Таңдана қои�массыз, бірақ сандарды қолданудан тартынбаи�тын сапалық зерт-
теушілер де бар. «Санға қарағанда сапаға басымдық беру керек деген сенім 
арқылы сандармен жұмыс істеу – сапаны мои�ындамау ғои�» деуге де болмаи�ды. 
Сапалық зерттеушілердің көбі уақыт өте санның ықпалын мои�ындап келеді. 
Сапалық дәстүрдің ұи�ғарымдары маңызды орын иеленетінін, басымдыққа ие 
бола алатынын мои�ындауына баи�ланысты бұл ұстаным қазір жұмсарып келеді.
Сонымен, өзгеріс қалаи� баи�қалады? Шағын қауымдастықты зерттеуге ба-
ғытталған этнографиялық зерттеуді мысалға алаи�ық. Шіркеудің мүшесі болу 
қандаи� екенін білу мақсатында жергілікті шіркеу қауымдастығын зерттеп 
жүрсіз. Шіркеуге барып жүргеніңізге біраз уақыт өткен, жақын маңнан арна-
и�ы пәтер жалдап, бір аи�лық ақысын төлеп тастадыңыз делік. Тәжірибе жинаи� 
жүріп, қауымдастықта шолу жүргізу арқылы этнографиялық зерттеуіңізді 
толықтырмақсыз. 


209
Әдіснамаларды түсіну: Аралас тәсілдер 
Тағы бір мысал келтіреи�ік. Бірқатар терең сұхбат жүргіздіңіз және санақ/
статистикалық талдау деректерін сан ретінде кодтауға шешім қабылдадыңыз; 
мысалы, шіркеу қауымдастығын 50 сұхбат арқылы зерттеи�тін болып шештіңіз. 
Тақырыптарды қарастырған соң, 50 респонденттің берген жауабынан зерттеуі-
ңізді визуалды түрде көрсететін дөңгелек диаграмма мен гистограмма жасаған 
дұрыс.
Кеи�с-стадиді осыған деи�ін белгілі деректермен толықтыруыңыз мүмкін. 
Мысалы, шіркеу қауымдастығымен тығыз араласасыз, сұхбат аласыз және 
бақылаи�сыз. Сонымен қатар соңғы он жылда шіркеуге келушілердің және 
оның мүшелерінің санына қатысты шіркеу жүргізіп келген деректерді де 
қараи�сыз.
Сапалық құрылыммен жүргізілген терең зерттеу арқылы зерттеу сұрағы-
ңызға ең тиімді жауап табатыныңызды аи�тқымыз келеді. Бірақ зерттеуге азда-
ған сандарды қосу орынды екенін, ол зерттеуге тың ақпарат үстеи�тінін ұмыт-
паңыз. Құрастырылған сауалнама түрінде болса да, сандық бағалау дәстүрлі 
ұғымда сапалық дерек ретінде саналатыны немесе осыған деи�ін бар деректі 
зерделеу сандық мәліметтерді зерттеуге жаңа леп әкелетіні, тіпті жұмысыңыз-
ды әлдеқаи�да тартымды етуге үлес қосатыны жаи�лы ои�ланыңыз. Алдыңғы 
тарауда аи�тқан кеңесіміз есте болсын. Сапалық зерттеуге жақын зерттеуде 
сандық деректерді қосымша ретінде қолданғанда сандық деректердің тиімді-
лігіне мүмкіндік беретін сандық ои�лаумен/әдістермен аи�налысу қажет.
Кезеңдік тәсіл
Аралас әдісті зерттеудегі аса қызық тәжірибе – ол белгілі әдістің тиімділі-
гін арттыру мақсатында өзге бір әдісті қолдану. Мысалы, жобаның бас кезінде 
сауалнаманы құрастыруға көмек ретінде негізгі ақпарат берушілерден сұхбат 
алуыңыз мүмкін; жұмысшыларға арналған сауалнаманы құрастырғанда жұмыс 
бабына баи�ланысты стресс тудыратын басты мәселелерді анықтап алу мақса-
тында кен өндіру компаниясының қожаи�ынынан, жұмысшылардың денсау-
лығына жауапты бас маманнан және қауіпсіздікке жауапты маманнан сұхбат 
аласыз. Бұл кеи�де құралды дизаи�ндау моделі деп аталады. Бұл жағдаи�да талдау-
дың соңғы нәтижесі сандық болады, бірақ осы нәтижелерді алуға қолданылған 
сандық құрал сапалық әдістерге тәуелді.
Екінші жағынан, нәтижелерін тереңдету үшін сауалнама жүргізіп болған соң 
ғана негізгі ақпарат берушіден сұхбат алуыңызға болады. Мысалы, қызмет-
керлер арасында стресс туралы сауалнама жүргізесіз, нәтижелерді талдаи�сыз 
және талдаудан туындаған негізгі мәселелерді бірлесе талқылаи�тын фокус-топ 
жинаи�сыз. Мұны кеи� жағдаи�ларда түсіндіру моделі деп атаи�ды. Екінші кезеңдегі 
сапалық дерек бұл жерде сандық нәтижелерге толығырақ және көлемдірек 
түсіндірме береді. Әрине, мұндаи� процесс жаңа және күтпеген нәтижелердің 


210
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
шығуына себеп болуы мүмкін. Сауалнама нәтижелерінің жарамдылығы мен кең 
ауқымды қамтуы өз алдына, сапалық тәсілден туындаған жаңа нәтижелерді 
қалаи� интеграциялаи�тыныңызды шешу қиын, бірақ өте паи�далы.
Триангуляциялық тәсіл
Триангуляциялық тәсілді қолдануда қандаи� да болсын дереккөзді әртүр-
лі басқа дереккөздермен салыстыру және тексеру арқылы дәлелдеуді мақсат 
етеміз. Сауалнама, сұхбат немесе құжаттарды талдаудан алынған деректерге 
ғана сүи�еніп қои�маи�, триангуляция дизаи�нын қолданып жүргізілген зерттеу 
сенімділік пен жарамдылықты арттырып, дерек жинау жолдарына сүи�енеді. 
Триангуляция тәсілі аясында сандық және сапалық деректерді қатар жи-
нақтау мақсат емес. Деректерді жинақтау кезеңдік те емес; бір процесс екінші 
процеске тәуелді де болмаи�ды. Яғни деректерді жинақтау процесі бір-бірінен 
тәуелсіз. Деректер ортақ белгілер мен өзгешеліктерді талқылау арқылы паи�-
да болып отыратын интеграциялар көмегімен жеке-жеке зерттеледі. Әртүрлі 
көздерден алынған әртүрлі деректер әртүрлі нәтиже көрсетіп, триангуляция 
жүзеге аспаи� қалған жағдаи�да мәселе туындаи�ды. Бұл жағдаи�да зерттеушілер 
әдіснамалық дизаи�н мен ықтимал нәтижелердің сенім тудыру мәселесін де 
рефлексивті тұрғыда қарастыруы керек.
Сұраққа негізделген тәсіл 
Бұл – жоғарыда талқыланған теориялық ұстанымның тікелеи� жүзеге асы-
рылуы. Сұраққа негізделген тәсіл сұрақты парадигмадан жоғары қояды және 
сандық дәстүрге де, сапалық дәстүрге де басымдық бермеи�ді. «Зерттеу сұра-
ғына жауап беруге қажет сенім тудыратын деректі қандаи� стратегия арқылы 
табамыз?» деген сұрақ қояды; парадигмаға қарамастан, міндеттерге қол жеткізу 
үшін кез келген стратегиялар жиынын қолданады.
Зерттеу сұрағы біз атап өткен сандық, сапалық немесе кезеңдік тәсілдің кез 
келгенінен құралуы немесе терең түсіну мен кеңірек көріністі мақсат ететін 
зерттеуден де тұруы мүмкін. Мысалы, жергілікті жердегі жоғары сынып оқушы-
ларының әлімжеттікті қалаи� бастан кешетінін (феноменологиялық зерттеуге 
ыңғаи�ланып жасалған) және мұндаи� жағдаи�лардың қаншалықты жиі ұшы-
расатынын (сауалнама түрінде жүргізетін зерттеуге ыңғаи�ланып жасалған) 
зерттеи�тін жоба. 
Тағы бір ықтимал зерттеу – әртүрлі тәсілді талап ететін, респонденттердің 
мақсатты екі тобын зерттеу; мысалы, қызметкерлерді жалпы зерттеуге тырыс-
қан, жұмыс орнындағы мәдениетті зерделеи�тін зерттеу (сауалнама түрінде жүргі-
зетін зерттеуге ыңғаи�ланып жасалған); жоғары сатыдағы басқаруды зерделеи�тін 
зерттеу (негізгі ақпарат берушілерден сұхбат алу тәсіліне ыңғаи�ланып жасалған).
Жұмысымда аралас тәсілдің әдісін кең қолданамын. Әдетте ұи�ымдастыру 


211
Әдіснамаларды түсіну: Аралас тәсілдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет